26
Web-бағдарламашылар
да желімен жұмыс жасайды. Деген-
мен олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді.
Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын,
динамикалық
веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интер-
фейстерді жасаумен айналысады.
Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептер-
ді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешім-
дер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды
құрастырады. Сондай-ақ олар автоматты, типтік және стандарт-
ты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік
тілдерді жасақ-
таумен жұмыс істейді. Бағдарламашылардың IT-компаниялар
мен Web-студияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында, жеке
бағдарламашыны қажет ететін
компанияларда жұмыс істеуге
мүмкіндігі бар.
Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан технологияларға
бейімделе білуі қажет. Сол себепті өзін-өзі оқыту ең басты қа-
сиеттерінің бірі болуы тиіс. Әйтпесе бірнеше жылдың көлемінде
маманның маңызы кетіп, жұмыстан шығып кетуі мүмкін.
Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын
тілін білу де – ең маңызды талаптардың бірі.
Аталған маман ие-
лері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге,
жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етп-
ейді.
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)
Достарыңызбен бөлісу: