Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет8/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   200
Asyl-analar

 
 
әйелдің негізгі, басты міндеті. Бірақ сонымен қатар әйел де ер 
адам сияқты қоғамның дамуы үшін үлес қосады емес пе?! 
Әйелде үлкен қабілет, көп күш-құдірет бар. Ол үшін 
ғалымның, байдың, патшаның қызы болу шарт емес. Барлық 
қоғамдық-әлеуметтік деңгейдегі әйелдің өз мүмкіндіктеріне 
қарай тіршілік істеріне, қоғамдық мәселелерге атсалысуға 
қабілеті жеткілікті. Өкінішке қарай, кейінгі үмбеттің мүлдем 
көңіл аудармауы себепті ұзақ уақыт бойы әйелдер ғылым 
үйренуден мақрұм қалды, сол себепті де күні бүгінге дейін 
көптеген мұсылман елінде әйелдер өздерінің заңды құқықтарына 
қол жеткізе алмай келеді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) заманында, 
Исламның дәуірлеп тұрған алғашқы кезеңдерінде көркем мінез-
құлық пен дін-шариғат қағидаларын ұстанған әйелдер шынайы 
бостандыққа қол жеткізе білген. Адамгершіліктің осындай 
тұнығы лайланбаған, таза, мөлдір қағидалары – қоғам үшін аттап 
кете алмайтын ұлы қасиеттер. Дегенмен бүгінгі мұсылман 
әйелдердің Батыс киімдеріне, батыстық сән мен ұғым-
түсініктерге, батыстық арзан құндылықтарға қатты еліктеуі бізді 
назаландырады. Неге бұлай? 
Ислам мұсылман әйелге басқа өркениеттер бермеген ұлылық 
пен жақсылық берген, Батыс сығаламаған құндылық есіктерін 
ашқан. Тіпті қазір де әйелдерді аздыру жолында Батыс елдері 
қолшоқпар ретінде ақпарат құралдарын барынша пайдаланып 
отыр. Көптеген мұсылман еліне батыстық оқыту және тәрбие 
істеріне қатысты бағдарламалар келді. Бұл бағдарламаларды 
жүзеге асыруда үстемдікке жол беріліп, онда Исламның әйелге 
берген 
нығметтері 
көмескіленіп, 
қоғамдағы 
орнының 
маңыздылығы ескерусіз қалды. Нәтижесінде, осындай бейәдеп 
бағдарламалар 
мен 
ақпарат 
құралдары 
әйелдеріміздің 
азғындалуына ықпал жасауда және мұндай «атсалысулар» әйелді 
өмірдің қалтарысында қалып қоюға душар етуде. Міне, осының 
кесірінен әйелдер дінге қатысы жоқ, Батыстың арзан 
құндылықтарына еліктеуші адам ретінде бағаланатын болды. 


13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет