Демек, әйел құқықтарының бірі – оған күйеуінің жақсы
қарым-қатынас жасауы. Ер адамның жеке басының жақсы болуы
жеткіліксіз. Сонымен қатар оның өз әйеліне де қарым-қатынасы
түзу болуы тиіс.
Аллаһ тағала: «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер бір-біріне
қамқоршы. Олар жақсылыққа шақырып, жамандықтан
қайтарады, намаз оқиды, зекет береді және Аллаһ пен Оның
елшісіне бағынады»
1
, – деген.
Бұл аяттан ұғарымыз – Аллаһ тағала иман келтіруде, сенімде,
ғибадатта, ислами көзқарасты қалыптастыруда әйелге ер адаммен
бірдей міндет жүктеді, еркектермен қатар әйелдерге де қатысты
шариғат үкімдері бекітілді және жомарт, кеңпейіл Аллаһ тағала
әйелден түрлі игілікті аямады. Оған жақсылықтың – ғибадаттың
есіктерін айқара ашты, ардақтап, құрмет үстіне құрмет көрсетті.
Әйелге аңсаған, сағымға айнала бастаған арманы – еркіндік пен
отбасылық құқықты сыйлады, келісімшарттың кез келген түрін
түзе алатын болды (сатады, сатып алады, меншігіне алады, иелік
етеді т.с.с.).
Ислам әйелге өз басына өзі жауап беретін жеке тұлға ретінде
қарады. Мейлі қыз, мейлі әйел болсын, ол тек өзінің
разылығымен ғана тұрмысқа шығады, күштеп күйеуге
берілмейді. Бірақ, өкінішке қарай, дәл қазіргі уақытта
қоғамымызда қыз алып қашу, бақай есеппен тұрмысқа беру
сияқты жаңа жәһилияттың белең алуының куәсі болып жүрміз.
Ашып айтуымыз керек, мұндай әрекеттердің Исламға еш қатысы
жоқ! Бұл – адамдардың үлкен қателігі. Бұл – олардың әйелдерге
қатысты әділетсіздіктері. Бәлкім, мұны баз біреулер «Ислам
елдерінде осындай, әйелде ерік жоқ, Ислам қалауы осылай» деп
бөсуі мүмкін. Ал біздің айтарымыз: «Жоқ, олай емес!!!»
Керісінше, Ислам әйелге ғажап та ұлы дәрежелер берді. Амал
нешік, Аллаһ тағала әйелге берген сол игіліктер мен нығметтер
1
«Тәубе» сүресі, 71-аят.
|