ОСОС - әлсіз, өте сирек кездесетін мінез түрі. Мұндай мінез-құлық иелері дәрменсіз, түрлі ықпалдарға түскіш. Әйелдер арасында жиі кездесетін мінез.
СООО
ОСОС - әлсіз, өте сирек кездесетін мінез түрі. Мұндай мінез-құлық иелері дәрменсіз, түрлі ықпалдарға түскіш. Әйелдер арасында жиі кездесетін мінез.
СООО – мұндай үйлесімділік жиі кездеседі. Оған тұрақсыздықпен ұштасып жататын әсерленгіштік нысандары тән.
СООС – Сізге жұмсақтық, аңғалдық тән. «Кішкентай ханшайым» типі - өзіңізге ерекше ұқыпты қарым-қатынасты талап етесіз.
ССОО – Сізге жылышырайлылық пен қарапайымдылық тән. Қызығушылықтарыңыз шашыраңқы, өз іс-қимылыңызға жиі есеп беріп жүруге бейімсіз.
ССОС – Сіздің мінезіңізге қарапайымдылық, кішіпейілділік, сенгіштік тән. Өте сирек кездесетін мінез. Ер адамдарда мүлде кездеспейтін деуге болады.
СССО – Сіз сезімтал, қимылыңыз ширақ, батыл адамсыз, алайда шешімді асығыс қабылдайсыз. Сіз өзіңізді тежеп ұстауыңыз қажет. Мұндай мінезді ер адамдардың сезімге берілуі сирек кездеседі.
СССС – Сізге тез бейімделгіштік тән. Кез келген құбылысқа жаңаша қарауға қабілеттісіз. Сізге әсерленгіштік, өзімшілдік және бірбеткейлік тән. Кейде ол тұйықтыққа әкеліп соғады.
СОСО – мінездің ең күшті түрі. Сізді бір нәрсеге иландыру мүмкін емес. Сіз өз көзқарасыңызды тек күшпен өзгертесіз. Ширақсыз, алға қойған мақсатқа жетуде қажырлылық көрсетесіз.
СОСС – Сіз қойылған мақсатқа жетуде табандысыз. Мұндай мінезді адамдар ырыққа көнбейді, оларды өз айтқанынан қайтару мүмкін емес. Мұндай адамдар үшін дос табу қиын.
ОССО – Сіз икемделгішсіз. Дау-жанжалдан алыс жүресіз, саяхаттағанды ұнатасыз. Дос табу Сіз үшін оңай. Алайда, жиі әуестенуге құмарсыз.
ОССС – Сізге тұрақсыздық пен тәуелсіздік тән, бәрін өзіңіз істегіңіз келіп тұрады. Талдай білу бейімділігіңіз арқасында күрделі міндеттерді табысты шешесіз. Әдетте, жұмсақ көрінгенмен, істі аяғана дейін жеткізу қажет болғанда та. Сауалнама №2. Мақсаты: мұғалімнің өзін-өзі дамытуға қабілетін анықтау.
Келесі баллдарды қоя отырып, сұрақтарға жауап беріңіз:
5 — егер берілген тұжырым шындыққа толығымен сәйкес келсе;
4 — сәйкестенбеуден гөрі, сәйкестенеді;
3 — иә да емес, жоқ та емес;
2 — сәйкестенуден гөрі, сәйкестенбейді;
1 — сәйкес емес.
1. Мен өзімді зерттеуге тырысамын.
2. Жұмыстың және үй жұмысының көптігіне қарамастан, мен өзімді дамытуға уақыт қалдырамын.
3. Туындайтын кедергілер менің белсенділігімді ынталандырады.
4. Мен кері байланысты іздеймін, өйткені бұл өзімді тануға және бағалауға көмектеседі.
5. Мен арнайы уақыт бөле отыра, өз қызметіме сын көзбен қараймын.
6. Мен өзімнің сезімдеріме, тәжірибеме талдау жасаймын.
7. Мен көп оқимын.
8. Мені қызықтыратын мәселелер жөнінде молынан пікірлесемін.
9. Мен өз мүмкіншіліктеріме сенемін.
10. Мен ашықтау болуға тырысамын.
11. Қоршаған адамдардың маған тигізетін ықпалын жете түсінемін.
12. Мен өзімнің кәсібі дамуымды басқарамын және оң нәтижелер аламын.
13. Мен жаңа нәрселерді игеруден рақат аламын.
14. Жауапкершіліктің артуы мені қорқытпайды.
15. Мен қызметте көтерілуіме жағымдылықпен қарар едім.
Жалпы саны: ____
Баллдардың жалпы санын санаңыз:
75-55 — өзін-өзі дамыту қабілеті жоғары;
54-36 — өзін-өзі дамытудың қалыптасқан жүйесі жоқ, өзін-өзі дамытуға бағыттылығы жағдайларға күшті байланысты;
35-15 — өзін-өзі дамыту қабілеті төмен.
№ 10. тақырып.Педагогикалық квалиметрия және шеберлік.