Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет95/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   200
Asyl-analar

 
 
көп зікір етуші ерлер мен әйелдер, Аллаһ оларға кешірім мен 
ұлы сауап әзірледі»
1
, – деген аят түскен. 
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін ол қалған өмірін өз 
үйінде Аллаһқа құлшылық етумен өткізеді. 
Умму Сәләма һижра жыл санауымен 59-жылы дүниеден өтеді. 
Жаназасын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасы Әбу Һурайра 
(Аллаһ оған разы болсын) шығарады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
әйелдерінің соңғысы болып дүниеден өткен Умму Сәләма да 
Бақиғ қорымына жерленген.
Ол Пайғамбарымыздан (с.а.с.) төрт жүзге жуық хадис 
жеткізген. Оның көпшілігі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жеке 
басына, жүріс-тұрысына, киім-киісіне тағы сол сияқтыларға 
қатысты хадистер болатын. 
Мүміндердің анасы – Умму Сәләмаға Аллаһ разы болсын! 
1
«Ахзаб» сүресі, 35-аят. 


120
 
 
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ЖУӘЙРИЯ ХАРИСҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Мен қауымына Жуәйриядан көбірек берекелі (пайда әкелген) 
әйелді білмеймін»
Жуәйрия (Аллаһ оған разы болсын):
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) келместен үш күн бұрын мен түс көрдім, 
түсімде Ясрибтен жылжыған Ай қойныма келіп кірген екен 
деймін. Мен көрген түсім жайлы Аллаһ елшісі (с.а.с.) келгенше 
ешкімге тіс жарғым келмеді. Ал тұтқынға түсіп қалғанымызда, 
осы түстің орындалуын тіледім. Түсім орындалып, Аллаһ елшісі 
(с.а.с.) мені тұтқыннан босатып, маған үйленді», – деген. 
Жуәйрия сабырлы, діншіл, сұлулығымен танылған, мәртебелі 
тектен шыққан мусталиқ руының әйелі еді. Оның өз есімі Бәрра, 
әкесі мусталиқ руының көсемі – Харис ибн Әбу Дирар. Мусталиқ 
хузаға аталатын үлкен тайпадан тарайды. 
Анасының есімі тарих қалтарысында қалып ұмыт болған. Ол 
жайлы бірде-бір кітапта дерек берілмеген. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Бәрраға үйленгеннен кейін, оның атын 
Жуәйрия деп өзгертеді, бұл есім Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
ұнайтын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған Ясриб қаласының есімі 
Мәдина атауына ауыстырылған жылы һижра жыл санауымен 5-
жылы үйленеді. Бұл жыл тарихта ірі уақиғалармен белгілі. 
Мысалға айтсақ: 
Құрайыштардың басқа да араб тайпаларымен, Надр халқымен, 
Ғатафан, Хабаш елдерімен одақтасып қол біріктіріп, бірнеше мың 
әскермен Мәдина мұсылмандарына шабуыл жасауы.
Бұл соғыста мұсылмандар жауға төтеп беру үшін бір жағадан 
бас, бір жеңнен қол шығарып қорғанады. Олар Мәдина 
атырабынан терең әрі үлкен ор қазады. Қарақұрым қалың жау 
әскері лажсыздан бұл бөгеттен қалай өтуді білмей, ордың алдына 
келіп тұрып қалады. 


121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет