Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7



бет17/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Қазақ күресі

ІV- ТАРАУ. Қазақ күресінен жарыстар өткізу және жарысқа даярлау.


4.1 Қазақ күресінен жарыстар өткізу.


Жарыстың сипаты, Қандай міндеттер қойылғанына қарай жарысты мынадай түрлерге бөледі. Оқу топтарының, секциялардың, қалалардағы дене шынықтыру ұжымының, облыстардың, республиканың біріншілігі. Бұл жарыстарда оқу-жаттығу жұмыстарының қорытындысы шығарылып, ең күшті палуандар мен командалар анықталады.
Спорттың бірнеше түрін қосып, сөйтіп компексті біріншілік болып табылатын республика спартакиадасы және спорттың ұлттық түрінен өтетін спартакиадалар жарыстардың бір түріне жатады. Газет редакцияларының жүлдесі, республиканың атақты адамдардың атындағы жүлде үшін де жарыстар өткізіледі.
Іріктеу жарыстары күшті палуандардың арасынан таңдап алып, құрама командаларды толықтыру үшін, ал бақылау жарыстары даярлықтың соңғы кезеңінде палуандардың алдағы кездесулерге әзірлігі қандай екендігін анықтау үшін өткізіледі. Күрес өнерін көрсету жарыстары спорттық шеберлігінің артуына және қазақ күресін насихаттауға көмектеседі. Классификациялық жарыстар спорттық разряд нормаларын орындап, палуандардың шеберлігін арттыру мақсатында өткізіледі.
Есепке алу (сынақ) сипатына қарай қазақ күресі жеке, командалық және жеке командалық болып бөлінеді.
Жеке жарыстарда әр салмақ дәрежесі бойынша әрбір палуанның алған орны, командалық жарыстарда жарысқа қатысқан командалардың алған орны анықталады. Жеке командалық жарыстарда әрбір жарысқа қатысушының да, тұтас команданың да алған орны белгілі болады.
Бір салмақ дәрежесінде жарысқа қатынасатын палуан саны екіден асатын болса, жарысты өткізу әдісін анықтап алу қажет. Қазақ күресінен жарыс айналым (круговая) және жарыстан шығып қалу жүйесі бойынша өткізіледі. Айналым жүйесінде жарысқа қатысушы әрбір палуан (команда) басқа қатысушы барлық палуандармен (командалармен) кездеседі. Бұл жүйе жарысқа түскен палуандардың күшін барынша дәл анықтауға мүмкіндік бергенімен уақытты өте көп алады. Сондықтан ол жарысқа қатынасушылар (командалар) саны аз болғанда ғане қол-данылады. Жарыстан шығып қалу жүйесінде палуан (команда) ережеде көрсетілген айып ұпай санын, яғни 2 рет жеңілгеннен жарыстан шығып қалады.
Жарыстан шығып қалу жүйесі бойынша жарыс өткізу үшін палуандарды (немесе командаларды) жұптаудың белгілі бір тәртібін пайдаланады. Әр палуанның салмағын өлшеп болысымен жеребе тартқызу арқылы рет санын анықтайды.
Бірінші айналымның жұптарын мынадай тәртіппен құрады: мысалы, бірінші екіншісімен, үшінші төртіншісімен, бесінші алтыншымен күреседі. Жарысқа қатысушылар саны тақ болған жағдайда бірінші айналымдағы соңғы нөмірлі палуан бос қолады. Екінші айналымда бірінші нөмірлі палуан өзіне ең жақын нөмірі үлкен өзі әлі күреспеген палуанмен белдеседі, мысалы, бірінші үшіншімен, екінші төртіншімен, бесінші жетіншімен, т.с.с. Алғашқы/ айналымда жарысқа қатынасушы-лар (команда) саны дақ болып, палуан (команда) бос қалса, ол спортшы (команда) келесі айналымда жұп жасағанда бірінші орынға шығары-лады. Бұл жағдайда бірінші тұрған палуан жеребе бойынша екінші орын, екінші үшінші орын, т.с.с. орын алады.
Мұнымен қатар қазақша күрестен ересектер арасында абсолютті яғни түйе палуан біріншілігі ұйымдастырылады, оған 74 кг салмақ дәрежесінен жоғары салмақтағы палуандар қатынасады.
Жасына қарай қазақша күрес бойынша жарысқа қатынасушылар мынадай топқа бөлінеді: жеткіншектер (12—13 жас), жасөспірімдер (14—17 жас), жастар (18—19 жас), ересектер (20 жас және одан да жоғары). Жастарға ересектер арасындағы жарыстарға қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Салмағына қарай жарысқа қатынасушылар салмақ дәрежесіне бөлінеді.
Жарысты дайындау және ұйымдастыру. Жарыстың табысты өтуі көп жағдайда әбден ойластырылып жүргізілген мұқият дайындыққа байланысты. Барлық дайындық жұмыстарын бірнеше кезеңге бөлген дұрыс.
Бірінші кезеңге жарыстың мерзімі мен өткізілетін орнын анықтау, ережелер мен шығындар сметасын жасап бекіту, жарысты өткізуге жауапты адамдарды бөлу немесе ұйымдастыру комитетін бекіту, бас төреші мен бас секретарьды бекіту жатады. Дайындықтың бұл кезеңінде жарыс ережелері жасалады, онда мыналар көрсетілуі тиіс: жарыстың аты, оның мақсаты мен міндеттері, уақыты мен өткізілетін орны, жарысты өткізуге басшылық (оны ұйымдастырып өткізетін кім), қатынасушы ұйымдар мен қатынасушылар, заявка беру мерзімі (алдын ала және қатынасушылардын аты-жөні көрсетілетін заявкалар), жарыс-ты өткізудің шарттары және жеңімпаздарды анықтау, жеңімпаздарды наградтау.
Жарыс жөніндегі ережелерге қойылатын негізгі талаптар: дәлдік, анықтық, нақтылық және негізгі пункттерінің екі түсінік беретіндей болмауы. Жарыс ережесі қолданылып жүрген ережелер негізінде жасалады. Ол ұйымдастыру ғана емес, сондай-ақ методикалық документ болып табылады да, жарысқа қатысу кезеңіндегі оқу-жаттығу жұмыстарының бағытын анықтап береді. Жарысты өткізетін ұйым бекіткеннен кейін жарысқа қатысушылар мен төрешілер коллегиясы ережені орындауға міндетті.
Жарыс жөніндегі ережемен қоса шығындар сметасы да жасалады. Соның негізінде жарысты өткізетін ұйымдар ақша және материал бөледі. Сметаны жасаған кезде жарыстың аты, өткізілетін мерзімі және уақыты, төрешілер саны, жарысқа қатынасушылар саны (оның ішінде басқа қалалардан келетіндер), олардың тамағына, орналастыруға, жолына, т. б. кететін шығындар көрсетіледі. Сондай-ақ үйді жалға алуға, жарыс өтетін орынды көркемдеуге кететін шығындар мен транспорт шығындары, сондай-ақ қызмет көрсететін адамдарға (жұмысшыларға, дәрігерлерге, мединициналық сестраларға) төленетін еңбек ақы да көзделуі тиіс.
Қазақ күресінен жарыс өткізгенде (Қазақстан Республикасының біріншілігі т. с. с.) 5—7 адамнан ұйымдастыру комитеті құрылады. Оның жұмыс жоспарына жарысқа дайындықты барынша күшейтіп, оны жақсы өткізуге бағытталған шаралар (жарыс орнын таңдап алып, дайындау, құралдарды, жабдықтарды дайындау, көркемдеу құралдарын, документацияны әзірлеу, жарысқа қатынасу-шыларды орналастыру, оларды жақсылап тамақтандыру, транспорт құралдарымен қамтамасыз ету, жекелеген командаларды қамқорлыққа алу, т. б.) кіреді. Ұйымдастыру комитеті өзінің жұмысына қоғамдық активті кеңінен тартып отырады.
Жарысқа дайындықтың екінші кезеңіне мыналар кіреді: жарыс өткізетін орынды таңдап алып, жабдықтау, жарыстың программасы мен графигін жасау, секретариат пен төрешілер коллегиясын толықтыру, жарыс жөнінде алдын-ала хабарлар беру.
Жарыс өткізетін орынды таңдап алып, жабдықтағанда оның ереже талаптарына сай келуін ескеру қажет. Бұған қоса жарысқа қатынасушылар мен көрермендерге аса қолайлы болуын да қадағалаған жөн.
Жарыс еткізілетін залдың іші санитарлық-гигиеналық талаптарға (жарық, желдеткіш, т. с. с.) сай келуі және оның ішінде киім ілгіштер, төрешілер, демалу бөлмелері болуы, көрермендерге орын жеткілікті болуы тиіс.
Қазақша күрестен жарыс өткізген жағдайда айқас өткізілетін кілем төрт бұрышты немесе дөңгелек, беті тегіс, ішіне толтырылғаны тұтас әрі жеткілікті тығыз, мөлшері 12Х12-ден кем және 14Х14-тен артық, қалыңдығы 10 сантиметрден кем болмауы қажет. Қалыңдығы 5 сантиметрден кем емес синтетикалық материалдан жасалған кілемді де пайдалануға болады. Кілемді айнала ені бір метрден кем түспейтін маттар төселуі тиіс. Кілем төселетін орынның жан-жағы кілемнен кемінде 2,5 метр кең болуы керек.
Жарысты тақтайдың үстінде өткізген жағдайда оның биіктігі 100 сантиметрден аспауы тиіс. Тақтайдың жан-жағы фанера мен жабылып шегеленіп тасталады (фанера тақтайдың сыртына қарай 45° көлбеу етіп қойылады). Кілемнің және жабдықтардың жарысқа жарайтын-жарамай-тындығын бас төреші, дәрігер және жарысты өткізу тапсырылған ұйымның өкілі анықтайды. Кілемнің жарайтындығы жөнінде арнаулы қабылдау актісінде көрсетіліп жазылады. Қазақ күресіне арналған күртеше ақ түсті көк және қызыл жолағы бар мақта матадан тігіледі. Сондай-ақ, терешінің көрсететін және жария ететін тақталарды, жарнамаларды, ұрандарды, фотовитриналарды, дипломдарды, жетондарды, ауыспалы сыйлықтарды күні бұрын әзірлеп қоюдың маңызы зор.
Ыстық тағам, шай және басқа да сусындар сататын асханалар бас төрешімен келісілген тәртіп бойынша спортшылардың салмағын өлшеген мезгілден бастап жарыстың аяғына дейін міндетті түрде істеуі тиіс. Жарыс көбейтетін аппараттармен, кілемді жөндеу керек болып қалатын жағдайларға әзірленген жұмысшылармен қамтамасыз етілуі керек.
Қазақ күресінен өткізілетін жарыстың ерекшелігі ережеде мұнда жарыстан бір күн бұрын палуандардың салмағын өлшеп қою көзделген. Бұл жағдай жарысты ұйымдастыру ісіне ерекше талап қояды, өйткені жеребе тарту нәтижесіне қарай палуандардың кілемге шығатын уақыты шамамен белгілі болады.
Терешілер коллегиясын сайлағанда қазақ күресінің Қазақ күресі федерациясы бекіткен ережелерінде көрсетілген жайлар есепке алынады.
Жарысқа қатынасушылар жиналып келген күні төрешілер коллегиясының командаларының өкілдерімен бірлескен мәжілісі болады. Оны жарысты өткізетін ұйымның өкілі мен бас төреші басқарып жүргізеді. Осы мәжілісте жарыс жөніндегі жағдай (оның мақсаты, міндеті, өткізу жүйесі, жеңімпазды анықтау тәртібі, жарысқа қатынасушылардың саны, жарыстың бағдарламасы, спортшыларды өлшеу уақыты, жарыстың басталатын уақыты, жарыстың ашылуы және оған қатынасушылардың, өкілдердің тәртібі, т. 6.) түсіндіріледі.
Жарысқа қатынасушыларды ұйымдастыру комитетінің мүшелері қарсы алып, орналастырады, ал оларды жарысқа мандат комиссиясы жібереді, ол комиссия әр спортшының атынан берілген сұраныстарын(заявканы), анкетасын және ережеде көрсетілген басқа да құжаттарды тексеріп отырады.
Бұдан соң жұмыс тікелей жарысты өткізуге саяды. Жарыстың бағдарламасы мен графигін жасағанда спортшылар мен төрешілердің күн сайын жарысқа үзілісін қосқанда 6—8 сағаттан артық қатыса ал-майтындығын ескеру қажет.
Жарыс бағдарламасын шамамен мынадай жоспар бойынша жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет