Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет240/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1) Сөйлем мүшесі деген не? 
2) Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді? 
3) Қандай мүшелер тұрлаулы мүшелер деп аталады? 
4) Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады? 
5) Бастауыш сөйлемде қандай қызмет атқарады? 
6) Күрделі бастауыштар қандай сөз тіркестерінен жасалады? 
 
§ 108. Баяндауыш 
Сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін 
білдіріп, сөйлемді аяқтап тұратын тұрлаулы мүшені б а я н д а у ы ш
дейді. 
Баяндауыш бастауыш пен жекелік, көптік, жақтық тұлға жағынан 
бірдейлесіп, қиысып келіп, бағыныңқы мүше болып саналады. Бірақ 
сөйлемдегі атқаратын қызметі жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың 
синтаксистік қызметі анағұрлым басым. Өйткені көптеген сөйлемде бастауыш 
айтылмайды да, оның қай жақтағы сөз екендігі баяндауыштың 
морфологиялық тұлғалық формасынан көрініп тұрады. Биыл он жылдық 
мектепті бітірді деген сөйлемде бастауыш айтылмаған. Бастауыштың 
жасырын тұрғандығынан сөйлемнің мазмұнына нұқсан келіп тұрған жоқ.


Бастауышты білу үшін к і м б і т і р д і? деп, баяндауышқа қосып сұрақ қойса
бастауыштың III жақтық ол деген жіктеу есімдігі екендігін анықтау қиындық 
келтірмейді. Ал сөйлем ішінде баяндауыштың айтылмауы ете сирек кездеседі. 
Ондай толымсыз сөйлемдер сұрауға жауап ретінде айтылған диалогті 
сөйлемдерде ғана кездеседі. Мысалы: 
Орысша білесің бе? 
Білем. 
Молодец. Оқу оқыдың ба? 
Оқып жүрмін, үшінші сыныпта. 
Орысша ма? 
— Иә. (С. М.) 
Бұл диалогте орысша оқисың ба? деудің орнына — орысша ма? деп, 
сөйлемнің етістік баяндауышы айтылмаған. 
Баяндауыш, негізінде, етістіктерден, орнына қарай өзге сөз таптарынан да 
болады. Сондықтан баяндауыш н е і с т е д і? Н е қ ы л д ы ? н е і с т е й д
і ? н е қ ы л а д ы ? қ а н д а й ? қ а н ш а ? н е ш е? н е 
ш і н ш і? к і м? н е? деген сұрақтардың біріне жауап береді. 
Баяндауыштар да құрамына қарай екі түрлі болып келеді: 1) дара 
баяндауыш, 2) күрделі баяндауыш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет