Симптомдық бедеулік. Малдың жыныстық органдарының ауруы салдарынан қысыр қалуын симптомдық бедеулікке жатқызады. Тек қана жыныстық органдар, емес басқа да, айталық жүрек тамыр жүйесі, ас қорыту органдарының, желін ауруларынан да, тіпті, жұқпалы аурулардан да (аусыл ауруынан кейін) мал қысыр қалуы мүмкін.
Жыныстық: органдардың ауруын қабыну үрдісі ретінде (вуль-вит, вестибулит, вагинит, цервицит, эндометрит, сальпингит, оофарит) немесе сол органдардың, қызметінің бұзылуы ретінде қездестіреміз (аналық ұрық безінің гипофункциясы, атрофиясы мен склерозы, күлдіреуігі, тұрып қалған сары денесі).
Жыныстық органдардағы патологиялық үрдістср спермийлердің еркін қозғалуына, аналық ұрық торшасымен кездесіп ұрықтану үрдісінің өтуіне, зиготаның пайда болуына кедергі келтіреді.
Жыныстык, органдарда жиналған патологиялық эксудаттар спермийлер үшін өте жағымсыз орта болғандықтан, спермийлер эксудатпен араласқанда тез арада қырылып, өліп қалады. Кейбір жағдайда зигота пайда болғанымен, ол жатыр ішіне түскен соң әрі қарай өсіп дами алмайды. Ал ұрық безінің аурулары кезінде, эстрогендік гормондар түзілмегендіктен мал күйлемейді; күйлеген малда овуляция болмауы мүмкін. Сөйтіп мал бедеулікке ұшырайды да, қысыр қалады. Симптомдық бедеулік барлық бедеу сиырлардың 30-50 пайызын құрайды.
Бақылау сұрақтары:
Не себептен бедеулік болады?
Бедеулікті қалай жіктейді?
Туа біткен бедеулік түрлері?
Кәріліктен болған бедеулік белгісі?
Климаттық бедеулік туындауына не себеп?
Эксплуатациялық бедеулік дегеніміз не?
Алиментарлық бедеулік дегеніміз не?
Қолдан жасалған бедеулік қалай пайда болады?
2.2. Бедеуліктің, қысыр қалудың эканомикалық зияны
Бедеулікпен қысыр қалудан келетін эканомикалық зиян
Малдың өз төлінен өсіп- өнуінің көрсеткіштері
Мал шаруашылығын қарқындатудың бірден –бір дұрыс жолы –малды өз төлінен өсіру болып табылады. Бірақ оған жыл сайынғы жүздеген мың аналық бас малдың қалуы үлкен зиянды әсерін тигізіп отыр .
Малдың қысыр қалуы шаруашылыққа орасан зор экономикалық зиян келтіреді, ол негізінен алынуға тиісті төл басының кемуі мен сүттің 30-35 пайыз төмендеп кетуінен құралады ,одан басқа қысыр малды емдеуге , бағып –күтуіне , жемшөпке кеткен шығын қосылады. Аса құнды,сүтті сиырларды емдеуге келмейтін гинекологиялық аурулардың кесірінен мезгілінен бұрын жарамсыздыққа шығарып , етке өткізуге мәжбүр боламыз . Осының бәрін есептесек , гинекологиялық аурулардың , бедеулік пен малдың қысыр қалуының тигізетін экономикалық зиянды барлық жұқпалы , жұқпайтын аурулардан келетін шығынды қосып есептегендегінен асып түседі.
Ұрғашы малдың бедеулігін , қысыр қалуын , оның себептерін зерттейтін , онымен күресу жолдарын қарастыратын ғылым саласын малдәрігерлік гинекология деп атайды .
Еркек малдың бедеулігін , белсіздігін , оның себептерін зерттейтін , онымен күресу жолдарын қарастыратын ғылым саласын малдәрігерлік андрология деп атайды.
Малдың қысыр қалуы мен пәрменді күресу үшін әрбір маман малдың қысыр қалуы және малдың бедеулігі деген ұғымды дұрыс түсіну керек .
Малдың бедеулігі дегеніміз төл беру қабілетінің әр түрлі себептерген байланысты уақытша немесе біржола бұзылуы болып табылады.Әрбір құнажын физиологиялық жетілу мерзімінен бір ай өткен соң әр бір сиыр бұзаулағаннан кейін бір ай өткен соң ұрықтанбаса оны бедеу мал деп есептейді.
Бедеулік ауру емес ол аурудың немесе басқа бір құбылыстың ұйымдасу жұмысындағы кемшіліктердің белгісі . Бедеулік биологиялық ұғым. Бедеулік кез-келген күні малды тексеріп қарап жіберіп анықтай беруге болады .Әрбір сиыр 330-345 күн сайын төл беріп отырса ол бедеу емес .
Ал қысыр қалу деген бедеуліктің салдары оны тек жылдың аяғында ғана бұзаулаған сиырдың , алынған төлдің санына қарап анықтайды.
Қысыр қалу экономикалық ұғым ол-%-бен сипатталады, яғни бір жылдың ішінде төл бермеген мал қысыр қалған болып табылады .Дегенмен, жоспарда белгіленген төл алынған болса , онда қысыр қалған мал жоқ сияқты болады .
Мысалы : 100 сиырдан 80 бұзау алынса , 20% мал басы қысыр қалды дейміз , ал 100 сиырдан 105 бұзау алынса жоспар артығымен орындалып қысыр қалған мал жоқ дейміз .Шын мәнінде 55 сиырдан 55 бұзау , 5 сиыр егіз туып , 10 бұзау ,ал 20 сиыр екі реттен бұзаулап ,40 бұзау берген болса, барлығы 80 сиырдан 105 бұзау алынған .Сөйтіп қысыр қалған 20 сиыр төл алу жоспарларының артығымен орындалуына байланысты көрінбей қалады .
Малдың қысыр қалуы мен бедеулігімен күресу науқанды жүретін жұмыс емес, ол күнделікті жүргізілетін , әрбір малмен жеке-жеке, жыл бойы тоқтаусыз жүргізілетін тынышсыз жұмыс.
Бұл жұмыстың негізгі түйіні күнделікті есепте: қанша аналық бас төл беретін мал бар , жасы қаншада өнімділігі қандай , соңғы рет қанша төлдеді , қанша күйледі, неше рет ұрықтандырды , неге тоқтамайды , қашан суалдырылды деген сұрақтың бәріне тиянақты жауап болғанда ғана малды өз төлінен өсіру жұмысын қарқындатуға болады .
Достарыңызбен бөлісу: |