Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет82/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   200
Asyl-analar

 
 
«Маған ренжіме, Омар! Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған Хафса 
жайлы айтқан, мен тек оның құпиясын жария еткім келмеді. 
Егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) алмағанда, мен, сөзсіз, қызыңа 
үйленер едім», – дейді. 
Омар өзінен жасырылған құпияның мән-жайын біліп, Әбу 
Бәкірдің өзінің ұсынысына неге жауап қатпағанын, қызына 
үйленуіне тосқауыл болған себепті түсінеді де, оның бұл 
адамгершілігін жоғары бағалап, арадағы достықтары бұрынғыдан 
да нығая түседі. 
Осылайша күндер өтіп жатады. Мәдина қаласы Аллаһ елшісі 
(с.а.с.) мен Омардың қызы Хафсаның және Осман мен 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қызы Умму Кулсумнің үйлену 
тойларының куәсі болады. Аллаһ оларға разы болсын! Бұл һижра 
жыл санауымен 3-жылы еді. 
Хафса Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйінің босағасынан аттап, 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің қатарынан орын алып
мүмін-мұсылмандардың анасы атанады. Жоғарыда айтылғандай, 
Хафса өте қызғаншақ еді. Осының кесірінен кейде араздық туып 
жататын. Әкесі бұл жайтты біліп: «Сен Айшаның алдында кімсің, 
сенің әкең оның әкесінің жанында кім?» – дейтін. 
Бірде Омар әйелінен Хафсаның Пайғамбарымызбен (с.а.с.) 
сөзге келіп қалғанын, сондай-ақ оны ашуландырып алғанын 
естиді. Ол дереу қызының үйіне барып, естіген нәрсесінің 
растығының мән-жайын сұрағанда, Хафса шын екенін айтады. 
Оған Омар қатты ескертіп, нығыздап: «Қызым, біліп қой! 
Аллаһтың жазасы мен Оның елшісінің ашуы жайлы ескертіп 
айтамын, Пайғамбарымызды (с.а.с.) өзі сүйгенінен сен 
қызғанбай-ақ қой. Аллаһпен ант етейін! Маған Пайғамбардың 
(с.а.с.) сені жақсы көрмейтіндігі белгілі, егер мен болмасам, ол 
әлдеқашан сенімен ажырасып кетер еді», – депті. 
Хафса бәрін түсініп, қателігін мойындайды, бұл әрекеті өзін 
пұшайман қылып, жүрегін жаралайды. 


105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет