сақталмай отыр. Тіпті Исламның мамыражай бейбіт күнінде әйел
құқығын таптауға қайта орала бастағандаймыз. Алайда хақиқи
Ислам әйелге табиғи жаратылысына сай жеңілдіктермен шариғат
міндеттерін жүктеді, отбасы есігін ашты, күйеуінің үйіне
жауапты етті, еркектен отбасылық көркем мінез-құлық талап
еткеніндей, одан да отбасында әдепті болуды талап етті. Отбасын
құру, бейбіт қоғам қалыптастыру мәселелерінде, бала тәрбиесінде
әйелге ер кісімен бірдей жауапкершілік жүктеді.
Ислам әйелге заң алдында теңдік берді. Ол қоғамда әйел
болғандығы үшін кемсітілмейді, құқығына қол сұғылмайды және
зұлымдыққа ұшырамайды.
Әйел үйде отырып-ақ күйеуі мен балаларына ақыл-кеңес
береді. Қазақтың «қабырғаңмен кеңес» дегені осыған саяды.
«Әрбір ұлы еркектің артында әйел тұрады...» деп сондықтан
айтылса керек. Мұның айқын дәлелі – «Худайбия» келіссөзінде
мүміндердің анасы Умму Сәләманың (Аллаһ оған разы болсын)
Пайғамбарымызға (с.а.с.) ақыл-кеңес беруі еді. Оқиға
төмендегіше
өрбіген
болатын.
Мүшріктермен
түзілген
келіссөздің кейбір шарттарын мұсылмандар өздерінің құқығын
таптау деп ойлаған-ды. Ең бастысы, олар умраға ниет етіп,
ихрамға кіріп отыр. Келісімшарт бойынша олар сол жылы умра
жасамаулары керек болатын. Сондай-ақ мұсылмандарға ауыр
тиген шарттардың бірі кімде-кім Меккеден қашып шығып,
Мәдинаға келсе, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны мүшріктерге
қайтарып беруге тиіс болғаны еді. Дәл осы келісімшарт аяқталған
кезде меккелік мұсылмандардың бірі Әбу Жәндәл (Аллаһ оған
разы болсын) кәпірлерден қашып, Худайбияға келеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны мүшріктерге қайтарып береді.
Мұның соңы сахабаларды Мәдинаға қайту үшін құрбан
шалып, шаш алдыруға бұйырған Пайғамбардың (с.а.с.) әміріне
жауап қатпауға апарып соқтырады.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелі Умму Сәләманың алдына
қапаланып, қабағы түсіңкі кіреді. Мән-жайды сұрап білген Умму
|