Омар қызы Аллаһ елшісін (с.а.с.) қайтадан ашуландырып
алады ма екен деп қорқып, оның үйіне әр бас сұққан сайын мұны
оған ескертіп жүреді. Бірде Омар қызының үйіне кіргенде, оның
жылап отырғанын көреді. Хафса тағы бірдеңені бүлдіріп қойды
ма деп шошыған ол:
«Шамасы, Аллаһтың елшісі сені екінші рет талақ етті-ау.
Бірінші рет талақ еткенде, сені мен үшін қайтарып алған еді, ал
екінші рет талақ етсе, ешқашан қайтарып алмайды», – дейді
1
.
Бірақ Хафса күйеуін енді ешқашан ренжітпеуге, Аллаһ
елшісінің (с.а.с.) үлгілі жары болуға өз-өзіне сөз береді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден өткеннен кейін, Хафса өз
үйінде оңаша тұрмыс құрып, қалған ғұмырын Аллаһқа мінәжат
етумен өткізеді.
Хафса әділетті халифалар Әбу Бәкір Сыддықтың, әкесі
Омардың, Осман ибн Аффанның (Аллаһ оларға разы болсын)
кезіндегі жайттардың куәсі болған.
Оның жарқын бейнесі «Хафсаның Құран кітабы» (Мусхаф
Хафса) деген айдарда айқын көрініс табады. Мұның төркіні,
халифа Осман ибн Аффанның тұсында Құран Кәрім бір қырағат
астына біріктіріледі.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде Құранды түсінулері жеңіл
болуы үшін ірі-ірі тайпаларға өз диалектілерінде оқып-
үйренулеріне рұқсат берілген-ді. Османның уақытында Ислам
территориясының аумағы кеңіп, араб тілін және оның
диалектикалық айырмашылықтарын түсінбейтін жатжерлік
мұсылмандардың көбеюі себепті Құран қырағаттары төңірегінде
талас-тартыс
туындай
бастайды.
Көкейтесті
мәселені
ушықтырмай алдын алу үшін халифа Осман Зуннурайн Аллаһтың
кітабын бір қырағат астында, түпнұсқасын құрайыш тілінде қайта
жинақтауға шешім қабылдайды. Бұл үшін Әбу Бәкір жинақтаған
алғашқы нұсқаны негіз етіп алады. Ол кезде бұл нұсқа Хафсаның
1
Ибн Хиббан, Сахих: 1325.
108
Достарыңызбен бөлісу: |