Күрестің басталуы және аяқталуы.
Белдесу басталар алдында палуандар белбеудің түсіне сәйкес қызылмен және көкпен белгіленген диагональ бойынша қарама-қарсы бұрышта тұрады. Кілемдегі төреші белгі бергеннен кейін палуандар кілемнің ортасына шығып қол алысады да, содан соң қайтадан орындарына барады. Кілемдегі төрешілердің командасынан соң палуандар кілемнің ортасына қайта шығып, белдесуді бастайды.
Екі палуанның да белбеуден қалай ұстаймын десе де еркі.
Белдесу аяқталған соң палуандар кілемдегі төрешіе жағына шығып тұрады. Нәтиже хабарлағаннан кейін және жеңімпаздың қолы жоғары көтерілген соң палуандар тағы да қол алысып, кілемнің үстінен кетеді.
Белдесудің аяқталған белгісі кілемдегі төрешің командасы емес, гонг болып табылады. Белдесудің барысы және ұзақтығы. Күрес гонг соғылғанда басталып-аяқталады немесе кілемдегі төрешің командасы бойынша палуандар қандай жағдайда болса да тоқтатылады.
Спорт шеберлері, I, II және III разрядты спортшылар үшін жарыстың ұзақтығы 5 минут. Жаңадан бастап жүрген палуандар мен екі топтағы жастар үшін де жарыс ұзақтығы 4 минут. Осы уақыт бойына күрес екі палуанның бірі жеңілгенше жүреді.
Әр түрлі разряды бар палуандар белдесуінің ұзақтығы жоғары разрядты палуан үшін белгіленген уақытқа сай болуы тиіс.
Күрес кезінде палуандар кілемдегі төреші рұқсатынсыз кілемнен кете алмайды.
Палуанның бірі жарақаттанса немесе киімдерінде олпы-солпылық болса, белдесу тоқтатылады, біраң әрбір палуан үшін бүкіл күрес бойына мұндай тоқтауға 3 минуттан артық уақыт берілмейді. Егер 3 минут өткеннен кейін де палуан жарысты жалғастыра алмайтын болса, ол жеңілді деп есептеледі. Егер бір белдесу болып оны палуанның тек біреуі тоқтата беретін болса, оның барлық тоқтатқан уақыт қосылып есептеледі, ол 3 минуттан артпауы тиіс.
Белдесудің нәтижесі. Күрес екі палуанның бірінің жеңісімен, екіншісінің жеңілуімен немесе екі палуанның да жеңілуімен аяқталуы мүмкін. Ережені бұзғандары үшін екі палуан кілемнен аласталған жағдайда олардың екеуі де таза жеңіліске ұшыраған болады. Палуан-ның күресте таза жеңіске жетуі, айқын басымдықпен жеңуі, ұпай санымен және аз ғана басымдықпен ұпай санымен жеңіп шығуы мүмкін.
Таза жеңіс. Мынадай жағдайларда палуан таза жеңіске жетеді: қарсыласының қос жауырыны кілемге тисе немесе ол арқасымен кілемге аунап түссе.
ережені бұзғаны үшін қарсыласы айқастан шығарылса;
алған жарақатына, т. б. байланысты қарсыласы айқастан бас тартса (дәрігер рұқсат етпесе);
екінші рет шақырғаннан кейін 3 минут ішінде кілемге шықпаса (бұл жағдайда айқас уақыты 00 минут 00 секунд болып есептеледі);
қарсыласы дәрігерлік көмек алуға, киімінің олпы-солпылығын жөндеуге берілетін уақытты (3 минут) артық жұмсаса;
егер жаурыны кілемге тигенде кеудесінің төменгі жағы мен аяқтары кілемнен шығып кеткен болса да палуан жеңілген болып есептеледі;
Ескерту. Қарсыласын кеудеден асырып лақтырған барлық жағдайда да бұл әдісті басын кілемге тигізбей орындау керек. Көпір жасаған барлық жағдайда да таза жеңілді деп есептеу қажет.
Егер екі палуанның да жауырыны бір мезгілде кілемге тисе, таза жеңіс берілмейді. Күресті олар тұрып жалғастырады. Тек төрешілердің көпшілігі келіскенде ғана таза жеңіске жетті деп есептеледі.
Сондай-ақ:
жанындағы төреші мен арбитр, төрешінің кілемдегі айқасты басқарушы;
кілемдегі төрешіе мен кілемдегі күресті басқарушы келіскенде ғана таза жеңіс болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |