4.6. Жарыс түрлері.
Бұл жарысты ұйымдастырушылардың қай –қайысына болмасын зор жауапкерешілік жүктейді. Өйткені жарыс көңілдегідей өткізілсе, палуан үшін де, оны ұйымдастырушыларға да зор мәртебе. Ал көңілдегідей өткізу үшін үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізгені жөн. Жарыс барысындағы әрбір детальға зор ынтамен қарап, кемшіліктерге жол бермеуге алдын –ала дайындық жүргізілуі тиіс. Сондықтан да, дайындық жұмыстарына мынау үлкен, мынау майда –шүйде деп қарамаған жөн. Енді сол жарысты қалай ұйымдастыру керек? Мысалыға жарыс белгілі адамдардың атынан ұйымдастырады. Жарыс кезінде сол адамның өзі, ағайын туыстары қатысып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен бірге жарыс көңілдегідей өту үшін оған ең алдымен көпшілік жанашыр қауым, содан соң жергілікті үйымдар бас көз болғаны жөн.
Жарыстың қызықты, тартымды өтуі, жақсы ұйымдастырылуы –спортты насихаттаудың ең тиімді, жақсы жолы. Әсіресе, жарыстың өткізілетін орнына көңіл аудару керек. Яғни, оны жасыл желек жамылған әсем табиғаттың аясында, стадиондарда, спорт залдарында өткізуге болады. Қай жерде өткізілсе де, онда көпшілік көңіл аударатын көрнекті құралдарды пайдаланған абзал. Көз тартатын плакаттар, мағынасын ашатын қабырға газеттері, дәстүрлі жарыстардың бұрынғы жеңімпаздарының суреттерін немесе тізімдерін іліп қойса, оның артықтығы болмайды. Жарыс болатын күнге дейін, мүмкүн бір ай бұрын ба жұртшылық көп жүретін көрнекті жерлерге хабарландырулар беріп тастаса тіптен тамаша. Өйткені бұл көпшілікті осы жарысқа тартудың жақсы бір жолы. Қазқша күрестен өтетін жарыстардың түрлеріне оны өткізу тәртібіне көңіл аударайық.
І. Шеберлік шыңдау жарыстары, ашық кілем белдесулер. Бұл жарыстарды жаттықтырушылар жас палуандардың дайындық деңгейін анықтау, разряд көрсеткіштерін орындау, шеберлік шыңдау және жарыстағы қазақша күрес секциясына көптеп тарту мақсатында өткізеді.
ІІ. Тіркеу жарыстары. Тіркеу жарыстары физкультура колективтерінің, ауыл –село, аудан, облыс және республика құрама командаларын құру үшін ең күшті деген палуандар арасында өткізіледі.
ІІІ. Байқау жарыстары. Байқау жарыстары да спорттық шеберліктің артуы мен қазақша күресті насихаттауға жақсы жағдай туғызады, сонымен қатар жарыста әрбір жаттықтырушы өз шәкірттерінің шеберлігін қанша атқарғандығын қаншама қаблеттілігі бар екенін білдіреді.
ІҮ. Жолдастық кездесулер. Бұл –колхоздар, совхоздар,спорт қоғамдары, аудандар, қалалар, облыстар, жоғарғы оқу орындары және республикадағы әртүрлі жаттықтырушылардың арасындағы жолдастық кездесулер. Мұндағы палуандардың тәжирбие алмасуы, спортшылардың арасындағы достық қарым – қатынастарын нығайтуға, споршылардың техникалық шеберлігін арттыруға септігін тигізеді.
Жарыс сипатына қарай жекелей, жекелей командалық және командалық болып бөлінеді. Жекелей жарыстарда әр салмақ дәрежелері бойынша палуанның кол жеткен жемістері, табыстары айқындалады.
Жекелей - командалық жарыстарда әрбір спортшының кол жеткен жемістер, табыстары есептелінеді, ал одан кейін соның негізінде команданың алған орны анықталады.
Жарыстар түр сипатына қарай былайша бөлінеді.
а\ Ведмство аралық жарыс.
Ведмствоаралық әр түрлі спорт қоғамдарының жұмыстың жай –жапсарын тексеру үшін өткізіледі. Мұндай ведмствоаралық жарыс республикамызда 1981 жылы жазда Жезқазған қаласында тұңғыш рет өткізілді.
Бұл жарыстарда 1960-1988 жылдар аралығындағы туған он уездік жас палуандар ғана қатыса алады. Үш күнге созылған жарыстың қортындысында «Қайрат» ерікті спорт қоғамы бірнеше орынды иеленсе, қалған жүлделі екі орынды «Еңбек» ерікті спорт қоғамы мен «Буревестник» студенттер қоғамы бөлісті.
б\ Аймақтық жарыс.
Олар совхоздарда, колхоздарда, қалаларда, аудандарда, облыстарда, республикада палуандардың өсуін бақлау мақсатында өткізіледі. Осы жарыстарда қай облыстарда қазақша күрестін жақсы қойылғанын білуге болады. Бұл жарыстарға спортшылар қай ерікті спорт қоғамдары, ведмстволардың қармағында екендігіне қарамастан, тұған жеріне байланысты қатынаса береді.
Енді жарыс жүйесі жайлы бірер сөз. Қазақша күрестен өтетін барлық жарыстар қазақша күрестің ережесі бойынша өтуі керек. Жарыстар айналым айналым жүйесі және жарыстан шығып қалу тәртібі бойынша жүргізіледі. Айналым жүйесі бойынша әрбір спортшы (команда) барлық қарсыластары мен (командалармен) кездеседі. Бұл жүйе жарысқа түскен палуандардың сол сияқты командалардың нешінші орынды икемденгенін айқындап береді.
Жарыстан шығып қалу жүйесінің мәні –палуан (команда) қазақша күрестің белгіленген ережесі бойынша алған айып ұпайлары алтыға, сегізге жеткен соң жарыстан шығып қалады.
Ауыл –селолық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарды ұйымдастыруға сол жердегі спорт қоғамдары жауапты. Көп жылдық тәжірбие көрсеткендей күрес секциясына жаңа қатынасулар 4-5 ай жаттыққан саны ғана, ал разряд бар палуандарды екі жарым ай өткеннен кейін жарысқа қатысқаны жөн. Өйткені оның спорттық техникалық шеберлігі жарыста ғана артады.
Қазақша күрес секциясының әрқайсысының жеке календарлық жарыс жоспары болуы керек. Осы календарлық жарыс жоспарында спортшылардың бірнеше рет ашық кілем жарыстарында, өзінің физкультура колективінің біріншілігінде басқа колектив палуандары мен жолдастық кездесулерге, ауыл, село, аудан, қала, облыс, республика және басқа да ауқымдағы жарыстарға қатынасуы, қамтылуы тиіс. Жарыстар –спорттық тәжірбие алмасудың ең бір жақсы жолы. Онда жаттығу сабақтарында кеткен кемшіліктері, қателері айқын байқалады. Жарыстарды жиі –жиі ұйымдастыру, ұлттық күресіміздің ел арасында кең өріс алуына спорт секциясына қатынасушы талапкерлер қатарының көбейюіне көп әсерін тигізеді. Жарыс физкультура колективтерінің өміріндегі үлкен мереке, сондықтан да оған жауапты қарап, тыңғылықты әзірлену керек.
Жарыс жайлы нұсқаулар ол өткізілісімен екі –үш ай бұрын жасалуға тиіс. Онымен болашақ жарысқа қатынасушылар түгел танысып шығулары керек. Жарысқа әзірлену барысында кілем, төсеніш, жол төсеніштер қатар таразы, қоңырау және қажетті документациялар да алдын –ала дайындалып қойылады. Палуандардың белдесулер өтетін жері әдемі безендірілуге тиіс.
Жарыс басталар алдында оған қатынасушылардың парағын, жарыс туын салтанатпен көтеруді ұйымдастырып, жарыс аяқталған соң жеңімпаздарды (құттықтау) награттауды, туды түсіруді салтанатпен өткізу керек. Жарысты ұйымдастыруды, даярлауды белгілі бір жауапты адамдарға міндеттеген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |