Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады


II. Тілдік қатынастың қүрамы мен түлғалары



бет8/32
Дата19.06.2016
өлшемі2.86 Mb.
#147920
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

II. Тілдік қатынастың қүрамы мен түлғалары.

Тілдік қатынастың басты белгілері мен түрлерін ажыратып алған соң, оның қүрамдық бөліктерін саралаған жөн.

Біздің ойымызша, тілдік қатынастың негізгі қүрамы төмендегідей болып жіктеледі:


  1. Тілдік қатынасты іс жүзіне асыруышылар.

  2. Тілдік байланысқа қатысушылардың қызметі.

  3. Сөйлеу мүшелерінің бірлігі.

  4. Қатысымдық түлғалардың жиынтығы.


19 Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылардың қатарына

Баяншы /Б/, Түлғалар /Т/ және Қабылдаушылар /Қ/ жатады. Олардың әрқайсысы туралы қысқаша мәлімет жоғарыда берілді.

Тілдік қатынасқа түсушілердің ең басты қызметі -қатысымдық, байланыстырушылық, экспрессивтік.

Қатысымдық қызмет бойынша баяндаушы мен қабылдаушылар тілдік қарым-қатынастың барлық түрлерін іс жүзіне асыра келіп, хабар арқылы бір-бірімен қарым-қатынастық қызмет атқарады.

Байланыстырушылық қызмет тілдік қатынаста жүзеге асырушылардың бір-бірімен тығыз байланысынан көрінеді. Мүнда негізгі қызмет атқаратын - хабарды жеткізетін түлғалар. Ол баяншы мен қабылдаушыны өзара байланыстырады және тілдік қатынастың түсінікті болуын қамтамасыз етеді.

Экспрессивтік қызмет тілдік қарым-қатынасқа түсушілердің берілген хабарды түсініп қана қоймай, оның айырықша мәнін, күшейту реңкін толық білуінің нәтижесінде орындалады. Баяншы хабарды жай айтып қана қоймайды, ондағы қандай ойға ерекше көңіл бөлу керектігін де, өзінің көңіл-күй, сезімдерін, көзқарастарын да жеткізуге тырысады. Ал қабылдаушы осыны дәл танып, жете түсінуі қажет болады.

Сөйлеу мүшелерінің бірлігі олардың әрқайсысының өзіне тән қимыл-қозғалысынан және сол қимыл -әрекеттің тілдік түлғаларды айтуға қатысты бүтіндігінен байқалады. Әр дыбыстау мүшесі әр бөлек қимылдаса, онда дыбыс та анық айтылмайды, сөз де түсінікті болмайды, айтылар ой да жеткізілмейді. Сондықтан тілдік қатынас үшін, сөйлеу

20

мүшелерінің бірлескен, дүрыс қимыл-қозғалысы аса маңызды орын алады.

Сөйлеу мүшелерінің қимыл-әрекетімен тілдік қатынасқа қажет түлғалардың мән-мағынасы пайда болады. Жалпы тілдік қатынастың негізгі қүрамын көрсететін ең басты көрсеткіш, ол - тілдік қарым-қатынасты тікелей жүзеге асыратын қатысымдық түлғалар.

Тіл білімнің қай саласында болсын тілдік түлғалар труалы мәселе мен осығна қатысты терминдер бүрыннан сөз болып келеді. Бірақ бүл мәселелер әлі толық өз шешімін тапқан жоқ.

Терминдердің қолданылу ерекшелігіне мән берсек, олар тек тілдік единицалар ғана емес, қатынастық единицалар деп те атала бастады.

Байыптап қарасақ, мүнда негізгі мәселе олардың тілдік түлға /лексикалық, грамматикалық, синтаксистік/ немесе қатысымдық түлғалардың аталуы жөнінде емес, тілдік түлғаға не жатады, оның қатысымдық түлғалардан айырмашылығы бар ма, әлде тілдік түлға мен қатысым түлғалары бірдей ме деген сүрақтардың басын ашып алуға келіп тіреледі.

Тілдік және қатысым түлғалары туралы мәселені қарастырғанда, біз «единициа» терминнің баламсы етіп көбінесе «түлға» сөзін пайдаланамыз.

Лингвистикада тілдік түлға қатысым түлғасы деп айтылғанда, тілдік немесе қатысымдық қүбылыстың ішкі күрамы /қүроылысы/ деген мағынаны қамтуы қажет. Тілдік немесе қатысымды түлға кіші бөлшек те /сөз/ бола беруі мүмкін.

Лингвистикада тілдік «единициа» деген көп айтылып жүрген термин. Қазақ тіл білімінде болсын, орыс тіл

21 білімінде болсын ол жалпылама алғанда қарым-қатынас

қүралының, яғни тілдің қүрамы, ішкі бөліктері дегенді білдіре келіп, осы түрғыдан морфема, сөз тіркесі, түрақты тіркес, сөйлем - бәрі тілдік түлға немесе жалпы түлға деп айтылып жүр. Кейде дыбыс пен фонеманы фонетикалық түлға, сөзді -лексикалық түлға, сөйлемді — синтаксистік түлға деп нақтылы түрде атап айту да жиі кезедеседі.

Кейбір әдебиеттерде тіптен буын, негіз, абзац /жаңа жол/, контекст, дауыс ырғағы да тілдік түлғалар деп саналады.

Әр автор әр түрлі белгіге сүйенеді және мәселені нақтылы шешуден гөрі түсініксіздік басым.

Осындай қарама-қайшылықтар болғанымен, көптеген тілшілер тілдік түлғаларғафонеманы, морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді жатқызатындығын ашып айту керек. Тілдік түлға жөніндегі нақтылы ойларды мына авторлдардан оқып білуге болады: Қ.Аханов, Т:Қордабаев, С.Исаев, Ә.Болғанбаев, Ғ.Мүсабаев, А.И.Смирницкий, В.М.Солнцев, Э.Бенвенист, А.И.Моисеев, А.Реформатский, Р.А.Будагов, М.М.Копыленко, т.б.

Жалпы фонема да, морфема да, сөз де, тіркес те, сөйлем де тілдің қүрылымдық бөлшектері болып табылады. Себебі, осы аталған түлғалардың біреуі өз орнында түрмаса немесе мүлде болмай қалса, тіл өз мақсатына жете алмайды. Сондықтан адамзат тілі өз қызметін атқару үшін әр түлғаның өзіндік маңызы бар. Мөселе осы түлғалардың қайсысы қандай дәрежеде қолданылуына байланысты. Рас, сөз барлық тілдік түлғалардың кіндігі тәрізді, оған тілге қатысты қасиеттердің көпшілігі тән.

Бірақ сөз жеке түрып тіл бола алмайды және адам ойын жеткізе алмайды. Әсерсе қазақ тілінде және басқа жалғамалы

22

тілдерде сөз жеке түрып түсінісу қүралы бола алмайды. Ол басқа сөздермен морфемалық байланысқа түсу арқылы сөз тіркесі мен сөйлемнің қүрамында белгілі бір ойды білдіреді:

Мысалы: «Бағың өскенше, тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің» /Абай/.

Осы сөйлем қүрамындағы бір ғана «тілеу» сөзін алып қарастырсақ, ол әр түрлі сөздермен әр түрлі грамматикалық байланысқа түсу арқылы нақтылы ойды білідреді және сөйлем қүрамында қолданылады.

Ю.В.Фоменко барлық единицалардың жасалуына сөз негіз болады деп, соны басты өлшемдердің бірі деп санаса, сөздің жасалуына басқа түлғалар /мысалы, дыбыс, фонема, морфема/ да әсер етеді. Мәселен: «Өнерпаз болсаң арқалан» деген сөйлемді алсақ, осындағы «өнерпаз» сөзі «паз» қосымша морфемасының қосылуы нәтижесінде жаңа мағынаны білдіріп, ол жаңадан сөз жасауға себепкер болып түр.

Сол сияқты «арқалан» сөзінің жасалуына түбір морфема мен аффикстік морфемалардың қүрамы негіз болып түр.

Осы сөйлем қүрамындағы фонеманы да, морфеманы да тіптен сөздерді де жеке-жеке алып қолдансақ, онда олар тілдің дара түлғалары болғанымен, қарым-қатынас тілі бола алмайды.

Бірақ фонемаға, дыбысқа т.б. қарағанда сөз үғымды, мағынаны білдіру арқылы тілдің ең басты көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да сөз - тек лексикологияның объектісі ғана емес, тіл білімінің сөйлеу процесіне қатысты барлық салаларының объектісі. Бүл жөнінде ғалым-тілші С.Исаев нақтылы дәлелдеп, ашып айтқан. Тілдік қатынастың да негізгі ерекшелігі осында: басқа да тірі организмдер, жәндіктер, жануарлар т.б. дыбыстық қасиетке ие болуы мүмкін, бірақ Сөз, сөйлеу — тек адамзатқа ғана тән. Әрине, тілдік дыбыс пен







23 физиологиялық немесе табиғаттағы дыбыстардың да

айырмашылықтары жер мен көктей.

Табиғат қүбылстарының ең күрделісі болып табылатын адамзаттың сөйлеу мүшелері /сөйлеу аппараты/ тілдік дыбыстардың, фонемалардың жасалуына қандай ықпал етсе, тілдік түлғаның ең негізгісі - сөздің де пайда болуына соншама әсер етеді.

Лингвистикада тілдік түлға туралы проблема қаншалықты күрделі болса, соңғы жылдары жаңадан қалыптасқан қатысымдық түлға жөніндегі мәселе одан да күрделі. Әсіресе, қазақ тіл білімінде бүл теориялық түрғыдан да, практикалық жағынан да арнайы зерттеу объектісі болған жоқ.

Тілдік қатынасқа қатысты түлғалар ғылыми түрде сөз болмағанымен, қазақ тілін оқыту, үйрету процесінде қолданылып, барлық сабақ жүйелерінде, кітаптарда кездесіп отырады.

Жалпы лингвистика тарихында кейбір тілшілер

қатысымдық түлғаларға сөзді, сөйлемді жатқызса, кейбір ғалымдар тексті жатқызады. /Кандинский Б., Кухаренко В., Наер В./.

Тілдік түлға мен қатысымдық түлға туралы мәселе тілдің тұлғалары мен сөйлеудің алғы шарттарын ажыратып алудан басталуы қажет.

Қатысымдық түлға тілдік түлғаларға қатысты

болғанымен, онымен бірдей емес. Ол тілдің жеке бөлшектерден гөрі, сол тілдің түтас қарым-қатынастық ролімен тікелей байланысты ерекшеліктерді: белгілі бір ойды тиянақты жеткізу, оған жауап алу, сөйлеу, сөзді қабылдау, оған мән беру, әр түрлі экспрессивтік-эмоциональдық күйді таныту т.б. — сол сияқтыларды қамтиды.



24

Демек, коммуникативтік түлғаның жүмысы жалпы сөйлеу процесімен тікелей байланысты.

Осы түрғыдан келгенде, сөйлеудің шарты сөзге, тіркеске және сөйлемге байланысты. Сөз белгілі мағынаны білдіру арқылы басқа сөзбен байланысқа түседі де тіркестің қүрамына енеді. Тіркестер грамматикалық байланысқа түсе келіп, сөйлем қүралады. Содан адам ойын екінші біреуге жеткізеді. Сөйтіп, өзара түсінісуте жол ашылады.

Тілдік түлға мен қатысымдық түлғаға қатысты В.Л.Наердің пікірі мүлде өзгеше. В.Л.Наер бірде-бір тілдік түлға қатысымдық түлға бола алмайды, өйткені олар өзара байланысты болғанымен, әр бөлек қүбылыстар дейді: «коммникативным единицам нет места среди системных единиц языка. И наоборот. Эти единицы разноплановые, хотя и тесно взаймосвязанные».

Бүл автор жоғарыдағы түлғалардың негізгі

айырмашылығын олардың атаулық және қатысымдық және деректі ерекшеліктеріне байланысты деп тани келіп:

«...нередко отождествляются понятия информации и
коммуникации и особенно информативности и

коммуникативности. Эти две пары понятий соотносятся друг-другом как явления и свойство, и таким образом, являются понятиями различными, разноплановыми» - дейді.

В.Л.Наердың тілдік түлғалар қатысымдық түлға бола алмайды деген көзқарасын қуаттау қиын. Оның үстіне хабар, ақпарат /информация/ тек бір нәрсені білдіреді деп кесіп айту да біржақты.

Мәселен, кейде хабар баяндау мағынасымен шектеліп қана қоймайды, сол хабардың қабылдану дәрежесіне сай жауапқа да ие болады. Онда ол адам санасынан тыс /В.Л.Наер атап



25

өткендей/ бір мағынаны ғана емес, керісінше саналы түрде хабарлауды, баяндауды, ойды білдіреді. Мүндай жағдайда информация коммуникацияға айналады.

Сөйте түра, бүл автор «Өрт!» деген сөз қатты айтылса, ол болған жағдайды хабарлау ғана емес, жәрдемге шақыруды да білдіреді деп өзіне-өзі қайшы келеді. / «Так единица языка действительно обретает статус коммуникативной, но само по себе она таковой не является».

Бірақ бәрібір хабарды жеткізу де, оған жауап күту де сол бір ғана түлға - Сөз арқылы болып түрғанын ескермейді. Сөз дербес қолданылғанда атаулық мағынаға ие болып, ал контексте қатынастық роль атқарады.

Осы ретте қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдерді алсақ, жеке сөз атаулық мағынаны емес, белгілі бір ойды білдіреді.

Сонымен, бүл автордың пікірінше, қатысымдық түлғаға жататын — адамның ойын толық, түтас жеткізетін — мәтін /текст/.

Бірақ соған қарамастан, автор тағы мынадай түжырымды айта кетеді: «Но как бы то не было исследователи придерживаются того мнения, что языковые единицы представляют собой единицы коммуникации».

Біздің ойымызша, тілдік түлға мен қатысымдық түлғаның ең басты айырмашылығы олардың атқаратын қызметі мен қолданылу өрісіне байланысты.

Тілдік түлғалар - адамзат тілінің жасалуы мен өмір сүруіне қызмет ететін, сөйлеу мүшелеріне /дыбыстау мүшелеріне/ тікелей тәуелді, фонетикалық, лексикалық және грамматикалық қасиеттерге ие болатын, таңбалық сипаты бар тілдің қүрылымдық бірліктері.



26

Қатысымдық түлғалар - тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, белгілі бір орта мен араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік түлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні бар бірліктер.

Тілдік түлғалар жеке, дербес жүмсалса, қатысымдық түлғалар бір-бірімен байланыста қолданылады.

Тілдік тқүлағалар атаулық мағынаны білдірсе, қатысым түлғалар түтас ойды білдіреді.

Тілдік түлғалар көпмағыналы бола келіп, жалпылама үғымды көрсетсе, қатысымдық түлғалар контекстік жүйелі мағынаға ие болу арқылы нақтылы үғымды, ойды жеткізеді.

Тілдік түлғалар дербес мағынада түрса, қатысымдық түлғалар бір бүтін, түтас мазмүндық қасиетке ие болады.

Тілдік түлағалар бір ғана субъектіге қатысты болса, қатысымдық түлғалар жалпы қарым-қатынас үрдісіне, оның ішінде тілдесімге, сөйлесім әрекетіне тән.

Тілдік түлғалар адамның миы мен сөйлеу аппаратының,


дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысына қатысты,

қатысымдық түлғалар онымен қоса ойлау жүйесіне, пайымдауына санасында туған хабарды жеткізуге әрі қабылдауға қатысты.

Тілге және сөйлеуге қатысты түлғаларды салыстыра отырып, олардың әрқайсысна тән ерекшеліктерді қарастыра келіп, біз қатысымдық түлғалар мынадай қасиеттерге ие болу керек деп есептейміз.


  1. Сана мен ойға қатысты мазмүнның тиянақтылығы.

  2. Баяндау ғана емес, хабарлау, жеткізу қасиетіне ие болуы.

  3. Ми жүйесі арқылы қабылдануы.

  4. Белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жүмсалуы.

27 5. Тіл мен сөйлесімге байланысты қарым-қатынаста қызмет

атқаруы.


Жоғарыдағы ерекшеліктерін саралап алғаннан кейін, енді қатысымдық түлғаларға қандай единицалар жататынын айтуға болады.

Тілдік қатынаста өзіндік орны мен маңызы бар қатысымдық түлғалар: сөз, фразеологиялық тіркестер, сөйлем және сәтін.



Мәтін яғни текст - қатысымдық түлғалардың ішіндегі
мазмүндық түтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйе. Тіл

білімінде қатысымдық бағыт дами бастағаннан кейін, осыған байланысты сөйлемнен де ірі тілдік түлғаның бар екеніне оқытушылар мен тілшілер назар аудара бастады. Бүрын мәтін дербес жиынтық түлға ретінде жеке өзі зерттеу өзегі болмай, тек сөйлемді жан-жақты білу үшін жүмсалатын контекст есебінде қарастырылатын да, көбінесе оның сөйлемге қатысты жақтары сөз болатын.

Мәтіннің өзара мағыналық байланыста болатын сөйлемдердің жүйелі жиынтығы болуы — оның тек бір ғана жағы. Бүдан басқа мәтін - адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегінен қүрамайды. Керісінше жиынтақталған пікірін, көзқарасын бір-бірімен ойы жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-үсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез келген кезеңінде ойдан қүрап, қолдана береді.







28

Тілдік қатынастың бір бүтін түлғасы болып табылатын мәтін адамдардың қарым-қатынасын іс жүзіне асыратын материал ретінде және өзара түсінісу, пікірлесу, ойды жеткізу түлғалары түрінде зертеледі. Бүл ретте мәтін сөйлесім әрекетімен, қатысым әдісімен, олардың қолданылу қағидаларымен тығыз байланысты болады.

Демек, мәтін — ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау қүбылыстарымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық жүйелі түлға.

Сөйлем — тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең қажетті түлға. Сөйлем баяншының айтайын, жеткізейін деген ойын, хабарын қабылдаушыға түсінікті етіп қана қоймай, сонымен бірге оның /қабылдаушының/ қайыра жауап беруінің көзі көрсеткіші де болып табылады. Тілдік тұлға ретінде сөйлем тиянақты ойды білдірсе, қатысымдық түлға ретінде ойды білдірумен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асырушы тілдесім жолы, сөйлесу қүралы да болып есептеледі.

Кез келген адам басқа біреуге ойын жеткізу үшін, ең алдымен, мәтін емес, сөйлем қүрастыруды ойлайды, онда айтайын дегенін үғынықты етуге тырысады. Егер оның айтқан не жазған сөйлемі дүрыс, түсінікті болса ғана ол оған жауап ала алады. Түсіну арвқылы жауап алу, тілдесім әрекетін жүзеге асыру - тілдік қатынастың ең басты шарты.



Фразеологиялық оралымдар не түрақты сөз тіркестері тілдік қатынаста жүмсалатын қатысымдық түлғалардың қатарына жатады. Мүнда түрақты тіркестердің бір түтас лексикалық түлға түрінде тілдік қарым-қатынаста қолданылуы маңызды орын алады. Сондықтан қатысымдық түлға ретінде алынатын

29

түрақты тіркестер адамның ойын жеткізуге белгілі үғымды көрсетуімен қымбат.

Тілдесім әрекетінде сөйлем ішінде еркін сөз тіркестері де,
түрақыт сөз тіркестері де үшырасады. Бірақ түрақты сөз
тіркестері қатысымдық жеке түлғаның қатарында

пайдаланылса, еркін сөз тіркестері оған кірмейді. Сол себепті гілдік қатынаста оларды бір-бірімен ажыратып қолдануға тура келеді.

Қатысымдық түлғалардың ішіндегі басқаларына үйытқы болатын және тілдік қарым-қатынаста аса маңызды орын алатын түлға, ол - сөз.

30 II. 1. Сөз — тілдік қатынастың басты түлғасы.

Сөз — лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да, сөзжасам түрғысынан да жан-жақты зерттеліп келе жатқан тілдік түлға. Сондықтан біз сөздің бүл жақтарына тоқталмай, тілдік қатынасқа байланысты сипатын азды-көпті сөз етеміз. Жалпы бүл - арнайы зерттеуді, жан-жақты талдауды қажет ететін мәселелердің бірі.

Сөзді қатысым қүбылысына қатысты қарастырғанда, негізінен, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліткеріне назар аударуға тура келеді. Мүнда ол адамдардың тілдік қарым-қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара түсінісуге мүмкіндік жасайтын қатысымдық элемент түрғысынан сөз болады.

Сөздің сөйлеу процесіндегі орны мен қызметі көптеген лингвистердің назарына іліккен. Сол себепті сөздің әр түрлі ерекшеліктеріне қатысты берілген анықтамалардың мазмүны түрліше болып келеді. Мысалы, көрнекті лингвист- ғалым Фердинанд де Соссюр: «...Слов, несмотря на все трудности, связанные с определением этого понятия, есть единица, неотступно представляющаяся нашему уму нечто центарльное в механизме языка» - дейді.

Сөздің басты-басты ерекшеліктерін сөз ете келіп, лингвист ғалымдардың көпшілігі сөздің сөйлеу процесіне қатысты түрліше тілдік, қатысымдық қасиеттерді меңгеретініне ерекше назар аударады. Мысалы: А.А.Леонтьев бүл туралы: «Именно слово является минимальной функциональной единицей речевого восприятия» - десе, тура осы пікірді П.В.Чесноков айна қатесіз былай қайталайды: ...можно считать слово минимальной функциональной единицей речевой деятельности вообще - дейді.

31 Сол сияқты Б.Н.Головин: «Слово - это наименьшая

смысловая единица языка, свободно воспроизводимая в речи для построения высказываний» - деп, сөздің ойды жеткізудегі маңызын атап көрсетуге тырысса, Ю.В.Фоменко сөзден басқа единицалардың тілдік қарым-қатынастағы ролін мүлде жоққа шығарады: «Коммуникативная деятельность человека протекает не на базе фонем, слогов и морфем /не говоря о словосочетаниях/, а на базе слов»

Жалпы Ю.В.Фоменконың сөзге қатысты келген тұжырымдарының көпшілігі А.И.Смирницкийдің пікірімен үштасып жатады. А.И.Смирницкий оны ғылыми түрғыдан жан-жақты сөз етсе, Ю.В.Фоменка ол көзқарасты қабылдап қана қоймай, қайталайды.

Сөзің негізгі екі қасиеті: формасы мен мазмүны, яғни


дыбыстық таңбасы мен мағынасы да қатысымдық процесте
түрліше қарастырылады. Мысалы, B.JL.Haep: «Отдельные
языковые единицы, даже, например, лексические, ничего
конкретного передавать на способны»; «Лексические единицы,
например, сами по себе ничего конкретного не сообщают;
они являются лишь знаками, замещающими определенные
предметы, явления, отношения, свойства и т.п. или
репрезентирующими их абстрактное отображение» - деп, сөздің
тілдік қарым-қатынастан тыс уақытта таңбадан басқа ешбір
нақтылық белгісі мен мазмүны жоқ десе, Ю.В.,Фоменко:
«Слово обладает признаком самостоятельности: в отличие от
фонемы и морфемы, оно допускает изолированное

употребление в естественной речи.

Слово обладает признаком воспроизводимости: оно не строится в процессе коммуникации, а извлекается из памяти как единица готовая, заранее данная» - деп, сөздің жеке

32

түрғанда да, сөйлеу процесінде қолданғанда да мағынасы бар екенін атап өтеді.

Сөз белгілі бір контекст қүрамында ғана нақтылы мағынаны білдіріп, өзіндік мазмүнға контекст арқылы ғана ие болады деген пікірді жақтаушылар: Г.Штейнталь, К.Фосслер, Ж.Вандриес, П.Вегенер, А.Гардинер, Л.БЛумфильд, Л.Ельмслев, С.Шауман т.б.

Керісінше, сөздің мағынасы контексте қатысты анықталмайды, ол мағыналық жағынан дербес, сөз тек өзінде бар мағынаны сөйлем қүрамында жүмсайд, яғни сөздің мағынасы контекске тәуелді емес деген көзқарасты дәлелдеушілер: Р.А.Будагов, Н.С.Дмитриева, М.Бурмаков, ФА.Литвин, Ш.Балли, А.Мейе, А.Мартине, В.З.Панфилова, М.ГАрсеньева, А.Р.Лурия, Г.В.Колшанский т.б.

Сөз - сөйлеу, пікір алысу үрдісінде ең басты түлға. Сөз жеке түрғанда, заттың, сынның, қимылдың т.б. атауы болып, номинативті қызмет атқарса, тіл арқылы қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жүмсалып, қарым-қатынастық қызмет атқарады. Тіптен контекссіз дербес қолданылып, грамматикалық түлға ретінде әр түрлі дауыс ырғағымен айтылса да әрі хабарлау, әрі қабылдау мәніне ие болады.

Осындай жағдайлардың барлығында сөз белгілі бір ойды білдіре келіп, екінші адамның санасы арқылы қабылданады. Қандай болсын хабарды, деректі, ойды қабылдаған адам оған жауап қайтаруға тырысады.

Тілдік қарым-қатынаста жүмсалып, қатысымдық байланысқа түскен сөз айтылар ойға қатысты нақтылы мағынаны білдіреді және басқа түлғалармен біртүтас жүмсала келіп, тиянақты ойды, мазмүнды көрсетеді.
33 Әрине, тиянақты ойды жеткізетін басты түлға — сөйлем,

сөз мағынаны білдіргенімен, түтас ойды білдіре алмайды деген пікір тууы мүмкін. Сөйлем — негізгі қатысымдық түлға бола келіп, сөзден қүралады. Сөз жеке түрғанда бірнеше мағынаны /тура, ауыспалы, синонимдік т.б./ білдіргенімен, сөйлемнің қүрамына енген кезде, айтылар ойға қатысты нақтылы бір мағынаны көрсетеді де, ортақ мақсатқа-жеткізілер мазмүнға қызмет етеді. Мүндай жағдайда сөздің атаулық түлғадан гөрі қатысымдық түлғаға тән белгілері басым роль атқарады.

Қ.Аханов сөз бен сөз тіркесін сөйлемнің қүрылымдық элементтері деп таниды. «Сөйлем ойды айтып жеткізудің негізгі қүралы болып саналады. Мүнан, әрине, сөз бен сөз тіркесінің коммуникативті қызметке қатысы жоқ деген үғым тумауға тиіс. Мүндай қызметті олар да атқара алады. Бірақ сөз бен сөз тіркесі коммуникативті қызметті өздігінен, жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем қүрамында қолданылу арқылы атқара алады. Сөз де, сөз тіркесі де сөйлемнің қүрамында қолданылғанда, оның қүрылымдық элементтері ретінде қарастырылады»

Демек, сөз жеке, сөздікте түрғанда — тілдік түлға да, сөйлем қүрамында, тексте қолданылғанда - қатысымдық түлға болып табылады.

Сөз тілдік қарым-қатынаста ауызша түрде қолданылғанда, ондағы қатысымдық белгілерді дауыс ырғағы, интонация атқарады да, жазбаша түрде жүмсалғанда, қатысымдық қызметті тыныс белгілері атқарады.

Сөйлеу процесіндегі сөздің ерекшелігі - ол объективтік шындыққа, өмірге байланысты үғымдарды сананың қабылдауы нәтижесінде ойды бейнелейді. Сонымен қатар іс-әрекет жүріп жатқан ортаның әсерін, адамның көңіл-күйін де қоса



34

білдіреді. Тілдік қарым-қатынаста жүмсалатын сөздің бірнеше қасиеттері бар:



  1. Сөз адам санасында бейнеленген үғымның жарыққа
    шығуын қамтамасыз етеді.

  2. Сөз басқа қатысымдық түлғалардың жасалуына үйтқы
    болады.

  3. Сөз өмір шындығын нақтылы мағына арқылы түсіндіре
    келіп, адам ойының екінші біреуге жеткізілуіне әсерін
    тигізеді.

  4. Сөз адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге
    асыруға негіз болады.

Демек, сөз мағынаны, үғымды, сезімді, ойды білдіре келіп, тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырушылардың барлығына аса қажет қатысымдық түлға болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет