бірі Әбу Жәндәл (Аллаһ оған разы болсын) кәпірлерден қашып,
Худайбияға келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны мүшріктерге
қайтарады.
Осының салдары Мәдинаға қайту үшін құрбан шалып, шаш
алдыруға бұйырған Пайғамбардың (с.а.с.) әміріне сахабалардың
жауап қатпауына апарып соғады.
Бұған қапаланған Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелі Умму
Сәләманың алдына қабағы түсіңкі кіреді. Мән-жайды сұрап
білген Умму Сәләма бұл істі жеңілге санап, Пайғамбарымызға
(с.а.с.) өзі бастап сахабалардың алдында құрбан шалып, шашын
алдыруға кеңес береді. Оның кеңесімен Пайғамбар (с.а.с.) солай
істегеннен соң ғана сахабалар келіссөздің қайтарылмас шешімге
айналғанына көздері жетіп, жапа-тармағай құрбан шалып, шаш
алдырып, ихрамнан шығуға кіріседі.
Кейіннен Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен олардың маған
бойсұнбағандықтары үшін құрып кетулерінен қорықтым»
1
, –
деп айтып жүретін. Осы қауіптің алдын алған парасатты анамыз
Умму Сәләма болатын.
Сондай-ақ ол көптеген уақиғаның орын алуына із қалдырған.
Бірде Умму Сәләма Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Мен Құранда
әйелдер жайлы аят кездестірмедім», – дейді.
Умму Сәләма анамыз арнайы әйелдерге қаратыла айтылған
аяттың түсуін қалаған еді. Жауап ретінде Аллаһ тағаладан:
«Мұсылмандар мен мұсылман әйелдер, мүміндер мен
мүмін әйелдер, бойсұнушылар мен бойсұнушы әйелдер,
шыншылдар мен шыншыл әйелдер, сабырлылар мен
сабырлы әйелдер, бағынушылар мен бағынушы әйелдер,
садақа берушілер мен садақа беруші әйелдер, ораза
тұтушылар мен ораза тұтушы әйелдер, ар-намысын
сақтаушылар мен (ар-намысын) сақтаушы әйелдер, Аллаһты
1
Әл-Бұхари, Шурут: 15.
119
Достарыңызбен бөлісу: |