Шын мәнінде мұсылман әйелдері Аллаһтың тарту еткен
дәрежелерімен, Исламның оған үстін-үстін сый еткен
нығметтерімен батыстық азғырулардан әлдеқайда үстем тұрады.
Ғылым сән-салтанатты қажетсінбейді, ал өркениет болса
жоғары мінез-құлықты талап етпей-ақ дами береді.
Мықты үмбет – өз идеясын, өз пайым-парасатын, өз мүддесін
қалыптастыра алған үмбет. Үмбет біреудің түсінігімен немесе
біреудің сөзімен құрылмайды. Үмбет үшін әйелдің орны ерекше.
Осы
түсінік
қазіргі
дәуір
әйелдерінің
арасында
қалыптастырылуда, таратылуда және сонымен қатар жойылуда.
Әйел болсын, ер болсын кез келген мұсылман біздің
назарымыздан тыс қалмауы керек. Пайдалана алмай, қолдана
алмай жатқан осы күш-құдіреттерді қарқынды түрде іске қосуға
тиіспіз. Бір ғұлама: «Қоғам бір аяқпен секірсе, қалай дамысын?!
Үмбет жалғыз еркектермен кемелденбейді. Тұлғалы үмбет екі
аяқтап секіреді, яғни еркек және әйелмен», – деген екен.
Ислам Батыстың шетке қаққан ұлы негізін нақтылау үшін
жіберілген. Әйел баласы тек тәннен тұрмайды, олардың ең басты
құндылығы – рухын шетқақпайлауға болмайды. Бүгінгі Батыста
әйелдің қоғамдағы орны қандай? Әрине, ғылым мен техникасы
шарықтап тұрған Батыста ғалым, саясаткер әйелдердің бар екені
бәрімізге белгілі, бірақ олардың арасындағы ең танымалдары
кімдер? Олар – ақша үшін сәні былай тұрсын, тәнін сататын
фотомодельдер, бай-манаптың қалтасы ғана көтеретін топ-
модельерлер, айтқан әнімен, ойнаған рөлімен дүйім жұртты
өздеріне тәнті қылатын әншілер, әртістер. Ал Ислам әйелді
мұндай өткінші, арзан, уақытша ғана жасайтын нәрселермен
емес, ерекше басымдылық арқылы көтермелейді. Мысалы:
көркем мінез-құлық, дағуат, фиқһ мәселелері, ой-пікір, поэзия,
пайдалы білім, ғибадат... және бұлар тіршіліктің барлық саласын
қамтиды. Бұлардың әрбіреуі ерекше үлгі және онда ұлы даналық
бар. Ислам түгелдей үмбетті түзету, бүкіл адамзат қоғамын
жоғары көтеру, қалыптастыру үшін ең әуелі әйелді осындай
|