Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7


Жарыстан шығару және дисквалификация



бет21/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Қазақ күресі

4.2. Жарыстан шығару және дисквалификация.

Бас төрешінің шешімі бойынша екі рет ескерту жасалып, енді үшінші ескерту жасалу қажет болғанда, тыйым салынған әдісті қайталап қолдануға әрекет жасағанда, палуанның жарыстан шығарылуы мүмкін.


Бас төрешінің шешімі бойынша қарсыласына, жарысқа қатынасу-шыға, төрешілерге, көрермендерге дөрекілік көрсеткенде, қарсыласына қол беруден бас тартқанда немесе қолын бергенде әдепсіздік жасағанда, екінші шақырғаннан кейін үш минут бойы кілемге шықпағандл қарсыласы күресті әрі қарай жалғастыра алмай қалатындай етіп тыйым салынғанда әдісті қолданғанда палуан жарыстан шыға-рылуы мүмкін.
Ескерту: жарыстан шығарылған палуанның нәтижелерін төрешілер коллегиясы жояды, сөйтіп ол жарысты тұтастай алғанда не жеке, не командалық орын алмайды.
Кілемге шықпаған немесе өлшенуге келмеген және бас төре-шінің шешімі бойынша жарыстан шығарылған палуанның көрсеткен нәтижелері оған спорттық разряд беру үшін есептелмейді.
Техникалық әрекеттерді бағалау. Техникалық әрекеттерді бағалауға бас төреші (кілемді басқарушы), жанындағы төреші және кілемдегі төреші қатысады.
Алдын ала өткізілген жарыстарда да финалдық жарыстарда да баға көпшілік дауыс бойынша беріледі.
Бүк етбетінен түсіргенде немесе I отырғызып тастағанда, төрт табандатқанда (қолданылған әдістің нәтижесіндегі қарсыласына ескерту жасағанда беріледі.
Жамбас қарсыласын лақтырып, немесе қарсыласы отырып қалып, қос шынтағын тірей құлағанда беріледі.
Жартылай жеңіс лақтырғанда қарсыласы қырынан түсіргенде ұшып кілемге бір жауырынымен түссе беріледі
Кілемнің шетінде күресу. «Кілемнен шығып кеткен жағдайды» кілемдегі төреші анықтайды.
Егер бір немесе екі палуан да кілемнен шығып кетсе, кілемдегі төреші командасы бойынша олар қайтадан кілемнің ортасына барып, айасты жалғастырады.
Палуан кілемнің шетінде тұрып, қарсыласын кілемнің ортасына қарай емес, шетіне қарай лақтырғанда төреші команда беріп оларды ортаға шақырады.
Егер күрес кезінде әдіске алынған палуан кілемнен шығып кетсе, онда оны әдіске алған шабуылдаушы кілемнен өзі шықпай әдісті орындауды аяқтауына, ал қарсыласы кілемнің үстіне шығып қарсы амал қолдануына болады.
Палуан қолданған әдістің нәтижесінде қарсыласы басымен немесе қолымен кілемнен шығып кетсе ол әдіс бағаланбайды. Кілем үстіндегі төреші «бұл лақтыру есепке алынбасын» деп дауыстап жариялауға міндетті.
Кілемнен шығып кеткен палуанның қарсыласы кілем үстінде тұрса да әдіс қолдануына болмайды.
Белдесудің нәтижесін жариялау. Палуанның жеңісі немесе жарысқа қатысулының жарыстан шығарылатыны туралы бас төреші немесе оның орынбасары жариялайды.
Белдесудің нәтижесін жариялау үшін кілемдегі төреші екі палуанды да кілемнің ортасына шақырады да, жеңімпаздың қолын көтереді.
Нәтиже былай жарияланады:
Спорт коллективі немесе облысы, жеңімпаздың қаласы айтылады да, содан соң минут секунд ішінде фамилиясы) таза жеңіске жетті немесе айқын басымдылықпен жеңді.
Егер таза жеңіс болмаса немесе айқын басымдылықпен жеңбесе: ұпай саны төмен немесе аздаған басымдылықпен жеңімпаздың фами-лиясы, облысы, қалас;ы) жеңіске жетті.
Егер жеңіс өлшенгеннен кейін немесе жеребе тартқан соң берілетін болса, онда төреші нәтижені палуан өлшенгеннен кейін (жеребе тартқан соң) жариялайды: салмағы аздығына қарай (жеребе бойынша) (жеңімпаздың фамилиясы, облысы, қаласы) жеңіске жетті.
Төрешілік хаттамасын толтыру. Төреші хаттамасы белдесудің жекелеген әрекеттерін тіркеп, әдістің бағасын жазатын негізгі документ болып табылады. Сол жазулардың негізінде бас төреші (оның орынбасары) кездесудің нәтижесі жөнінде шешім қабылдайды. Әдістің бағасы төрешілік хаттаманың тиісті уақыт графасына 1; 2; 3 деген цифрлармен көрсетіледі.
Егер палуанның біреуіне ескерту жасалған болса, бас төрешінің орынбасары оның қарсыласына 1 цифрын жазып қоюы тиіс.
Айқас аяқталған соң төрешілік хаттамасының тиісті графасына әр палуанның балының қосындысы жазылады да бағалау кестесінің негізінде айып ұпайлары қойылады. Айқас уақыты арнайы графада көрсетіледі.
Жарыстан шығып қалу әдісі бойынша жарыс өткізу үшін жұп құру тәртібі. Шығып қалу әдісі бойынша өткізілетін жарыстарда барлық спортшылар салмақ категориялары бойынша құрылған топ-тарда күреседі. Әр палуанның рет нөмірі салмағын өлшеп болысымен жеребе тарту арқылы анықталады.
Бірінші айналымның жұптары мынадай тәртіппен 2 топ(А және В ) құрылады: кіші нөмірлі палуан өзіне ең жақын үлкен нөмірлі палуанмен, мысалы,А-тобында: 1-ші 3-шімен, 5-7, 9-11, т. с. с кездеседі. В-тоында 2-ші 4-шімен, 6-8, 10-12, т. с. с кездеседі.
Егер кейінгі айналымдарда бір-бірімен өзара кездескен палуандар қалғандықтан соңғы бір немесе екі жұпты құру мүмкін болмаса, онда соңғы төрт (алты) нөмірлі палуандардан жоғарыда көрсетілген әдіс бойынша екі (үш) жұп ұйымдастырылады.
Барлық жағдайда да палуандарды бір айналымда екі бос спортшы қалмайтындай, бір палуан финалды қосқанда екі рет бос болмайтындай етіп құру қажет. Жарысқа қатынасушылар саны тақ болған жағдайда ең соңғы нөмірі бар спортшы демалады. Бұдан кейін палуандар кезек-кезек үлкен нөмірден кіші нөмірге қарай демалатын болады. Бос спортшылардың мұндай кезегі, басқа палуандарды жұптастырып, бөлуге болмайтын жағдайлардан басқа кезде қатаң сақталуы тиіс.
Айналымдардың бірінде белдесудеи бос қалған палуан содан кейінгі айналымдарда жұп құрғанда бірінші болады да, өз кезегінде бос қалған екінші спортшы оның орнына қалғанша солай бола береді. Сонда бірінші спортшы екінші, екінші — үшінші, т. с. с. болады.
Ережеге сай 1 рет жеңілген, дәрігердің жасаған қорытындысы бойынша жарыстан шығарылған, мұның алдындағы айқасқа, кезекті өлшенуге келмеген немесе өзінің салмақ категориясынан салмағы асып кеткен, барлық кездесулерін аяқтаған, жарыстан шығарылған спортшылар келесі айналымға қосылмайды.
Айналым әдісі бойынша жарыс еткізу үшін жұп қуру тәртібі. Жарысқа қатысушының (команданың) кезек нөмірі жеребе бойынша анықталады да, жарыс бойына сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет