Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі


-ші дәріс. Педагогикалық квалиметрия және шеберлік



бет28/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

10-ші дәріс. Педагогикалық квалиметрия және шеберлік.

1.Педагогикалық квалиметрия туралы түсінік.


2.Педагогикалық профессионализімді бағалау, диагностикалау, өлшеу мәселе-лері.
3.Мұғалімдердің білімін бағалау және аттестациялау.
Әдебиеттер:
1.Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие- М.: Проспект,2005.стр.55-57.
2.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.
3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, /Дарын/, Алматы, 2004.-448 бет.
4.Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и колледжей /Под ред. П.И.Пидкасистого.- М.: Педагогическое общество России, 1998.- стр.577-601.
5.Жарменова Г.С.,Кусаинов Г.М., Кусаинова М.А. Педагогический словарь-справочник.- Астана, 2000.- 350 с.стр.33.
6. Қоянбаев Ж.Б.,Қоянбаев Р.М.Педагогика.–Алматы: «Эверо», 2004. – 328-б.
Мұғалімнің қызметін әділ бағалау күрделі әрі қажетті мәселе. Бүгін де мұғалімге қойылатын талаптар заман талабына сай өзгеріп отырған кезде, мұғалімнің қызметін әділ бағалау қажеттілігі туындап отыр.
70-жылдары педагогикалық квалиметрия деген түсінік пайда болды. Квалиметрия мұғалімнің қызметін әділ бағалау үшін арнайы, кәсіби қасиеттерін анықтау, өлшеу қажеттілігінен туындаған.
Квалиметрия - ол педагогикалық зертттеудің бір саласы, педагогтың арнайы, кәсіби қасиеттерін диагностикалау мәселелерімен айналысатын ғылым.
Квалиметрияға – педагогикалық зерттеудің, оның мазмұнының пара-метрлерін сипатттау, бағалау, өлшеу кіреді.
Аттестация - лауазымына сәйкестілігін анықтау мақсатында жүргізілетін әрекет түрі.
Аттестация - педагогтың квалификациялық санатына сәйкестілігін анықтау ушін жүргізілетін зерттеу.
Педагогтың еңбегін бағалау, өлшеу мәселесі педагогикалық жұртшы-лықтың назарынан тыс қалмаған. АҚШ-та рейтинг жүйесі қолданылады. Бағалау парақтарын толтыру, ол бойынша мұғалімнің қызметі үш тұрғыдан бағаланады: оқыту құралы, сыныпты басқара білуі, тәртібі бойынша.
Сондай-ақ, мұғалімнің еңбегін бағалау екі бағдарлама бойынша анық-талған: «Ұлттық мұғалімдер емтиханы», «Педагогикалық білім беру жүйесінде емтихан бағдарламасы» бойынша тест тапсыру арқылы.
Ресейде екі буынды модель бойынша бағаланған: мұғалімнің марапатталуы және тәжірибесі арқылы. Бүл модель бойынша бағалау объективті нәтиже бермеген. 1990 жылдан бастап мұғалімдердің еңбегін бағалаудың алты параметірлік моделі алынған. Олар: Оқушылардың білім сапасы - 70%, оқушылардың пікірі - 5%, ата-аналардың пікірі - 5%, әкімшіліктің бағасы - 5%, әріптестерінің бағасы - 5%, өзінің бағасы - 10%, барлығы - 100%.
Шетелдерде мұғалімдердің, оқушылардың еңбегін тест арқылы анықтау үйреншікті, қалыптасқан тәжірибе.
Қазіргі кезде мұғалімге қойылған талаптарға қарасақ, ол тәжірибе біздің елде де орын алуда. Конкурстық негізде жұмысқа алу, конкурстық негізде квалификациялау - уақыт талабы. Білім сапасын көтерудің бір жолы - мұға-лімнің жоғары квалификацияға ие болуында, бәсекелестікке қабілеттілігінде.
Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгеріліп, толықтырылды.
Аттестацияның негізгі мақсаты - педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Міндеті - мұғалімнің кәсіби деңгейіне қарай біліктілік санат беру. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Қазіргі кезде бұл мәселеге оң көңіл бөлініп келеді.
Аттестация өткізудің негізгі принциптері: еріктілік, ашықтылық, жүйелілік, эксперттік бағалаудың объективтілігі, әдепті, әділ өтуін қамтамасыз ету. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жүргізілуде қатаң сақталады.
Н.Портнов мұғалімдердің қызметін аттестациялау үшін келесідей критерийларды ұсынған:
-оқушылардың білім сапасы және тәрбиесі;
-пән бойынша білім деңгейлері;
-білімді тәжірибеде қолдана білулері;
-қоғамдағы, табиғаттағы болып жатқан өзгерістердің мәнін білу;
-оқушылардың өз бетімен білім алу деңгейі;
-оқушылардың техника түрлерімен жұмыс істей алулары;
-оқушылардың тәртібі, қоғамдық жұмыстарға араласулары, мәдениеті.
Мұғалімнің қызметі оқушылардың білімі, тәртібі, іскерлігі арқылы анықталады. Мұғалімнің қызметін бағалауда оның келесідей қасиеттері ескеріледі: жауапкершілігі, педагогикалық таланты, беделі, еңбексүйгіштігі, белсенділігі, тәртібі.
Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педкеңестің құзырында болады. Әр комиссия өз құзырына сәйкес мәселелерді қарастырады. Ал аттестациялық комиссияның негізгі шешімі – біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген: жоғары санатты республикалық, облыстық, бірінші санатты аудандық, қалалық, ал екінші санатты – мектеп аттестациялық комиссия береді.
Мұғалімнің немесе мектеп басшысының қызметі екі кешенді көрсеткіш- термен бағаланады. Біріншісі – қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі - практикалық қызметті эксперименттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп береді: ғылыми-әдістемелік, немесе тәжірибелік – эксперименттік жұмыстарды ұсына алады.
Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық экспертизадан (сараптаудан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде, аудандық, облыстық технология, тестілеу, эксперименттік бағалау тәсілдері қолданылады. Дегенмен, педагогикалық қызметті болжамдау және жинақтауды аттестациялық комиссия нақтылап, түзетулер енгізіп отырады.
Мұғалімдерді аттестациялау педагогтің біліктілік санат сұраған арызы бойынша бес жылда бір рет өткізіледі.
Кейде аттестация мұғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педкеңестің шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін. Шағын комплектілі мектептерде аттестация өткізуді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектеп мұғалімінің аттестациялауды аудандық бөлімінің немесе ірі мектеп базасында құрылған комиссия атқарады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастырылуына, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, ұжым -да іскер тілектестік көңіл-күйдің қалыптасуына тәуелді болып келеді.
Жалпы айтқанда, мұғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдіс -темелік жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып табылады.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Педагогикалық квалиметрия дегенді қалай түсінесіз?
2. Педагогикалық профессионализімді бағалау әр елде қалай өтеді?
3. Мұғалімдерді аттестациялау туралы не білесіз?
4. Мектеп басшысының қызметі қалай бағаланады ?
5. Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты не?
6. Мұғалімнің қызметі қазіргі кезде қалай бағаланады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет