Атырау облысы білім беру басқармасы



бет30/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
акушер умк

1. Димастинмен тексеру. Димастиннің 5-10% судағы ерітіндісін дайындап алады. Сиырдың әр емшегінен жеке-жеке арнайы ыдысқа, 1 мл секрет сауып алып, оған сондай көлемде димастин ерітіндісін қосып араластырады, егер сиыр ауру болса сүттің түсі ал қызыл түске боялып ұйынды пайда болады. Сүт таза болса түсі сарғылт тартады, ұйынды болмайды.
2. Бромтимолмен тексеру. Бромтимолдың 0,5 %-дық спирт ерітіндісін дайындап алады (50 мл дистиллденген су + 50 мл спирт + 0,5 г бротимол). Арнайы ыдысқа әр емшегінен жеке-жеке 1 мл сүт сауып алып, оған 3-4 тамшы реактив қосып араластырады, егер сиыр ауру болса сүттің түсі қою жасыл-көкке боялады. Сүт таза болса тек сарғыш тартып қана қояды.
3. Сүтті тұндыру. Кәдімгі бактериологиялық пробиркаға 10-15 мм сүт сауып алып, қай емшегінен алынғанын белгілеп, тоңазытқышқа (+4° +6°) келесі күнге дейін салып қояды. Сиыр ауру болса пробирканың түбіне тұнба түседі, бетінде қаймағы өте аз (0,1-0,2 см) болады. Сүт таза болса пробирканың түбінде тұнба болмайды, қаймағының қалыңдығы 0,5 - 1 см болады.
4. Уайтсайд әдісімен тексеру. Пробиркаға 5 мл сүт сауып алып оған 2 мл натрий сілтісінің 4 %-дық ерітіндісін құйып араластырады, егер сиыр ауру болса алғашқы 20-30 секундтың ішінде-ақ сүт ұйып, қойыртпаққа айналады. Ол сүттің құрамы лейкоциттердің көбейіп кеткендігін көрсетеді.
5. Бактериологиялық әдіспен тексеру. Залалсызданған пробиркаға әр емшегінен жеке-жеке сүт сауып алып, бұрыннан белгілі микробиологиялық әдістермен тексереді. Онда сүттің 1 мл-нде микробтардың жалпы санын және олардың тегін (стафилоккок, стрептококк, саңыраукұлақтар немесе ішек таяқшаларын іздейді. Микробтардың әртүрлі антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.

Бақылау сұрақтары:



  1. Сүт бездерін қандай әдістермен зерттейді?

  2. Клиникалық зерттеулерге неге негізделеді?

  3. Организмді жалпы зерттеу дегеніміз не?

  4. Зертханалық әдістер неге негізделеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет