Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет80/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

«Өзіңізді білесіз бе?»

Ғалымдардың айтуынша, егер адам миының оң жарты шар жетекші болып табылса, онда эмоцияның басым болғаны. Ал, егер мидың сол жақ бөлігі жетекшілік рөл атқарса, онда аналитикалық ақыл қабаты басым. Ұсынылып отырған тест адамдағы жетекші ми сыңарын анықтауға мүмкіндік береді. Және де бұл туа біткен нышан болып табылады, сондай-ақ өмір бойы өзгермейді. Алайда, қатты толқығанда мидың жетекші бөлігі орын ауыстырып, өзгеріске түсуі мүмкін екендігін де ескерген жөн.


1-нұсқау. Қолыңыздың саусақтарын айқастырыңыз. Сіз бір (оң немесе сол) бас бармақтың ұдайы үстінде тұратынын аңғарасыз. Егер, ол сол саусақ болса – сіз тым әсерленгіш адамсыз. Ал, ол оң саусақ болса, онда сізде аналитикалық ойлау басым.
2-нұсқау. Бір нысананы таңдап, оны қалам немесе қарындаш арқылы көздеп көріңіз. Оң көз жетекші роль атқарса, онда сіздің мінезіңіз бірбеткей, табанды болғаны, сол көздің жетекшілігі мінез-құлқыңыздың жұмсақ және көнгіштігі туралы хабардар етеді.
3-нұсқау. Егер қолдарыңызды кеуде тұсына айқастырғанда сол қол үстінде тұрса, назды қылықтарға бейімсіз, егер, оң қол үстінде тұрса, сізге қарапайымдылық, ақкөңілділік тән.
4-нұсқа. Егер сізге оң қолымен шапалақ ұрған ыңғайлырақ болса, онда сізге батылдық тән, ал, сол қолмен шапалақтау ыңгайлырақ болса, онда шешім қабылдар алдында сіздің жиі қобалжитындығыңызды білдіреді.
Әрбір нұсқаудан кейін қайсы қол (ми бөлігі) – оң (О) немесе сол (С) сіз үшін жетекші болып табылатынын жазыңыз. Сіз төрт әріптен тұратын формула алдыңыз. Өзіңізге тән формуланы тауып, мінез-құлық ерекшелігіңізді анықтаңыз.
ОООО – Сіздің мінезіңізге кертартпалық тән жалпы қабылданған пікірге (стереотипке) мойынсұнуға бейімсіз. Дау-жанжалды, айтысуды ұнатпайсыз.
ОООС – Сіздің мінезіңізге жасқаншақтық тән.
ООСО – Сізге назданғыштық, бірбеткейлік тән, әзілдеуді ұнатасыз,. Сізбен қарым-қатынас жасау үшін де осы қасиеттер керек. Бұлар тез тіл табысқыш адамдар. Мінездің бұл түрі, әсіресе, әйел адамдарда жиі кездеседі.
ООСС – мінездің сирек ұшарасатын түрі, жұмсақтық тән. Алайда, тартыншақтық (сол қолмен шапалақтау) пен қатаң мінез (оң көздің жетекшілік роль атқаруы) арасында қайшылық байқалады.
ОСОО – ой орамдылығы мен мінез жайлылығын біріктіретін мінез-құлық түрі. Бұл мінез «іскер әйелдерде» жиі ұшырасады. Мұндай адамдар өзгелерге баяу үреніседі, сақ болып келеді, қарым-қатынаста төзімді және салқынқанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет