Атырау облысы білім беру басқармасы


Малдың өз төлінен өсіп-өнуінің көрсеткіштері



бет36/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
акушер умк

Малдың өз төлінен өсіп-өнуінің көрсеткіштері:
1. 100 аналық басқа есептегенде алынған төл саны .Сиырлар үшін 90-100 бұзау жақсы көрсеткіш.
2. Ұрықтану индексі, яғни күйлеген малды тоқтағанға дейінгі ұрықтандыру саны. Сиырлар үшін ұрықтандыру индексі 1,5-2,0 болса, жақсы көрсеткіш деп есептелінеді
3. Бұзауланған сиырларды алғаш ұрықтандырғаннан тоқтап кеткендері . Сиырлар үшін 61-70% болса, жақсы көрсеткіш деп есептеледі .
4.Сервис –кезең ұзақтығы. Сиырлар үшін бұзауланған күннен қайтадан буаз болғанға дейінгі кезең 45-60 күн болса жақсы көрсеткіш деп есептеледі .Ғалымдардың есептеуінше , сервис кезең 90 күн болғанның өзінде бір жылда 100 бас ұрғашы малға шаққанда 18 бұзау , 42 тонна сүт ала алмай қалады екен .
5.Табынның гинекологиялық статусы.Сиырлар үшін табынның 70-80% кез-келген күні тексергенде буаз болып тұрса жақсы көрсеткіш деп есептеледі .
Бақылау сұрақтары:

  1. Мал дәрігерлік гинекология нені оқытады?

  2. Мал дәрігерлік андрология нені оқытады?

  3. Қысыр қалу дегеніміз не?

  4. Бедеулік дегеніміз не?

  5. Малдың өз төлінен өсіп – өнуінің көрсеткіштері қандай?



2.3. № 4 ЗТС


Сабақтың тақырыбы: Малдарға акушерлік – гинекологиялық диспансерлеу жүргізу
Сабақтың мақсаты: Малдарға акушерлік – гинекологиялық диспансерлеуді жүргізіп үйрену.


Акушерлік-гинекологиялық диспансерлеу. Диспансерлік тексеру дегеніміз мал организміндегі патологиялық, үрдістің алғашқы барталған кезеңінен бастап-ақ (асқынып кеткен қағдайлары да) дер кезінде тауып алып емдеуге, аурудың алдын алуға арналған, барлық сүт фермаларында мімдетгі түрде, жүйелі түрде жүргізілетін мал дәрігерлік шаралардың жиынтығы.
Диспансерлік жұмыс үш сатыдан тұрады:
1) Малдың тұрған жерін, бағып-күтімін, азықтандыруын зерттеу. Әрбір малды жеке клиникалық тексеруден, жемшөптің сапасын, құнарлығын агрохимиялық тексеруден өткізіп, мал организміндегі зат алмасу кұбылыстарының деңгейін, сипатын анықтайды.
2) Зат алмасу үрдістерінде патологиялық өзгерістері бар, бірақ әзірше клиңикалық асқынуға, бара қоймаған малды бір топқа жинап, оларға жалпылама, алдын алу шараларын жүргізеді де, аурудың нақтылы клиникалық белгілері бар малды бөлектеп, әрқайсысын жеке, емдейді.
3) Малдың қанын, жемшөптің сапасын биохимиялық, агрохимиялық тексеру нәтежиесіне сүйене отырып, жалпы алдын алу шараларын жүргізеді.
Диспансерлеу жұмысын маусымды жұмыстар (күзде және көктемде) және күнделікті істелінетін жұмыстар деп қарасақ, оны мынандай бөліктерден құрастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет