35 III. Тілдік қатынастың ғылыми негіздері.
Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік қүбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бүл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын ала бастауы - кейінгі жылдардың жемісі. Сондықтан тілдік қатынас мәселесінің түпкі тамырларын белгілей отырып, оның ғылымдағы орнын және онымен тікелей байланысты ілімдермен ара қатысын айқындаған жөн.
Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізі қарым-қатынас қүралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.
Тілдік қатынас /ТҚ/ қатысымдық түлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орны тілдің атқаратын қызметінен көрінеді. Қатысымдық түлғалар тіл ғылымының салалары — лексикология, семасиология, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық түлғалар мен тілдік түлғалардың өзіндік ара қатысы, байланысы бар.
Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі — сөйлеу, адамдардың сөйлесу процесі. Осы сөйлесу, үғынысу тікелей тілдік бөлшектердің қатысымен іске аса келіп, қатысымдық түлғалардың қызметі нәтижесінде болады.
Сөйлеу процесінде басты орын алатын — сөз бен сөздің байланысы, грамматикалық формалар мен мағыналар, сөздердің тіркесі, сөзжасам — осының бәрі тіл білімінің салаларында қарастырыла келіп, грамматиканың дамуына қанша әсер етсе, тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеуге до сонша ықпал етеді.
Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей түрып, адам өз ойын дүрыс жеткізе
36
алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір-бірімен байланысқа түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз болады. Айтайын деген ой үғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік коммуникация да жүзеге аспайды.
Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас сөздік қүрам мен сөздік қордың мол болуына қарай еркін жүзеге асады, түсінісу тез жүреді. Лексикалық қор тілдің өсуімен бірге тілдік қатынастың мүмкіндігін арттырады.
Лингвистиканың қай саласындағы қағидалар мен заңдар болсын тілдік қатынастың қағидаларымен тығыз бірлікте дамиды және оған әсер етеді.
Тілдік қатынастың қоғамдық негізі қарым-қатынас қүралы тілдің қоғамдағы ролі мен мәніне байланысты.
Қазақ тілінің қатысымдық ерекшелігін зерттеуде
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қазақ тілінің қоғамдық мәнін жете түсіндірудің ерекше маңызы бар. Бүл -біріншіден, жалпы дүниеге деген қоғамдық-ғылыми көзқарастың негізінде танылса, екінішден, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қатынас қүралы ретінде алатын орнына байланысты қарастырылады.
Кез келген тіл, сол сияқты қазақ тілі — «адам қатынасының аса маңызды қүралы» бола келіп, адамзаттың бір-бірімен түсінісу, пікір алысу, сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды. Сонымен қатар ішкі, сыртқы қоғамдық жағдайларға әсер етеді, халыққа қажетті әлеуметтік, экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайды; бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады; қоғамдық-саяси күштердің өз мақсаттары үшін күресуіне қызмет ететін саяси қүралы
37 болады. Сөйтіп, жалпы көпшілік қауым мен саяси топтар
арасындағы көпір болып табылады.
Қоғам мен табиғаттағы ең күрделі қүбылыс адамзаттың ой-санасы мен тілі болғандықтан, адамның ойлау жүйесі де, сөйлесе білу қабілеті де — ерекше қоғамдық мәні үрдістер.
Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл - қоғамдық объективті шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады.
Қазіргі қазақ тілі қандай қоғамдық-әлеуметтік
ерекшеліктерді басынан өткізбеді? Қоғамдық-әлеуметтік
кезеңдердің қай-қайсысына болсын қазақ тілі қазақ халқының ана тіліне тән әлеуметтік мәнінен айырылмауға тырысады. Басқа үлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, үйрету барысында, біріншіден, оның ертеден дамыған тарихы барын, әдеби тіл дәрежесіне көтерілген салаларын, жазба тілге тән т.б. басты қасиеттерін түсіндіру қажет.
Екіншіден, қазақ тілінің сол халықтың сөйлесу қүралы болуымен қатар, басқа үлт өкілдерімен қарым-қатынас жасауға негіз болатын, үғынысуға, пікірлесуге жол ашатын үлтаралық қатынас қүралы екеніне баса назар аудару керек.
Үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық сипаты оның ел аралық қатынаста қолданылатын қоғамдық мәнінен және ресми іс-қағаздарда жүмсалатын әлеуметтік қызметінен көрінеді.
Төртіншіден, қазақ тілі - қоғамдағы барлық салаларда пайдаланылатын мемлекеттік дәрежеге жеткен қарым-қатынас құралы.
38
Бесіншіден, ол — рухани мәдениет пен өркениет өнер жолында қолданылатын, адамның сезімі мен көңіл-күйін жеткізетін қүрал.
Сол сияқты қазақ тілінің ең басты қатысымдық қасиеті -бір үлт пен екінші үлт өкілдерінің өзара түсінісуіне, ұғынысуына жол ашу, қарым-қатынас қүрал ретінде бүтіндей қоғамға қызмет ету.
Қазақша тілдік қатынас пен оқыту әдістемесі тіл ғылымының қоғамдық мәні мен тәрбиелік маңызын қатар үйретуге тырысады.
Тілдік қатынастың педагогикалық негізі — табиғат пен қоғамдағы ерекше қүбылыс адамға, оның өмірдегі орнына, тілдік қарым-қатынасына байланысты.
Көптеген әдебиеттерде белгілі бір ғылымның не процестің педагогикалық негіздеріне оқытуға қатысты білім жүйесі, оның сандық көлемі /сағаты/, білімнің мазмүны мен сабақтың әдіс-тәсілдері жатқызылып жүр.
Ғылымның дамуы мен оқыту жүйесінде бүл айтылғандардың атқаратын маңызы зор. Білім жүйесі, көлемі мазмүны, әдістер әр процестің ілгері басуына ықпал ететін нақтылы мәселелер бола келіп, істің мәнін анықтайды. Олардың тілдік қатынасты меңгеруде де алатын орны ерекше.
Педагогика адам тәрбиесіне тікелей қатысты болғандықтан оның адамдар арасындағы қарым-қатынасқа да әсері мол. Тілдік коммуникация адамдардың тіл арқылы түсінісуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы адамға тән қасиеттерді меңгеруге көмектеседі. Олар /адамдар/ бір-бірімен сөйлесумен, пікірлесумен шектелмейді, тілдесудің нәтижесінде бірінің жанын бірі үғады, бірінің сезіміне,
39 мінезіне екіншісі әсер етеді. Сөйтіп, жалпы адамзаттың
тәрбиелік жүйесі қалыптасады.
Тілді оқыту тілді үйретумен бірге адамды тәрбиелеумен қатар жүреді. Белгілі бір тілді басқа үлт өкілдеріне үйрету арқылы біз тілдік қарым-қатынасты ғана емес, адам мен адам, үлт пен үлттың арасындағы қарым-қатынасты да жолға қоямыз, тілді меңгерумен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, әдебиетін, өркениетті жақтарын да үйретуге тырысамыз. Немесе тілді үйрету барысында оның тәрбиелік мәнін де естен шығармаймыз.
Тіл арқылы оқушылардың іскерлігін, сөйлеу дағдыларын, әдептерін қалыптастырамыз.
Осы түрғыдан келгенде, тілді үйретуге бөлінген білім көлемі неғүрлым көп болса, мазмүны қаншалықты сапалы болса, әдіс-тәсілдері неғүрлым тиімді болса, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас соғүрлым жан-жақты болып, тілді үйренудің нәтижесі терең болады.
Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқылы ойды айту, жеткізу, қабылдау, сезіну қүбылыстарымен байланысты.
Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізуші құралдың ролін атқарады.
Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік қүралдарды саналы, дүрыс пайдалана білу керек. Оны дүрыс қолданудың ережелері көзбен көру, қүлақпен есту, мимен ойлау арқылы іске асады.
Адамның ойлау жүйесіне байланысты болғандықтан, тілдік коммуникацияның психологиялық негізі күрделі болады.
40
Ойлау жүйесінің нәтижесінде тілдік және қатысымдық тұлғалар дүрыс қолданылып, тілдегі сөйлесім әрекеті маңызды роль атқарады. Сондықтан тілді үйрету барысында әрбір оқушының жеке қабілеті, саналылығы еске алынып, жан-дүниесі ескеріледі, оның ойлау дағдысын бекітуге күш салынады.
Тілдік қатынастың психологиялық негізі — тілді оқыту барысында оқушының сана-сезіміне әсер етіп, оның қажеттігі мен маңызын түсіндіріп, пәнге деген дүрыс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен, тілдік қатынастың ең басты психологиялық негізі тіл, ойлау және сөйлесім қүбылыстарына келіп тіреледі.
41 III.1. Тіл мен ойлау
Tin мен ойлаудың ара қатынасы жөніндегі мәселелер көптеген ғалымдарды ойландырады.
Мәселен, Б.В.Беляев «Очерки по психологии обучения иностранным языкам» деген еңбегінде тіл мен ойлауды қарастыра келіп, осы екі процесс бірлікте болу керек деп есептейді. Ол барлық адамдардың сөйлеу қүралдары бірдей болмаса, олардың ойлау қабілеті де бірдей болмас еді: «...если язык и мышление едины, и если языковые средсвта разных языков не одинаковы, то же могут быть рождественными и мысли».
Б.В.Беляевтің пікірінше, барлық адамдардың ойлау жүйесі: үғым, пайымдау, түжырымдау мен ойлау процесі: салыстыру, қорыту, талдау - бірдей; тек ойлау мазмүны ғана әр халықта әр түрлі. Осыдан шығатын қорытынды: тілге ойлауға үйрету керек. Және үғымды түсіндіру қажет.
В.А.Артемов ойлау мен тілдің айырмашылығы сөздердің семантикалық шеңберінің бір-бірімен сәйкессіздігінен, олардың мағыналарының түрліше қабылдануынан деп санайды. Ол адамдардың әр түрлі тілде сөйлеуі сөздердің түрліше аталуынан деген түжырымға келеді.
Бүл автор тіл ойлаумен болмыстағы заттар мен қүбылыстар арқылы байланысты болады, өйткені адам осы қүбылыстарды кездестіргендіктен, оларды белгілі бір сөздермен атауға тиіс деп есептейді. Оның пікірінше, әр үлт, әр халық заттарды, табиғат қүбылыстарын т.б. түрлі сөзбен айтады, сондықтан тіл де әр түрлі болады.
Н.И.Жинкин ойлау, әрине, сөз арқылы бейнеленеді дей келіп, екінші бір бөтен тілді үйренгенде ойлау ешқандай ана
42
тіліне де, үлттық тілге де қатысты емес, ол әр адамның өз жеке басына байланысты ерекше тілде дамиды деп түсіндіреді.
Н.И.Жинкиннің пікірі шет тілін үйрету үшін сөйлеуге үйрету керек, ал оқушы /үйренуші/ өз тілінде ойлай берсін, ең бастысы ойлау емес, сөйлеу дегенге саяды. Бүл автор, негізінен, болмыстағы объективтік қүбылысты өз бетінше қабылдауға көңіл аударады.
Адам өзінің ана тілінде сөйлегенде, көп қиналып, ойланып жатпайды. Өйткені оның бойында кішкене кезінен бастап қалыптасқан сөйлеу дағдысы бар, сол сөйлеу жүйесінің тілдік қүралдары — сөз бен сөйлемді - дайын единица, дайын материал ретінде пайдаланады. Ана тілінде сөйлеу үшін де, әрине, ойлау мен пайымдау керек, өйткені объективтік шындық, яғни табиғат қүбылыстары туралы үғым сөз арқылы, пайымдау сөйлем арқылы тілмен жеткізіледі. Ойлау тілмен жарыққа шығады, сөйтіп, ой тілдегі единицалар арқылы /сөз тіркесі, сөйлем т.б./ екінші біреуге түсіндіріледі.
Арнайы сөз еткен мәселе: ол ойлау мен сөйлеудің басқа
үлт өкілдеріне ана тілін емес, екінші бөтен тілді үйретудегі,
оқытудағы ерекшелігі. Бүл ретте екінші бір тілді үйрету
үшін, оның тілдік единицаларын дүрыс қолдану үшш оилау
жүйесіне де әсер етуге тура келеді. Шет ілін үйретуте
байланысты ойлаудың алатын орнын Е.И.Пассов басқаша
түсіндіреді. Оның ойынша, тілге үйрету үшін алдымен ойлауга
үйрету керек, яғни белгілі бір тілді оқытудан бүрын дүрыс
ойлауды оқытуға тура келеді. Өйткені, ол екінші бөтен тілді
үйрену барысында сөйлеуден бүрын ең алдымен ішетй сөйлеу
әрекеті / «внутренняя речь»/ пайда болады деген
пікірді жақтайды да, ойлау мен сөйлеуте қатысты барлық процесті соған әкеліп тірейді:
43 «Внутренняя речь /ВР/ присутствует и в рецептивных, и
в продуктивных речевых процессах, когда мы слушаем речь других, у нас возникают так называемые речевые кинестезии /скрытые речедвижения/; они падают сигналы в мозг, где возбуждаются соответствующие стереотипы, что и приводит к понимани».
Іштей сөйлеу дегенімі- /внутренняя речь/, автордың айтуынша, адамның басқа, бөтен тілде сөйлер алдындағы миындағы айтар ойын қүрастыруы. ОЛ айтар сөйлемін ойда жинақтап, іштей қүрастырып алып, сонан кейін оны бір ғана сөзбен, немесе дауыс ырғағымен кейде тіркеспен жеткізуі мүмкін. Мүнда айтылар ой күрделі, сөйлем бірнешеу болуы мүмкін, бірақ ерекше бөліп жеткізілген бір сөз, не көп сөйлемнің орнындағы бір тіркес, не бір сөйлем бәрінен хабардар етеді. Сөйтіп барып, үлкен ақпарат келесі адамға түсінікті болады. «Іштей сөйлеудің» бір ерекшелігі осы.
Е.И.Пассовтың пікірінше, ойлау екі қызмет атқарады: танымдық және қатысымдық. Танымдық үдеріс ретінде ойлаудың қолданатын қүралы - тіл. Сол сияқты ойлау сөйлеу де, басқа тілге үйренуде де өзінің қатысымдық қызметін атқарады. Осы ретте де ол /ойлау/ тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Осылардың бәрінің бірінсіз бірінің күні жоқ, өзара бір-бірімен байланысты.
Осындай пікірлерді айта келіп, ол былай дейді: «Из многих функции языка здесь важно упомянуть главную — коммуникативную, т.е. его способность служит средством общения. Нужно заметить, что язык как средство общения не полностью адекватен языка как орудию мышления».
Сонымен қатар Е.И.Пассовтың ойлау процесі туралы мына түжырымына да көңіл аударуға болады:
44 «Мышление вообще не связано с речью непосредственно,
их связь осуществляется через внутренюю речь.
Язык как система знаков тем более не идентичен мышлению, ибо он прежде всего орудие мышления»
Ойлау процесі іштей сөйлеуге, яғни ойды іштей жинақтауға ғана байланысты емес, ол — сана мен тілге қатысты күрделі процесс.
Тіл мен ойлаудың лингвистика ғылымында алатын орны мен өзара қатысын әр ғалым өзінше қорытады. Мәселен, бүл туралы Э.Бенвенист: «Углубляясь в природу языка, вскрывая его связи как с мышелнием, так и с поведением человека... лингвистические исследования начинают проливать свет на глубинное функционирование сознания в разнообразных мыслительных операциях», - десе, көрнекті тілші, ғалым Фердинанд де Соссюр былай дейді: «Характерная роль языка в отношении мысли не заключается в создании материального звукового средства для выражения идей, но в том, что он служит посредником между мышлением и звуком и притом таким образом, что их объединение неизбежно приводит к обоюдному разграничению единиц».
Жоғарыдағы авторлардың іштей сөйлеу процесіне ерекше мән беруі ойлау мен тілдің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Жалпы ойлап қарасақ, іштей сөйлеу деген нақтылы процесс жоқ, іштей ойлау деген үғым да, процесс те бар. Бірақ әр автор оны қандай деп атағысы келсе, ол - әркімнің өз еркіндегі нәрсе. Е.И.Пассов айтқандай, шет тілін оқыту үшін, алдымен ойлауды оқыту, үйрету керек дегеннен мынаны түжырымдауға болады.
Біздіңше, бүл процесс адамға ойлауды үйрету үшін емес, сөйлесу процесін түсінікті ету үшін, пайымдауды дүрыс
45 үйымдастыра білу қажет. Ол — дүрыс сөйлеуге дайындық
жасау. Мүнда ойлауды оқытудан гөрі әр тілдің грамматикалық ерекшеліктерін, соның ішіндегі ең қажеттісін қалай тиімді пайдалану керек — соны үйретуге ойды шынықтыру қажет. Өйткені, әр тілдің өзіндік ішкі қүрылымдық өзгешелігін жете меңгермей, біз сол тілде еркін сөйлей алмаймыз. Тіптен еркін емес, өз ойымызды аздап болса да жеткізе алмаймыз. Тіптен еркін емес, өз ойымызды аздап болса да жеткізе алмаймыз. Сондықтан да эр үлттың тілдік ерекшелігі оның сөйлем қүрау сипатынан көрінеді. Мәселен, орысша оқыған қазақтың баласы қазақша сөйлесе, ең алдымен ойын «іштей сөйлеу» арқылы орысша қүрастырып алады да, оны тура сол қалпында қазақша аудара салады. Соның нәтижесінде орысша ойлаудан шыққан қүрылымы қате қазақша сөйлемдер пайда болады.
Сонымен қатар екінші бір тілде сөйлеу мен ойлаудың арасындағы ерекшелікті мынадан көруге болады. Мысалы, жаңадан тілі шығып келе жатқан сәби өз ойын жеткізу үшін, сөйлемді толық айтып жатпайды, сөйлемнің ішінен ең маңызды, айтар ойын жеткізетін сөзді не тіркесіт ғана айтады. Бірақ сол бір ғана сөзге қарап үлкендер баланың айтайын деген бүкіл ойын түсінеді. Мысалы:
Маған ана шайды әпер, - деп айтудың орнына сәби ыдысты көрсетіп, «шай әпер» деуі мүмкін, немесе «менің шай ішкім келеді» деудің орнына «шай ішем» деуі мүмкін т.б. Тіптен алғашқы кезде сәби сөйлемге енетін сөздердің кейбіреулерін білмеуі де мүмкін, сөз байлығындағы «алам, ішем, кел, бар» т.б. деген сияқты сөздер арқылы-ақ ойын дүрыс жеткізе алады. Мүның өзі тілді меңгере бастаған баланың ойлау қабілеті барлық сөз тізбектерін қатар білуге
46
байланысты емес, соның ішінде ең қажетті дегендерін іштей сезіммен таңдап алып, соларды үйреніп, сосын осы сөздерді жиі қолдана келіп, оны біресе сөз тіркесінің, біресе сөйлемнің орнына жүмсайтындығын дәлелдейді.
Сондай-ақ ересек адамдар да өз ана тілінен бөтен, әсіресе генеологиялық жағынан басқа тілді үйренгенде, ең алдымен, күнделікті тіршілікке қажет тіркестер мен сөздерді жаттауға тырысады. Ол аяқ астынан белгілі бір жағдайға байланысты жалғыз өзі шет жерде жүріп қалса, тілі жетпегендіктен, айтар ойын сөйлем арқылы емес, бір сөзбен, не өзі білетін тір тіркеспен жеткізуге тырысады. Бүндай жағдайда адам ойын айтар үғымына емес, сол өзі жеткізуге тырысып түрған ортаның, үғымының ең маңыздысына, ең қажеттісіне бөледі де, соны дәл бейнелейтін сөзді, не тіркесті ойлап, айтуға тырысады.
Тіл — табиғатпен тығыз байланыста жаратылған ерекше қүбылыс. Ол өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары түрғысынан табиғат пен қоғамның қалыптасуына, дамуына әсер етеді. Тілдің өзіне ғана тән әлеуметтік, қоғамдық сипаты бола түра, ол жалпы табиғи процестерден, табиғат пен қоғамнан тыс қарастырылмайды, қайта сол жалпы зандылықтармен тығыз бірлікте қарастырылады.
Тілдің қатысымдық қасиеті оның барлық
ерекшеліктерінің ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы. Сондықтан лингвистер тілдің мәнін айқындауда оның әр түрлі жақтарын сөз ете келіп, соның ең қажеттісін жіктеп шығаруға тырысады.
Бүл анықтамалардың қай-қайсысы да тілдің нақтылы ерекшеліктерін қорытындай келіп, оның /тілдің/ әрі жан-жақты, әрі күрделі қүбылыс екенін айқындай түседі. Автордың
47
қай түжырымын алып қарасақ та орынды. Бірақ бізге анықтамалардың ішінен тілді информация, яғни хабарлау түрінде; ойды жеткізу қүралы ретінде сипаттаған анықтамасы керек.
Әрине, тілдің хабарлау қызметі мен қарым-қатынастағы ролін мағынаны жеткізу барысындағы /код/ кілт, шешім деп қарау - тек шартты түрде ғана айтылған анықтау. Ол тілдің барлық қатысымдық қасиеті мен қызметін толық қамтып көрсете алмайды.
Өйткені сөз немесе тілдік түлға белгілі бір мағынаны білдіру үшін кодпен /қүлыппен/ байланыстырылады деген ойға жүгінсек, онда ең алдымен сол код /қүлып/ деген үғымның өзін айқындау керек болады және тілдік түлға мүндай жағдайда кодпен қалай байланысады, соны шешу қажет болады. Міне, осының бәрі әрі түсініксіз, әрі анық емес.
Демек, тілді анықтау, оның негізгі белгілерін көрсету
шартты үғымдар арқылы іске аспайды. Оның оймен, санамен
байланысты қарастырылуының өзі тілдің ерекшелігін
аңғартады.
48 III.2. Тіл мен сөйлесім
Тілдік қатынасқа қатысты қүбылыстардың ішінде тіл мен сөйлеуге соқпай өтетін мәселелер жоқтың қасы. Сондықтан бүл мәселелердің басын ашып алудың маңызы зор.
Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек қүбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Крутенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған процесс деп қарастырады.
Тіл мен сөйлеу туралы ерекше концепция — Фердинанд де Соссюрдің түжырымы. ОЛ тілді қалыпты, сипаттамалы қүбылыс ретінде тани келіп, оны дыбыстық материяның түтас жүйесі түрінде қарастыру керек деп санайды.
Ғалым тілді ерекше қүрылымы бар, жүйелі, бірақ қалыпты
қүбылыс деп көрсете отырып, ондағы дыбыстық
ерекшеліктерді, тілдік түлғалардың дыбысталуын, сөздердің айтылуын — бәрін түгелімен сөйлесімге /речь/ қатысты қарастырады.
Ф.де Соссюрдің пікірінше, тіл — дыбыстық материяның жиынтығы, форма, қарым-қатынас қүралы; ал сөйлеу -дыбыстың өзі, дыбысталу. Яғни тіл — барлық дыбыстық таңбалардың жиынтығы болса, сөйлесім — дыбысталудың жиынтығы.
Ғалым тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, оларды екі ғылымның объектісі ретінде зерттеу керек дей отырып, олар /тіл мен сөйлесім/ өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді: «Язык и речь тесно связаны между собой и предпологают друг-друга: язык необходим, чтобы речь была
49
понятна тем самым была эффективна; речь в свою очередь необходима для того, чтобы сложился язык».
Фердинанд де Соссюрдің көзқарастары кейде қайшылықты болғанымен, өзінен кейінгі лингвистердің пікіріне әсер етпей қоймайды. Кейінгі түжырымдардың көпшілігі осыдан келіп шыққанын тіл мен сөйлеуге берілген анықтамалардан аңғаруға болады.
Ю.В.Фоменко Фердинанд де Соссюрдің тіл лингвистикасы мен сөйлесім лингвистикасы деген пікірін жоққа шығара отырып, Ф.де Соссюр тіл мен сөйлесімді бір-біріне қарама-қарсы қояды және олардың екеуі бір-біріне ешбір қатысы жоқ екі түрлі мәселе деп айтады деп түсінеді. Сондықтан да Ф.де Соссюр олардың әрқайсысының айырмашылықтарын жеке-жеке бөліп көрсеткен дей келіп, Ю.В.Фоменко сол көрсетілген айырмашылықтардың барлығына дау айтады. Сөйте түра, бүл автор да Ф.де Соссюрдің тіл мен сөйлеудің әлеуметтігі жөніндегі көзқарасын қүптайды.
Жоғарыда айтылған пікірлердің барлығында, негізінен, тіл
мен сөйлесімге қатысты Фердинанд де Соссюрдің айтқан
ерекшеліктері сөз болады. Мәселен: тіл мен сөйлесімнің
психологиялық, физиологиялық жақтары, таңбалар жүйесі
ретіндегі өзгешелігі, әлеуметтік-жекелік табиғаты, олардың
қарым-қатынас қүралы тарапынан ерекшелігі. Яғни
авторлардың көпшілігі бүл мәселелерді одан әрі жалғастыруды, дамытуды көздейді.
Сондай пікірлерді қорыта келгенде, мынаған көз жеткізуге болады: бүл мәселе неғүрлым көп қарастырылып, жан-жақты сөз болған сайын, тілдің де, сөйлесімнің де қатысымдық қасиеттері айқындала түсіп, бүкіл мәселе осы бағытқа қарай бет бүрып келеді.
50
Лингвистикада сөйлесім мен тілді біріктіріп, қос процесс деп санаған көзқарастар да бар. Олардың айтуынша, сөйлесім мен тіл екеуі екі бөлек қүбылыс емес, олар бір процестің екі жағы. Кейде оны тілші ғалымдар «уровень языка», «уровень речи» деп те атайды.
Бүл көзқарас бойынша, тіл мен сөйлесім бір-бірімен теңдес әлеу-меттік-жекелік қүбылыс болып саналады. Мүндай пікірді айтушы адамдардың сүйенетін негізі - қатысымдық ерекшеліктер. Бүл пікірді жақтаушылар сөйлесім деген -қатысым қүбылысының өзі, ал тіл сол қатысымды іс жүзіне асыру үшін керек дейді.
Бүл көқарасқа қарсы пікір айтушылар да бар. Олар А.С.Чикобава, Г.В.Колшанский, Т.С.Шарадзенидзе, А.Г.Волков, А.Г.Спиркин, Г.Шухарт т.б.
Жалпы тіл мен сөйлесімге қатысты көзқарастар орыс тілінің энциклопедиясындағы осы үғымдарға берілген анықтамалармен байланысты. Энциклопедияда тіл қарым-қатынасты жүзеге асыратын, осы мақсат үшін қызмет ететін дыбыстық таңбалардың жүйесі, ал сөйлесім қатысымдық қүбылыстың өзі, яғни тілдің негізінде жасалған, тіл арқылы жүзеге асатын коммуникативтік қүбылыс деп баяндалады: «Язык — это стихийно возникшая в человеческом обществе и развивающаяся система дискретных /члено-раздельных/ звуковых знаков, служащая для целей коммуникации и способная выразить всю совокупность знаний и представлений человека о мире», «речь — это конкретное говорение, происходящее в звуковой /включая внутреннее проговаривание/ или письменной форме. Под Р. Принято понимать как сам процесс говорения, так и результат этого процесса, т.е. и рчечвую деятельность и речевые произведения, фиксипуемые памятью или письмом».
Достарыңызбен бөлісу: |