Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


,2,3 Сүрлем сапасын органолептикалық бағалау



Pdf көрінісі
бет51/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79
Зоогигиена каз китап

5,2,3 Сүрлем сапасын органолептикалық бағалау 
Сапалы сүрлемнің түсі сарғыш - жасыл немесе ашық - қоңыр
түсті. Салқын тәсілмен даярланған жеткілікті дымқыл сүрлемнің түсі
жасылдау болады. Ыстық сүрлегенде азық қоңыр түске ие болады.
Бүлінген сүрлемге күңгірт - қоңыр түс тән.
Сапалы сүрлемнің иісі жағымды, сәл қышқыл, хош иісті
суланған алманың иісін, нәрсудың (компот), квастың, тұздалған қияр
иісін еске түсіреді. Сірке қышқылы көп жиналғанда иісі өткір,
қышқыл. Жағымсыз көң иісі май қышқылының жоғары мөлшерін
білдіреді. Сонымен қатар оны егер сүрлем сынамасын саусақ арасында
ұнтақтаса, (жағымсыз иіс ұзақ сақталады) сезуге болады. Сүрлемде
май қышқылының анықталуын төмен сапаның көрсеткіші деп
қарайды. Зең саңырауқұлақтары борсыған иісті береді. Мұндай
сүрлеммен малды азықтандыруға болмайды.
81


Сапалы сүрлемнің консистенциясы мен құрылымы бастапқы
шикізаттағы сияқты сақталуы керек. Сүрлем шырышты, мыжылған
болмауы керек. Жапырақтары, сабағы серпімді, бір бірінен жеңіл
бөлінеді. Жапырақтардың, сабақтардың шамадан тыс жұмсаруы,
оларда шырышты, езілген қабаттың болуы – ашу үрдістерінің дұрыс
өтпеуінің белгісі.
 5.4.4 Сүрлемді зертханалық талдау
Шіруге сынау. Сүрлемнің шіруін онда аммиактың болуы
көрсетеді. Бос аммиакты анықтау үшін кең шыны түтікке бір бөлік тұз
қышқылдың (үлес салмағы 1,19), үш бөлік 96
0
спирт және бір бөлік
эфирден тұратын 1-2 мл реактив құяды. Бұл реактивті көп рет
қолдануға болады. Шыны түтікті төменгі жағы иілген сым жүргізілген
тығынмен жабады. Бұл соңына кішкентай кесек сүрлем азығын
бекітеді де шыны түтікке құйылған реактив бетінен 2 см ара
қашықтықта болатындай етіп түсіреді. Бос аммиак болса, кесек
жанында хлорлы аммонийдың шағын бұлты немесе одан ақшыл тұман
түзіледі.
Сүрлемнің ластануын анықтау.
 Егер сүрлем мал
экскременттерімен ластануға даярлау кезінде, дәл осылай сүрлем
құрылысында да душар болса, онда бос аммиактан басқа хлоридтер
және күкірт қышқылының тұздары табылады. Хлоридтерді анықтау
үшін 10 мл фильтратты (даярлауды төменнен қараңыз) бірнеше
тамшы азоттық қышқылымен қышқылдандырып, азотқышқылды
күміс ерітіндісінің 10 тамшысын қосады. Хлоридтердің болуын ақ
ірімшікті тұнба көрінуінен біледі. Күкірт қышқылының тұздары
мөлшеріне зерттеу кезінде 10 мл фильтратты 5 тамшы 1:3
сұйылтылған тұз қышқылымен қышқылдандырып, 10 тамшы 10%
хлорлы барий ерітіндісін қосады. Ақ лайдың пайда болуы
сульфаттардың болуын көрсетеді.
Фильтрат даярлау: 100 г ұсақтап туралған сүрлемді өлшемді
литрлік колбаға орналастырады, 3/4 көлемге дистиллденген су қосып,
мұқият шайқайды, белгіге дейін суды үстеп құяды. Колбаны 4 сағатқа
20-25
0
температурада қалдырады да, оқтын-оқтын сілкіп отырады.
Жалпы қышқылдықты анықтау. 100 мл фильтратты
(даярлануын жоғарыдан қараңыз) колбаға орналастырады да оған 5
тамшы 1%- фенолфталеиннің спирттік ерітіндісін қосады. 1 н
күйдіргіш натрий немесе калий ерітіндісімен титрлейді. Сүрлемнің
қышқылдығын градуспен көрсетеді, градус деп 100 г сүрленген
азықтың су экстрактісін бейтараптауға қолданылған 1 мл сілтінің
қалыпты ертіндісін есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет