Қазақ мемлекеттік



жүктеу 3.58 Mb.
бет3/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

II-кезең. Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру процесін ұсынады. Бұл кезеңде оқушылар жаттықтыру жаттығуларын орындауға көшуіне болады. Осы кезеңмен грамматикалық әрекеттің автоматтандырылуы байланысты, мұнсыз дағдыны қалыптастыру мүмкін емес.


Г.В. Рогова, Ф.М. Рабинович, Т.Е. Сахаровтың пікірлерімен біз толық келісеміз, олар : нақтылы бір мөлшердегі формаларды есте сақтауға бағытталған формальды жаттығуларсыз грамматиканың дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру мүмкін емес.

Сонымен, “жаттықтыру” грамматикалық материалдарды меңгеруде негізгі кезең болып табылады, ал грамматикалық жаттығулар шетел тілін оқытуда тілдік материалдарды меңгеру барысында негізгі рөлді атқарады.

Келесі міндетті түрде қарастыратын сұрақ – бұл лексикалық дағдыларды қалыптастыру. Лексикалық дағдыны сөз дағдысының компоненті ретінде де және жеке қарапайым дағды ретінде де қарастыруға болады.

Лексикалық дағды автоматтандырылу және репродуктивпен сипатталады.


Тілдік дағдылар мен сөз әрекетінің іскерлігін қалыптастыру мен толық жетілдірудің кезеңделген моделі.




I- кезең

Тілдік дағдылар: лексика, грамматика, фонетика




II- кезең




Сөз әрекетінің іскерлігі



Диалогтық сөз іскерлігі:

  • таныс тақырыпта әңгіме мен талқылауға қатысу;

  • ақпарат, мәлімет сұрай білу;

  • түсіндірмені сұрай білу;

  • серігінің пікіріне (сөзіне), талқыланып жатқан тақырыпқа өз көңілін, ойын көрсете білу.




Монологтық сөз іскерлігі:

  • мәселеге/ тақырыпқа байланысты маңызды ақпараты бар хабарлама жасау;

  • алған ақпараттың мазмұнын қысқа әрі нұсқа жеткізу;

  • жоспары, айналасы, өзі туралы айту;

  • болған жайттар мен фактілер туралы ойын білдіру.




III- кезең




Жоба әдісі сөз әрекетінің іскерлігін толық жетілдіру құралы (зерттеу жобасы шығрмашылық іс- әрекет элементтерімен)




Шығармашылық іскерлігі:

-шешімі белгілі тапсырмаларды кіші тапсырмаларға бөлу іскерлігі;

-сыни анализ іскерлігі;

-фонның тапсырмасын бөліп көрсету іскерлігі.

Зерттеу іскерлігі:

-жеткіліксіз ақпаратты өз бетінше іздеу іскерлігі;

-эксперттен (мұғалімнен, кеңесшіден) жеткіліксіз ақпаратты сұрай білу іскерлігі;

-мәселені шешудің бірнеше нұсқауларын табу іскерлігі;

Ынтымақтастықта жұмыс істеу іскерлігі:

-ұжымдық ынтымақтастық іскерлігі;

-ұнайтын (сүйікті) серігімен әрекеттестікте болу іскерлігі;

-топта жалпы тапсырманы орындау кезінде бір -біріне көмектесу іскерлігі.



Әдістемеде, сөз әрекетінің продуктивтік түрлерін жүзеге асыру үшін лексиклық- ойлау және лексикалық- тақырыптық ассоциацияларды меңгеру, жаңа сөздерді бұрын соңды меңгерген сөздермен үйлестіру, антонимдік және синонимдік қарсы қойылып салыстырылған сөзді таңдау қажет.

А.Ф. Горбенко, шетел тілінің лингвистикалық білітілігін қалыптастыру қарым –қатынаста лексика –грамматикалық материалдарды қолдануды іске асыру негізінде сөз әрекетінің түрлерін, ал сөз әрекетінің сәтті болуы тілдік дағдылар мен іскерліксіз мүмкін емес.

Лексикамен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері: 1)жаңа материалды таныстыру, 3)бекіту, 4)сөз әрекетінің түрлерінде лексиканы қолдану дағдылары мен іскерліктерін дамыту.

Таныстыру. Сөздің формасы мен жұмыс істеуді ұсынады. Жаңа және қиын сөздердің ұшырасатын дыбыстық-әріп талдауы үлкен мағынаға ие болады. Лексикалық материалдарды таныстыру оның меңгеру сәттілігін анықайды, сөздің мағынасын ашу (семантизация) түрлі жолдармен іске асады, оларды екі топқа топтастырады: а) аудармасыз және б) семантизацияның аудару жолдары.

Бекіту және жаттықтыру. Лексикалық дағдыларды қалыптастыру жаңа лесикалық бірліктердің орнатылған байланысын бекіту және олардың өрістеуі.

Сөзді меңгеру барысында оқушылардың жаттықтыруы жатығу арқылы жүзеге асады. Әдістемеде жаттығулар жүйесінде, сөз әрекетінің түрлерін дамытатын екі жүйеге бөліп қарастырады- дайындық және сөз жаттығулары.

“Лесика- грамматикалық материалдарға оқыту интегративтік деңгейде жүзеге асыру орынды, дыбыстауға, лексикалық бірліктерге және грамматикалық құрылымдарға оқыту тығыз әрекеттестікте” деген ойға негізделдік.

Сонымен, 1-ші кезеңнің мазмұнын анықтап алғаннан соң, үлгіміздің екінші кезеңіне көшеміз, онда сөз іскерлігін қалыптастыру тілдік материалдарды бекем меңгеру, тілдік дағдыларды қалыптастыру және сөз- коммуникативтік іскерліктерге жету тек, осы мәселенің шешімі қарым –қатынасқа шығатын тақырыптарды қарастырудың барлық кезеңдерінен өткен кезде ғана жетеді.

Сондықтан шетел тілінің материалын меңгеру мынаны ұсынады: лексикалық және грамматикалық формаларды меңгеруден диалогтық және монологтық формалардағы қиын емес сөз айтылымдарын қалыптастыру. Орта білім программасымен 6- сынып оқушылары ағылшын тілінің келесі сөйлеу іскерлігін меңгеру қажет:

1) Диалогтық сөз іскерлігі:



  • таныс тақырыпта әңгіме мен талқылауға қатысу;

  • ақпарат, мәлімет сұрай білу;

  • түсіндірмені сұрай білу; серігінің пікіріне (сөзіне), талқыланып жатқан тақырыпқа өз көңілін, ойын көрсете білу.

2) Монологтық сөз іскерлігі:

  • мәселеге/ тақырыпқа байланысты маңызды ақпараты бар хабарлама жасау;

  • алған ақпараттың мазмұнын қысқа әрі нұсқа жеткізу;

  • жоспары, айналасы, өзі туралы айту;

болған жайттар мен фактілер туралы ойын білдіру.

Демек, біздің жұмыс жоғарыда аталған сөз іскерлігін қалыптастыру болып табылады.



III- кезең. Сөз- коммуникативтік іскерлігін толық жетілдіруді ұйғарады. Біздің зерттеуімізде біз жоба әдісін сөз іскерлігін толық жетілдіру құралы ретінде қолдануды жөн деп көрдік. Зерттеу барысында біз ізденушілік жобасын қарапайым шығармашылық әрекетімен жұмыс жасауды жоспарладық, осы процесс барысында оқушыларда тағы бір қатар іскерліктердің қалыптастыруын көздейді. Жоба әдісінің сабақта сәтті және нәтижелі өтуіне мүмкіндік туғызады. Мұндай іскерліктерге мыналар жатады:

Шығармашылық іскерлігі:

-шешімі белгілі тапсырмаларды кіші тапсырмаларға бөлу іскерлігі;

-сыни анализ іскерлігі;

-фонның тапсырмасын бөліп көрсету іскерлігі.



Зерттеу іскерлігі:

-жеткіліксіз ақпаратты өз бетінше іздеу іскерлігі;

-эксперттен (мұғалімнен, кеңесшіден) жеткіліксіз ақпаратты сұрай білу іскерлігі;

-мәселені шешудің бірнеше нұсқауларын табу іскерлігі;



Ынтымақтастықта жұмыс істеу іскерлігі:

-ұжымдық ынтымақтастық іскерлігі;

-ұнайтын (сүйікті) серігімен әрекеттестікте болу іскерлігі;

-топта жалпы тапсырманы орындау кезінде бір -біріне көмектесу іскерлігі


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Атаханова Р.Проектік сабақ -берері мол сабақ.//Поиск/ Ізденіс,2002 №4

  2. Цукерман С.А. Методика преподавания ИЯ. М., 2002- в двух томах.

  3. Формирования лексических навыков//Учебное пособие под ред. Е.И. Пассова, Е.С. Кузнецовой.- Воронеж: НОУ, Интерлигва, 2002

  4. Alan Maley, Diana L.F.B. Projekt work. //Resource book for teacher.- Oxford. Oxford University Press.-1993

  5. Нурбекова Г.Ж., Сакиева Г.О. Шете тілін оқытуда қолданылатын жаңа технологиялар.// Языковая политика и философия иноязычного образования в РК. А. 2006.

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада жоба әдісін сабақта қолдану арқылы оқушылардың лингвистикалық біліктілігін арттыру қарастырылады. Сонымен қатар, тілдік дағдылар мен сөз әрекетінің іскерлігін қалыптастыру мен толық жетілдіру кезеңдері сипатталады.


РЕЗЮМЕ

В этой статье рассматриваются пути улучшения лингвистической компетенции у учащихся с использованием метода проекта на уроках. А также, рассматриваются стадии формирования и усовершенствования языковых навыков и речевых умений.


ЕЛЖАНДЫ ЕРЛЕР ӨНЕГЕСІН ТАНЫТУ
Дөкенова Н.Е. – п.ғ.к. (Алматы қ. ҚазмемқызПУ)

Семжанова С. №72-мектептің мұғалімі (Алматы қаласы)


Бүгінгідей техникасы қарыштап дамыған ХХІ ғасыр ұрпағына елжанды, елжандылық ұғымдарын түсіндіру, ұғындыру, сезіндіру біршама қиындық тудырары сөзсіз. Шектен тыс ақпараттар ағыны, толассыз мәліметтер, даңғыр-дүңгір музыка әлемі жас жеткіншектердің санасын улап, жеңіл-желпі ойлауға, кез келген нәрсеге үстірт қарауға итермелеуде.

Жастықтың қуат-күші ел мен жерге қызмет ету арқылы ғана көркейе түседі. Бұған дана да хакім Абай: «Адам өмірге келгенде бет қоймасы, елдің қамын ойламаса, тіршіліктің несі сән?» деп қарайды. 1912 жылы жазған екінші бір өлеңінде:

Басқа жұрт балалары оқу қуған,

Біліммен өз жұртының бетін жуған.

Ішіп-жеп босқа жүрсе хайуан малдай,

Адамзат жер жүзіне не үшін туған!-дейді.

Болмаса С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі мен М.Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңдерінде де жалын жастықтың қуат-күші асқақтата жырланады. Бұл жағынан алғанда екі ақынның көздеген мақсаты бір екендігін өлеңдеріндегі үндестік айқын байқатып тұр.

Мағжан шығармасында лирикалық қаһарманның айрықша қасиеттерін жырға қосып «өзіңді-өзің таны!» принципін ұстаса, Сұлтанмахмұт өз кейіпкеріне нақты міндет артып, айқын бағыт сілтейді.

Әсіресе, Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» толғауындағы «Жолбарыстай қайратты», «Жаннан қымбат оларға ар», «Көздегені көк аспан», «Сүттей таза жүректер», «Айбынды алаш елім дер» иманды жастарға ғана сенемін деуі оқушы-оқырманның сана-сезіміне әсер ететіндігі, оны азаматтық, отаншылдық ойға жетелері күмәнсіз.

Елжанды етіп тәрбиелеу мәселесінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол ата-баба қанымен, солар салған сара жолмен, ананың ақ сүтімен астасып, матасып, жалғасын табады. «Тәрбие тал бесіктен» деген ұлтымыздың қағидасын педагог-ғалым М.Жұмабаев: «Тәрбиеден мақсұт адамды, Һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу.

... Тәрбиеден мақсұт адам деген атты құр жала қылып тапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» адам баласын ізгілікке тәрбиелеудің басты принципі етіп ұстанады.

Мінез-құлықты тәрбиелеуде ізгілік тілеу мен елін сүю сезімдерін баланың жүрегіне сіңіру керек деп, ақын М.Дулатовтың отансүйгіштік өлеңін өнеге етеді:

Мен – біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғаны жарты жаңқам мен-сенікі

Пайдалан шаруаңа жараса, ағаш.

Баланы елін сүюге, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа тәрбиелеу үшін үлгі өнегелі, айналаның мінез-құлық темпераменттерінің, бала табиғатының мәні зор екенін ғылыми дәлелдеп, ұстаз тәрбиенің сендіру, іс-әрекетті қалыптастыру әдістерін ұсынады.

Педагог-психологтар мектеп оқушысы жеткіншек жасына келгенде көркем шығармадағы адамгершілік, елжандылық, отаншылдық проблемаларына жіті көңіл аудара бастайтындығын атап көрсетеді. Сондықтан мұғалім шығарманың композициялық ерекшелігін, құрылысын, қайталаулардың мәнін, ең бастысы – туындыдағы азаматтық позиция мен отаншылдықты мәтінге сүйене отырып ашып көрсетуге талпыныс жасаса, өз мақсатына жете алатыны айқын,

Қай халық үшін болса да ғасырлар бойы бірге жасасын келе жатқан серігі де, қуаныш пен қайғысын бөлісер сырласы да, ән-күйге бөлеп әлдилеген алтын бесігі де, ұлттық өнерінің кіндік кесіп, кірін жуған, тіршілігінің қайнар бұлағы, отбасы, ошақ қасы туған жерінен, құтты қонысынан қымбат, одан ыстық еш нәрсе жоқ.

Қазақ елі үшін – қазақ даласы сондай алтын бесік, асыл мекен. Осы дала – анасын халқымыз өмір бойы өлеңіне өзек, ән-жырына арқау етіп келеді. Туған жердің сұлулығын жырлайтын мұндай шығармаларды оқып-үйренгенде, сол аймақтарға қатысты туған аңыз-әңгімелердің идеясын, халықтық сипатын аша отырып, оқушыларға сұлулықты, нәзіктікті, әсемдікті тани, бағалай білуге үйрету керек.

Мысалы, М.Жұмабаевтың тарихи тақырыпқа жазылған «Батыр Баян» поэмасы жоғарыда айтылған ойдың нағыз үлгісі, мөлдір бастауы. Поэманың оқиғасы қарапайым, тілі аса шұрайлы, қазақ топырағының исі аңқиды. Бұл поэманың еркіндігі сол – ақын өзін еркін жырлатқысы келмеген қоғамның ниетін ашық айтып, бостандығы мол, кең далада желдей ескен ескі күндерін аңсайды:

Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,

Сондықтан жаным күйіп жанады да,-дейді ол поэманы бастарда. Жан-жақтан жау қоршаған заманда өз қазақ халқын тұйықтан алып шыққан Абылайдай данасы мен Баяндай батырын мақтанышпен паш етеді.

Артында – ор, алдында – көр, жан-жағы жау,

Дағдарған алаш елі қайда бармақ?

Сол кезде елге қорған болған Абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап,- соңғы жол поэманың көтеріп отырған тақырыбы, басты идесы.

Көркем шығарманы шығармашылықпен оқыту ең алдымен, әдеби туындының поэтикалық болмыс-бітімін айқын тануды талап етеді. Қайтсем де шығарманы игертсем деп, орынды-орынсыз тықпаланған қандай керемет әдіс-тәсіл болмасын шығарма табиғаты тілемеген жағдайда тиімді нәтиже бермейді.

Ақын-жазушылардың бір тақырыпқа жазылған шығармаларын салыстыра оқыту – материалды жетік меңгерудің бірден-бір ұтымды жолы. Себебі, салыстыру барысында оқырман әр ақын-жазушының сөз саптауын, суреткерлік шеберлігін, өзіне тән стильдік ерекшелігін, дүниетанымы мен өмірлік көзқарасын т.б. аңғарады. Мәселен, шәкірттерге Абай, Мағжан шығармашылығы жайында айтылған өзге ақын-жазушылар мен зерттеушілердің айтқан пікірлері мен берген бағаларынан мысалдар келтіру екі ақын шығармасына деген оқырман қызығушылығын оятатыны анық. Қазақ халқын бүкіл дүниежүзіне «Абай жолы» роман-эпопиясы арқылы танытқан М.Әуезовтің өзі: «Қазақ жазушыларынан әрине, Абайды сүйемін... бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған әшкейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы аулында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп, сезінгендей боламын. Мағжан культурасы зор екен», - десе, Мағжан шығармашылығы егжей-тегжейлі зерттеген, зерделенген, сөйтіп тар құрсаудан алып шыққан Ж.Аймауытов: «Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз». Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екендігінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан.

Халқымыз «Отан оттан да ыстық», «Туған жер - тұғырың», «Өзге елге сұтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» т.б. толып жатқан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді тегін айтпаса керек. Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін түйген ата-бабамыз найзаның ұшы, білектің күшімен ұлан-байтақ Қазақстан жерін ғасырлар бойы сыртқы жаулардан көздің қарашығындай сақтап келгені аян.

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері жүзден астам алыс-жақын мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас жасап, күннен-күнге әлемдік аренаға көтерілуде. Соның ішінде белгілі бір себептермен шет ауып кеткен қандастарымыздың елге оралуы қуантарлық жағдай. Әрбір адамзат жүрегі елім, жерім, Отаным деп соғады. Елім деп өзегі өртенген, жерім деп жүрегі соққан, Отаным деп от боп жанған бауырларымызға қолдан келгеннің бәрін істеу – азаматтығымызға сын.

Елім деп еңіреген ерлердің өмірі мен тарихта алатын орнын жас ұрпаққа үнемі насихаттап, үлгі етіп отыру – парыз.

«Атадан ұл туса игі!

Ата жолын қуса, игі!

Өзіне келер ұятты

Өзі біліп тұрса игі!» дегенді принцип етіп ұстаған дана да дара елдің ұлдары мен қыздары бүгінгідей бәсекелестік заманда ұлтымыздың ұлылығын ұлықтап, бойымыздағы елжандылық қасиетті ұштай түсетіндігіне сенімдіміз.

Ата-ана ұрпағына қандай өнеге, қандай тәлім береді, сол адам бойында өшпестей өз әсерін қалдырады. Елжандылық қасиет ізгілік пен ізеттіліктен бастау алатындығын ескерсек, отбасы, қоршаған орта тәрбиесіне әрбір саналы азамат өзінше үлес қосқаны абзал. Әсіресе, тыпыл-тыпыл басқан жас нәрестенің тілі өз ана тілінде шығуына үлкен мән берген жөн. Баланың ойы мен тілі қазақша болса, көңілдегі күдік сейілер еді. Ана тілінің бай құнарымен сусындап, дала заңының қатал шарттарымен өскен ұрпақтың ынжық болуы мүмкін емес. Небір биіктер мен шыңдарды бағындырған қайсар ел ұландарының көркем де әсем тылсым сырға тұнған туған жер табиғатына, елге деген шексіз сүйіспеншілігі, перзенттік махаббаты шексіз, шетсіз.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада елжанды ақындар шығармашылығы сөз етіледі. Сондай-ақ ұрпақ бойына ұлттық әдет-ғұрып, салт-сана қалыптастырудың жолдары қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается творчество поэтов-патриотов. Также рассматриваются вопросы воспитания подрастаюшего поколение в патриотическом духе.

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жансеркеева Э.Н.- оқытушы (Алматы қ. ҚазмемқызПУ)
Ағылшын тілін үйретудің маңызды қайнар көздері көрнекі құрал болып табылады. Көрнекілік оқушыларға нақты бейнелі түсінік берудің бірден бір шарты. Қазақ совет энцеклопедиясында «Көрнекілік» оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр сипатын сезім мүшелері арқылы байқауға, қабылдауға баулитын дидактикалық ұстаным деп қаралған.

Көрнекіліктің нәтежесінде қоршаған орта өмір процесін және заттарды қабылдау арқылы оқушылардың түйсігі қалыптасады. Көрнекілік оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін де қолданылады. Осы оқиғада диалектикалық материализм методологиясына негізделген дидактиканың басты қағидаларының бірі болып табылады. Көрнекілікті прогресшіл педагогиканың тәлім теориясына, баланың ойлау табиғатына сәйкес образдық тәсіл есебінде XVII ғасырда Чехтің ұлы педагогі Я.ККоменский енгізді. Одан кейін атақты ғалымдар И.Т Пестолоций, М.Бистерберг және орыс педагогі К.Д.Ушинский және тағы басқа көрнекілікті қолдану тіл материалын енгізу, бекіту, тіл ұстартуда жақсы нәтеже беретіндігіне баса назар аударған.

Көрнекілік бертін келе оқу пәндерінің мазмұнына бейімделіп дидактика мен методикадағы оқытудың негізгі ұстанымдарының бірі ретінде қалыптасты. Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға қазақтың ұлы ағартушы педагог ғалымы Ыбырай Алтынсарин де зор көңіл бөлді. Қазіргі оқу жүйесінде заттай жанды жансыз табиғат нысандарын байқаудың, сурет, өрнек, көркем туындыларын, графикалық материалдарды пайдаланудың мәні зор.

Қазіргі заманда ғылым, техника, көркем өнер саласында мол дамыған шынайы деректерді басқа да едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін еркін пайдалану үшін түрлі дәрістемелер, арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылуда. Оқу үдерісінде кинофильм, проекторлар, оптикалық аспаптар, түрлі механизмдер басқа да көрнекі құралдар қолданылады.

Бүгінгі күнде де шетел тілін оқытудағы көрнекілік ұстанымы мәселелерімен көптеген ғалымдар шұғылдануда. Соның ішінде Ю.И.Бабанский, А.И.Зильберштейн, Э.К.Мингазов, И.Т.Огородников және т.б.

Л.В.Занков көрнекі құралдардын пайдаланудың төрт түрін көрсетеді:

1. мұғалім сөздің көмегімен көріп отырған нысанды байқау және талдау ісін басқарады, ал нысанның мазмұны туралы білімді, оған тән қасиеттер мен оның ерекшеліктерін оқушылар көріп отырған нысанның өзінен оның мазмұнын байқау және талдау арқылы білетін болады;

2. мұғалім сөздің көмегімен көріп отырған нысандарды оқушылардың байқауы негізінде және олардың бұрыннан білетіндеріне сүйеніп, құбылыстардың елеулі байланыстарын айыра білуіне көмектеседі;

3. көрнекі құралдың мазмұнын оқушылар мұғалімнің ауызша түсіндіру арқылы біледі де, ал көрнекі құрал сол айтқандарын айқындай немесе нақтылай түседі;

4. мұғалім оқушылардың байқағандары бойынша олардың айтқандарын жинақтап, қорытынды жасайды.

Мектепте көрнекіліктің әр қилы түрлері (және тиісінші әр түрлі көрнекі құралдар) пайдаланылады. Көрнекілік принцип ағылшын тілін оқытудың тілін оқуда мұғалімнің әр түрлі көрнекі оқу құралдары мен оқытудың аудио визуалдық (есту көру) техникалық құралдарын кітаптар, карталар, таблицалар және басқа да грамматикалық көмекші кітапша сөздіктер, аппликация, диафильмдер, диапозивтер, кинофрагменттер, киносақиналар дыбыс таспасы, лингофондық практикум (алғашқы және ортаңғы этап) кинофильмдер, таблицалар және т.б. Енді көмекші құралдарына келетін болсақ мұғалім үшін әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық әдебиеттерді, журналдарды қоса алуға болады.

Көріп отырғанымыздай, оқыту құралының іс-қағаздары өте кең және де ол ары қарай кеңейуі мүмкін. Оқыту құралының біразына тоқаталып өтсек. Мұғалімге арналған кітапта оқу тәрбие үдерісінде берілген компонентердің нақтылы тапсырмалардың шешімі қолданылады.

Мұғалім өзіне берілген сыныпта толық кітаптың мазмұнын қарап шығады. Мүмкіндегінше игеруі қажет. Оқу үдерісін үйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылатындықтан, оның тақырыбына, мақсатына сабақ құрылымы сай болуы қажет. Сол сияқты баланы оқытуда көрнекіліктерді қолдана отырып, әр оқулыққа арналған «teacher’s book»-тан көруімізге болады. Мысалы: А.Старков, Доксан, 6-сыныпқа арналған оқулығы оқу әдістемелік комплекстің қандай компонентерінен құралғанын қарастырайық:


  1. «Мұғалімге арналған кітап (teacher’s book)

  2. «Оқушыларға арналған кітап» (оқулық)

  3. «Оқуға арналған кітап» (Rader)

  4. Оқулықта оқуға, ауызша сөйлесуге үйрететін кейбір текстер мен жаттығулардың таспадаға жазбалар және тақырыптың аудировонияға арналған текстердің таспадағы жазбасы.

  5. Құрамында пәндік және тақырыптық картиналар бар оқу көрнекі құралының жинағы.

  6. Аппликациялық материалдар

  7. Грамматикалық кесте

  8. Кинофильмдер

  9. Киноүзінділер

  10. Диафилмьдер

  11. Лингофондық практикум, құрамында

а) Мұғалімге арналған кітаптар

ә) Оқушыларға арналған иллюстративтік материалдар

б) Паузалық жаттығу дыбыс таспасы.

6- сынып ОӘК - нің компоненттері

5- сынып ОӘК - нің құрылысы ұқсас.

Материалды сабақтарға бөлінуіне келсек, ОӘК-нің авторлары талап тілектерді ұстануы және қатесіз, белгілі бір себепсіз бұзбауға талап тілектерді білдіреді. ОӘК-нің құрылған жүйесін бұзбай қарым қатынастар тәсілдерінің жұмыстары оқушылардың оқу материалдарын қабылдауын, қажет етілген іскерлігі мен дағдыларын мұғалім шығармашылық жолмен келе алады. Шығармашылық жолмен берілген талаптардың дұрыс шешімдерін көрсетеді.

Мұғалімнің жекелігі (өздігі), жеке қасиеттері стилі қызметі, жұмыс істеу қабілеттілігі мінезі әдістемелік мәдениеті, оқу процесін құраудағы білімі, тәжірибесі, істей алу қабілеті;


  • Топтың құрамы мен ерекшелігі, әркімнің жеке және ұжымның толық инициативасы, озат жақсы оқитын, қанағаттанарлық оқушылардың даярлығы, бұл пәннен білімділігі, біле алу қабілеті және не істей алатыны;

  • Шет тілін оқудағы мотивация: жоғары, орташа, төмен;

  • Топтың барлығы дерлік шет тілде сөйлеу тілін тыңдау;

  • Топтағы оқушылардың жалпы жетілу деңгейі, олардың бір нәрсеге деген қызығушылығы мен үйренуге деген құштарлығы;

  • Мектепте орналасқан матреиалды техникалық базалары және мұғалімнің өз басшылығындағы нәрселер.

Шарттары біраз әр түрлілеу мұғалімге арналған кітапта оқу тәрбие процесін ұйымдастыру мен өткізудегі жалпы жақындау көрсетіледі, егер тура болмаса, оқушыларды ағылшын тілін үйренуге күшті мотивация, педагогикалық сезгіштігі, бөлімі яғни өз пәнін жетік білу, жоғары мамандандырылған, оның әртістігі, балаларды сүюі, өз пәніне деген сүйіспеншілігі, оқушыларды берілген жұмыстарға қызықтыруы, тек бір сандылық қана емес айырықша тәсілдерін қолдануы, сабақтағы ауаға дейін әсер етеді. Оқулық материалын және басқа да көмекші құралдары қолдана отырып, мұндай мұғалім әрбір оқушыға жоғары деңгейде шет тілін меңгеруін қамти алады. Оның сабағында оқушылар қызығушылықпен ағылшын тілін үйреніп, бұл пәнді сүйе отырып барлық қиындықтарды әркім өз мүмкіндіктеріне күш жұмсай алады. Мұғалімге автордың ұсынысы керек емес. Оған жалпы бағдар нұсқауды ұстанса болғаны.

Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруды ол өзі ойлап табады. Ондай мұғалімдер кемде кем. Егер мұғалімге жоғары дәрежелі көмекші керек болса, онда кітапты қолданады. Әдетте мұндай мұғалім автордың тұжырымдамаларын қабылдамайды, қабылдағысы келмейді немесе онша түсінбейді және оқушыларды өзін бұғанға дейін оқытқанындай немесе өзінің қалай оқыту әдетімен оқыта алу қабілетімен оқытады.

Сонымен қорыта келгенде айтарымыз, көрнекіліктердің шетел тілі оқыту құралы ретінде атқаратын қызметі зор. Олар пәнге деген қызығушылықты, белсенділікті арттырып қана қоймай, психологиялық тұрғыдан алғанда оқушыларды енжарлықтан айықтырып, өз бетімен, білім сапасын арттыруға, білім алуға құлшыныс жігерлендіру сезімдерін оятады.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматривается теоретическое значение наглядности в процессе обучения иностранному языку и ее эффективность.

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада шетел тілін оқытуда қолданылатын көрнекі құралдардың теориялық ерекшеліктері мен оны қолданудағы тиімділік жағы қарастырылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет