Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7



бет20/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Қазақ күресі

Айқын басымдықпен жеңу. Егер күресТің барысында палуанның бірі қарсыласынан төрт жамбас ұпайына бірінші жетсе, айқас тоқтатылады да, ол палуан айқын басымдықпен жеңіске жетті деп есептеледі. Балл бойынша жеңу. Егер белдесуге берілген уақыт ішінде таза жеңіске ешкім жетпеген болса (ешкімнің жауырыны кілемге тимесе), төрешілер жеңімпазды айқас кезінде бір палуанның екіншісінен артықшылығын көрсеткен балмен есептелген күрес сапасына қарай анықтайды. Бұл артықшылық бәсеке кезінде қолданылған әдістердің негізінде анықталады. Бас төрешінің орынбасары күрестің барысында палуандардың қолданған әдістеріне қарай алған балл бойынша бағасын және ескертулерін белгілеп отырады. Бұл айқас бойындағьі балдарын қосқанда әрқайсысынікі көп болса (ескерту үшін алған баллдары да ескеріледі), жеңіс соған беріледі.
Аздаған басымдылықпен балл бойынша жеңу. Аздаған басым-дықпен жеңіс мынадай жағдайда:
техникалық балдарының саны бірдей болғанда белдеседі 2 минут ішінде де тең болса палуандарды төрешілер таразға тартып салмағы жеңіл палуан ға жеңіс беріледі.
Тыйым салынған әдістер. Қазақ күресінен өтетін жарыстарда палуандардың бір-бірімен сөйлесуіне, қарсыласын лақтырып басымен түсіруге, қылғындырып ұстауға, демалуына кедергі келтіретіндей етіп қарсыласының мұрны мен аузын жабуға, тырнауға, тістеуге, ұруға, саусақтарынан ұстауға, қолын қайыруға, қолын артына қайыруға, қарсыласының аяғынан ұстауға, басын, қолын, аяғын қарсыласының бетіне тіреуге, қарсыласының аяғын басуға, басын қолымен қысуға немесе басын кілемге басуға, бәтеңкесінің табанын қырымен әдейі қарсыласының аяғын (тобықтан қағатындай болып) ұруға, киімнің белбеуінен төменгі жағынан ұстауға, кілемге баспен құлауға тыйым салынады.
Әдісті дұрыс қолданбаған жағдайда бұрын қолы жеткен артықшылықтары жоққа шығарылады.
Егер төреші палуанның бірінің тыйым-салынған әдісті қолданғанын байқамаса, онда екінші палуан дауыстап белгі бере алады. Сол белгі бойынша арбитр айқасты тоқтатып, жағдайды анықтап, кінәлі палуанға ескерту жасауы тиіс.
Жалған белгі беру тыйым салынған әрекет болып табылады да ол үшін палуан тыйым салынған әрекет істегендегідей етіп жазаланады.
Егер палуан тыйым салынған әдісті қолданамын деп өзі қолайсыз жағдайда қалса, онда айқас жалғастырыла береді.
Тыйым салынған әдіс қолданғаны үшін палуанға ескерту жасалады.
Ескерту: тыйым салынған әдісті қолданғаны, кілем шетінен әдейі асырып лақтырғаны, күресті дөрекі жүргізгені, кілемге екі минуттан астам кешігіп шыққаны, кілемнен әдейі шығып кеткені және қарсыласын кілемнен итеріп шығарғаны үшін палуанға ескерту жасалады.
Палуандардың біріне жасалған әрбір ескерту үшін оның қарсыласына бір ұтыс балы есептеледі. Егер палуанның екеуіне де ескерту жасалатын болса, онда олардың әрқайсысына бір-бірден ұтыс балы жазылады.
Айқас бойына бір палуанға екіден артық ескерту жасалмауы тиіс. Күрес ережесі одан әрі бұзылатын болса, айқас тоқтатылады да кінәлі (кінәлілер) жеңіледі деп есептеледі.
Айқаста белсенділік көрсетпеген палуанға әуелі жай айтылады да одан әрі де солай күрессе, ескерту жасалады.
Егер жанындағы төреші немесе кілемді басқарушы кілемдегі төрешінің пікірін қолдайтын болса ғана палуанға бірінші және екінші ескерту жасалады.
Үшінші ескерту үш төрешінің пікірі бір жерден шыққанда, ал финалдық жарыстарда бес төрешінің (үш төреші және жюридің екі мүшесі) пікірі қосылғанда жасалады.
Палуанды айқастан аластау жөнінде шешім қабылдағанда бас төреші міндетті түрде қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет