4.3. Жарыс орнының жабдықтарына қойылатын талаптар.
Қазақ күресінен жарыс арнайы кілемде өткізіледі. Халықаралық жарыстардың ережесі бойынша кілемнің күресу аймағының 9x9 м (7x7 м). Кілемнің толық өлшемі 12x12 м (немесе14х14 м). Кілемді төсегенде, әрбір бөлшегінің бір-біріне тығыз орналасуына назар аудару керек. Кілемнің күресу аймағын толық тығыз етіп болғасын, сыртқы қауіпсіз аймағының төсенішін тақап, нығыздап төсеген жөн. Кейде кілемнің асты тас бетон болып келеді. Ондайда резина тәріздес заттарды астына төсеген дұрыс. Себебі қатысушыларды қатты соққыдан қорғайды. кілемді төсеп болысымен басқа жабдықтарға: кілем жетекшілерінің және бүйірдегі төрешілердің орындығы, таблоны және т.б. дайындау, кілем жетекшісінен басқа ол жерде хатшы және уақыт бақылаушылар (секундометрист) отырады.
Уақыт бақылаушыларының қолында уақытты тоқтатып, жалғастырып отырады. Бүйірдегі төрешілерге арналған кілемнің бұрышында арнайы бір орындық қойылады. кілемнің бір бүйірінде балуандардың жинаған ұпай есебін көрсететін табло орналасады.
Таблоның қандай түрі болмасын балуандардың қызыл және көк белгісіне байланысты, екіге бөліп күрес нәтижесін көрсетіп тұрады. Механикалық таблода екі төреші, әр қайсысы «қызыл» немесе, «көк» балуанның белдесу нәтижесінің есебін түсіреді. Ал электронды табломен бір төреші жұмыс жасайды. Кілемнің бір бүйіріне дәрігерлерге арнайы орындықтар қойылады. Егер жарыс бірнеше кілемде өтсе, кілем жетекшісінің қасынан басқа бос төрешілер ұжымына және құрметті қонақтарға да орын белгіленеді.
4.4. Балуанның спорттық киіміне қойылатын талаптар.
Жарысқа қатысушылар қазақ күресінің арнайы киімін киюі керек. Ол киім курткы, шорти және белбеуден тұрады. Киім арнайы төзімді, ақ матадан тігіледі. Жарысқа синтетика немесе нейлон тәрізді матадан тігілген курткамен шығуға рұқсат етілмейді.
Куртка едәуір ұзын және жамбастың жартысына жетуі тиіс
(белбеуді байлап болғасын). Ал курткының жеңі шынтақтан төмен болмауы керек (қолды төмен түсіріп ұстағанда). Куртканы жалаңаш денеге киюі керек.
Шортидің ұзындығы тізе тұсында болуы тиіс, емін-еркін қимылдауға кедергісіз болғаны жөн. Белбеу балуанның беліне
жалпақ күйінде байланады және курткының еркін босап кетуінен
сақтайды. Белбеуді байлап болғасын оның бос тұрған шетінің
ұзындығы жобамен 15-20 см болуы керек. Қазақ күресшілері курткыларының сол жақ кеуделеріне күнбезбен қыран бейнеленген. Үлкен, күрделі жарыстарда әрбір қатысушының арқасына өздерінің берілген
номерлерін тігіп алуға рұқсат етіледі.
Кілемге шақырылған әрбір балуанның белінде қызыл немесе көк белбеуі болады. Негізінде кілемге бірінші шақырылған балуанның белінде қызыл белбеу, ал оның қарсыласы – көк белбеу тағады. Кілемге шығатын спортшыларға алқа, сақина, сағат, сырға тәрізді металл заттармен шығуына рұқсат етілмейді. Қол мен аяғының тырнағы қысқа қырқылуы тиіс. Себебі, мұның бәрі қарсыласына қауіп әкеледі.
Егер спортшы кілемге шығар алдында қолындағы неке сақинасын шеше алмаса, оған жеңіліс жариялайды. Саусағын, тобығын, немесе денесінің кез-келген бөлімін әластикалық марлымен байлауына болады. Аяғын соққыдан қорғауы үшін шалбарының ішінен тізе сақтандырғыш, эластикалық шұлық киюіне болады. Кілемге шықпас бұрын төреші д спортшының киімдерінің тазалығын, белбеуінің байлануын тексеруі тиіс. Егер спортшы киімдерін немесе басқа да ережеге сай келмейтін дайындықпен кілемге шықса, төреші кідіртіп дайындалып шығуын талап етеді.
Белдесу кезінде спортшылардың киімдері ашылып-шашылса төреші тоқтатып бастапқы орнына жібереді және тез арада киімдерін реттеуін талап етеді. Киімін реттеп болысымен төреші балуандарды ортаға қайта шақырады. Киімі желкесінен сыпырылып бара жатса да қайта киіп, жалғастыруына болады. Егер күресу кезінде балуандардың бірінің курткысы немесе шортиы жыртылса, күрес бірден тоқтатылады және жарамсыз киімді тез арада алмастырады. Куртканы алмастыру кілемнің үстінде өтеді, жыртылған шортиды киім шешінетін бөлмеде, бүйірдегі төрешінің бақылауымен барып алмастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |