Педагогикалық техника - мұғалімнің қызметінде түрлі жағдайларда тәрбиеленушілермен нәтижелі әрекеттесуге, өзінің тәртібін, көңіл күйін қадағалауға мүмкіндік беретін жалпы педагогикалық, психологиялық іскерлік және дағдылар жиынтығы. (Г.М.Коджаспирова).
Педагогикалық әрекеттестік- педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынас жасау барысында белсенділік, ынтымақтастық таныту нәтижесінде тәртіптерінің, әрекеттерінің, қатынастарының өзгеруі.
Просодика және экстралингвистика- интонация, дауыстың естілуі, тембр, пауза, дем алу, күлкі,жөтел (дауыстың сипаты);
Проксемика- оқыту кезіндегі мұғаліммен оқушының арасындағы арақашықтық.
Такесика- қол ұстау, арқадан қағу, сипау.
Тіл мәдениеті - бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл қоғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ, орынды сөйлеу. Л.И.Ожегов.
Шығармашылық - қоғамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын адамның түрлі сапалы материалдық, рухани құндылықтарын жасайтын әрекет жасау түрі. Ойлаудың жоғары түрі , бұрын белгілі болмаған тәсілдер арқылы шешілуі.
Шеберлік- дегеніміз оқытушының жоғары деңгейде кәсіби қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы. Э. А. Урунбасарова.
Этика - мораль туралы ілім, оның мәнін, формаларын, пайда болуын зерттейді.
СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары
№ 1. тақырып.
С.Сарғасқаев. Ұстаз. Жазушының бұл кітабында жас ұстаздың алғашқы қадамы, еңбек жолы әңгімеленеді. Келесі үзіндіні оқып өзіңіздің пікіріңізді айтыңыз.
... Оқып жүргенімізде көптеген аудандардың мектептеріне практикаға барғанымыз бар. Сонда жаңадан жұмыс істеп жүрген жас мұғалімдер өздерінің алғаш қалай келгенін әңгімелейтін: “ой, несін сұрайсың, біз алғаш келгенде, оқу бөлімі қошаметпен жылы қарсы алды. Күтпеген едік ондайды”.
“Оған неге таң қаласыңдар? Дүниедегі ең құдіретті, құрметті мамандық иесі бұлай қарсы алуға тұрмай ма? Туған ана мен сүйікті ұстазын тани білген адамдар әсте осылай болар”, - деп тақылдап, біздің өзімізді ұялтқандар да кездескен.
Басқасын қайдам, аудандық оқу бөлімі кеңсесінің табалдырығынан көтеріле бергенде: “Қызылтауға жіберсе екен” – деген бір тілек көңіліме сап ете түсті.
Күні кеше имене басып табалдырығын аттаған, он жыл оқып білім алып, өнерге үйренген, алғаш еңбек жолына тәй-тәй қадам басқан, Жамал Төлендіқызы апайдай ұстаздан тәрбиеленген өзім де Қызылтауға енді ұстаз болып баруым кезінде арман еді-ау... Адам кейде мақтануды да сүйеді. Оның өзі бір сәт көңілді марқайтады да. Кеше шәкірт болған мектебіңе, бүгін ұстаз болып есігін ашсаң, ондай мақтаныштың несі айып. Адам сұлулығы бет-ажар көркінде емес. Адам өз бақытын түсіне білсе, соған қанағаттана білсе, жүрегінің қалауымен өмір сүре білсе, нағыз сұлулық сонда екенін де түсініп, жүрегіме түйдім ғой. Сол жүрек әмірімен, енді мұғалім атанып келіп отырмын ғой... Бұл жас мұғалімнің ішкі жан-дүние сезімі.
2. тапсырма: Ұстаз туралы қанатты сөздерді жазып келу, талдау жасап пікір айту.
№ 2. тақырып. Ұстаздың іс-әрекет түрлері.
Боранбаевтың С. «Ұстаз» әңгімесіндегі балалардың, ұстаздың іс-әрекетіне баға беріңіз.
.....Несін жасырайын біздің бесінші сыныпқа тарих пәнінен сабақ беретін мұғаліміміз Айткен ағаймен көпке дейін үйренісе алмай-ақ қойдым.
Өзі ұстамды да, салмақты еді. Оқыс қылықтарыңды қиядан байқай қоятын. Тіпті, не мектепте, не далада оқыстау ойнап, ожарлау сөйлесең де бәрін көріп, бәрін еститін. Көрерін көріп, естерін естіп кете берсе бір сірә ғой. Жоқ олай етпейді. Айқайлап ақырып-жекірмейтін, салмақтап сөйлеп-ақ сазаңды беретін. Сондықтан оның алдына екінші рет кінәлі болып барудан өзің де қашып жүретінсің. Ол, әсіресе үйге берілген тапсырманы сұрағанда аяғыңды қия бастырмайтын. Дайындықсыз келіп көр сабаққа. Онан жалтару да, бірдеңе етіп сылтау айтып құтылу да мүмкін емес. Ойлағаныңның бәрін біліп қояды. Бірақ жақсы жағын да айта кету керек қой, сабақты жақсы дайындалып келсең, сені рахаттана тыңдап, жайнап отырар еді... Бұл шәкірт ойы.
Оқиғаның әрі өрбуі қызықты, тартымды жазылған. Мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынас сыйластық сезім, әдемі суреттелген.
№ 3. тақырып. Мұғалімге қойылатын талаптар. «Педагогикалық деонтология» -педагогтың тәртібі туралы ғылым.
Педагогикалық жағдаятты шығарыңыз.
Қай сынып жетекшінің іс әрекеттері дұрыс, сіз олардың орнында болсаңыз не істер едіңіз?
7 сыныпта басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Сыныпта оқушылар арасында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіпте төмендеді. Сынып жетекшісі сыныптағы беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, сынып дәстүрін мойындауды талап етті.
Бұл жағдайда басқа сынып жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар коллективі бұл істен сырт қалды. Сынып жетекшілердің іс әрекеттерін салыстырыңыз, сіз не істер едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |