22
Қазақстандағы байланыс жүйелері
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда 250 почта-телеграф пункті
болды. Электр байланысының техника құралдары мен телеви-
зияны пайдалану 1950–1960 жылдары басталды. Осы кезеңге
дейін республикалық байланыс құралдарының
негізін бағаналы
желілер мен коммутациялық қондырғылар құрады. 1950 жылы
Алматыда 800 нөмірлік АТС, 1956–1957 жылдары Алматы, Қа-
рағанды, Өскемен қалаларында тұңғыш телевизия орталықтары
салынды. 1960–1975 жылдары қалалардағы АТС-ті автоматтан-
дырудың үлес салмағы 97%-ға жетті. 1966 жылы Қазақстанның
батыс және оңтүстік облысы арқылы өткен Мәскеу – Ташкент
байланыс кабелі желісінің құрылысы аяқталды. Бұдан соң Но-
восибирск – Алматы, Самара – Атырау –Жаңаөзен кабель ма-
гистральдары, 1967 жылы “Орбита” ғарыш қабылдау станциясы
іске қосылды, халықаралық телефон
байланысын автоматтан-
дыру басталды. 1972 жылы Алматыда Қазақстанды КСРО-ның
120 қаласымен байланыстыратын АРМ-20 халықаралық авто-
матты телефон станциясы іске қосылды. ХХ ғасырдың аяғына
қарай Қазақстандағы байланыс желілері телекоммуникацияның
цифрлы жүйелері негізінде өзгертіле бастады.
Республикадағы
халықаралық телефон байланысы 2 жер үстілік телепорттар
арқылы жүзеге асырылады. Республикада халықаралық телефон
байланысы 1992 жылы Алматыда және 1995 жылы Ақмолада
Жер серігі телеайлақтары арқылы қамтамасыз етілді. Халықара-
лық автоматты коммутациялық станциялар С-12 жүйесіндегі
цифрлы станциялармен ауыстырылды. Аумағы зор, халқының
орналасу тығыздығы әркелкі, кабель желілерін тартуға болмай-
тын қиын жерлері көп Қазақстанда
ғарыштық спутник арқылы
байланыс аса тиімді. ХХ ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда
байланыстың телефакс, ұялы радиобайланыс, пейджинг, тран-
кинг, интернет сияқты жаңа түрлері пайда болды. Республика-
ның 7 облыс орталығында 7000
абонент ұялы байланыс, 12 ірі
қаласында 5000 абонент дербес радиошақыру (пейджинг) қыз-
метін пайдаланып келеді. 1996 – 1997 жылдары пайдалануға бе-
рілген Ақмола – Қарағанды талшықты-оптикалық желі Қазақ-
стандағы халықаралық цифрлы байланыс торабының негізін
23
қалады. 1998 жылы республикадағы халықаралық телефон ка-
налдарының ұзындығы 43 млн 363 мың км-ге жетті. Республика
қалаларында жалпы сыйымдылығы 1.856.997 нөмірлік 637 АТС,
ауылдық жерлерде жалпы сыйымдылығы 573945 нөмірлік АТС-
тер жұмыс істеді.
Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа
үлгілері іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде
сандық
телефон стансылары, ұялы телефон, арнайы карточка
көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар,
факс және пейджинг, Жердің жасанды серіктері арқылы байла-
нысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан
әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды.
("Қазақстан". Ұлттық энциклопедия / Бас.ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы:
"Қазақ энциклопедиясы"
Бас редакциясы, 1998. –1-т. – 60-61 бб.)
Достарыңызбен бөлісу: