3.Франчайзинг шарты консенсуалды болғандықтан, қатысушылар арасындағы заңи байланыс, олар шарттың елеулі талаптары бойын-ша келісімге келген сәттен бастап туындайды. Сондықтан лицензиар тиісті лицензиялық кешенді барлық құқықтарды шартпен көзделмеген мерзімдер мен көлемде беруге міндетті, ал лицензиат оларды өзіне беруді талап етуге құқылы. Сонымен бірге, франчайзингтің ерекшелігі қандай да бір мүлікті физикалық түрде (яғни қолдан қолға) беру орын алмайтындығында, өйткені ол материалдық емес. Лицензиар жоғарыда аталған мақсаттарда лицензиатқа құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігін беру үшін лицензиар белгілі бір ақпартты беруге міндеттелетін болады.Кешенді лицензиар лицензиатты оған берілген құықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша оқытуға және оған кеңес беруге міндетті. Сонымен қатар кешенді лицензиар лицензиаттан алынған құпия коммерциялық ақпаратты жария етпеуге міндетті. Шартга лицензиардың басқа да міндеттері көзделуі мүмкін. Қазакстан Республикасының "кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" Заңның 14-бабына сәйкес кешенді лицензиар мынадай құқықтарға ие.
1.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша лицснзиатпен шығарылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасын бақылау;
2. Лицензиат өз кәсіпорнын (кәсіпорындағы өз үлесін) иеліктен айырған кезде оны басымды түрде сатып алу;
З.Үшінші тұлғалар алдында лицензиатқа қатысты кепіл болу үшін немесе кепілші болу;
-
Кешенді лицензиатпен өзге де шарттар бекіту, атап айтқанда оған қатысты лицензия беруші болу;
-
Кешенді лицензиат өз міндеттерін орындамаған кезде кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын біржақты тәртіпте бұзу және одан келтірілген залалдарды өндіру, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша берілген айрықша құқықтар кешенін беруге бағытталған әрекеттерді жүзеге асырмау. Заңнамамен немесе кешенді кәсіпкерлік лицензия шартымен кешенді лицензиардың өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Жоғарыда айтылғаннан туындайтындай, франчайзинг шартының алдына қойған міндеттерінің бірі болып лицензиялық кешен бойынша лицензиатпен құқықтарды жүзеге асыруда нақты шектеулерді белгілеу табылады. Оны шешкен кезде франчайзинг екі тараптың да қызығушылығын тудырады. Лицензиар жаңа орында өндірісті, игерілген технология бойынша болса да, шексіз қалпына келтіру қажеттілігімен әртүрлі мемлекеттердің билік басындағылармен тиісті формалдылықты жөнге келтіру т.с.с. босатылады. Сонымен бірге ол өзінің интеллектуалдық меншігін, бизнесті жүргізу тәсілдерін және тіпті басқа тұлғалармен іскерлік беделді пайдалануды лицензиялау арқылы елеулі көлемде табыс ала алады.Лицензиат шығындарды көтереді, бірақ ол оларды тезірек және кепілді түрде қайтару мүмкіндігін алады. Егер сол бір немесе өзге кәсіпкерлік қызметтің қалыптасқан пайдалылық көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, шығындармен алынатын кірістер әрқашанда бір-бірімен арақатынаста болады. Лицензиар үшін лицензиаттың алатын пайдасы немесе өзге де олжасы оның шығындарымен салыстырғанда көп болмауы маңызды болып табылады, олай болмаған жағдайда оның құқықтары елеулі түрде кемсітілген болады.Кешенді лицензия бойынша құқықтардың белгілі бір көлемінің лицензиатқа өтуі белгілі бір шамада оның құқықтарын азайтады. Алайда дәл қандай шамада азайтатынын анықтау қиын. Лицензиар мен лизенциаттық ұқсас құқықтарының өзара бәсекелестігі туралы мәселеде өзекті болып қалып отыр. Заңнама мәнісінен туындайтындай лицензиар құқықтарының толықтығы туралы болжам негізгі болып табылады. Оған соңғысы жекелеген құқықтарын тікелей жоққа шығарылатын жағдайлар ғана күмән келтіре алады.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартымен тікелей көзделгенде, лицензиарға лицензиатқа бекітілген аумақта қолдану үшін басқа ұқсас кешенді кәсіпкерлік лицензияларды бермеу не осы аумақта тікелей дербес қызметті жүргізуден тартыну міндеті жүктеледі.Заңнамада шектеу талаптарын лицензиат үшін де белгілеу мүмкіндігі көзделген. Оларға мыналар жатады:
а) лицензиаттық кешенді кәсіпкерлік лицензияны пайдалану аумағында лицензиат лицензиарға тиесілі айрықша құқықтарды пайдалана отырып жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке қатысты лицензиармен бәсекеге түспеу міндеттемесі;
б) лицензиардың бәсекелестерінен (әлеуметті бәсекелестерінен) басқа да кешенді кәсіпкерлік лицензияларды алудан лицензиаттың бас тартуы. Бұл жағдайда пәні бойынша ұқсас (құқықтар жиынтығы бойынша ұқсас) лицензиялық кешені бар лицензияларды алудан бас тартуы көзделеді;
в) шарт бойынша берілген айрықша құқықтарды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын үй-жайдың орналасқан жерін, сондай-ақ оның сырты мен ішін безендіруді лицензиаттң лицензиармен келісу міндеттемесі көзделуі мүмкін.
Жоғарыда лицензиаттың қызметіне лицензиардың қатал бақылау мен бақылау бойынша белгілі бір әрекеттер (лицензиаттың қызметін заңсыз шектеу) жасау мүмкіндігі туралы айтылғанына қарамастан лицензиатқа кешенді кәсіпкерлік лицензия талаптарымен көзделген келесі шектеу міндеттемелері жарамсыз болады:
1) лицензиат сататын тауардың бағасы немесе лицензиат орындайтын (көрсететін) жұмыстардың (қызметтердің) бағасы, не аталған бағаның жоғарғы немесе төменгі шегі лицензиармен белгіленетіндігі туралы талап;
2) лицензиат белгілі бір санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) ғана не шартта белгіленген аумақта ғана орналасқан жері бар (тұратын орны) ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) тауарлар сатуға, жұмыстар орындауға немесе қызметтер көрсетуге құқылы болатын талап.Шарт бойынша құқықтар берілгеннен кейін лицензиат лицензиялық құқықтарды шарт талаптарына, заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.Франчайзингтік қатынастардың тұрақтануы мен тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау да және шарт бойынша басқа да мәселелерді шешу кезінде, сондай-ак іскерлік айналым дағдыларын да қолдану жоққа шығарылмайды. Жалпы кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты оны орындау басталғаннан кейін (одан талап етілетін іс-әрекеттерді лицензиармен жасау) лицензиат міндеттерінің басым болуымен сипатталады.Егер шартта өзгеше көзделмесе лицензиат:
- лицензияларды өзінін өндірістік аумағына жіберуге, оған қажетті құжаттаманы беруге, яғни лицензиарга өнімнің шығу көлеміне оның таралу (сатылу) аумағына және т.б. бақылау жасауға мүмкіндік беретін құжаттарды беруге;
-
берілген айрықша құқықтардың дұрыс пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетуге яғни лицензиаттық кәсіпорнында жүргізілген тексеріс нәтижелерінің шынайылығы үшін лицензияларға өзінің тауарлық белгісін пайдаланумен сатылып кеткен өнімнің сапасын қосымша тексеру, оның қосымша саны лицензиатпен жасырын түрде шығарылатын-шығарылмайтындығын және тағы баска анықтау талап етіледі;
- лицензиялардың пайдалануға берілген айрықша құқықтардың сипатына, пайдалану әдісімен шарттарына қатысты барлық нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауға;
- лицензиялардың өндіріс құпиясын және одан алынған коммерциялық жасырын ақпаратты жария етуге;
- сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) олар үшін мейлінше айқын әдіспен фирмалық атауын тауар белгісін, қызмет белгісін немесе даралаудың өзге де құралын кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты негізінде пайдаланылатындығы туралы хабардар етуге міндетті. Бұл лицензиармен лицензиаттың өзара қарымқатынасы олардың ішкі мәселесі болып табылатындығымен байланысты. Лицензиар сенім білдіріп немесе ойланбастан кешенді кәсіпкерлік лицензияны лицен-
зиатқа бергендігі, оларды лицензия бойынша өндірілген тауарлардың,
атқарылған жұмыстардың көрсетілген қызметтердің сапасы төмендеді деп жаңылыстыру салдарынан тұтынушылардың құқықтарын бұзбауға тиіс. Лицензиаттың аталған міндеті тауарлар, жұмыстар (қызметтер) тұтынушыларының олар туралы жан-жақты және сенімді ақпарат алуға деген құқықтарымен байланысты.Лицензиат шарт талаптарына сәйкес сыйақы төлеуге міндетті. Көмекші міндеттемелер нысанында құрылатын қосалқы франчиздік қатынастардың пайда болуы әбден мүмкін. Онда лицензиаиттың өзі қосалқы лицензиатқа қатысты лицензиар ретінде табылады. Бұл кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында лицензиатқа берілген барлық немесе жекелеген айрықша құқықтарды басқа тұлғаларға пайдалануға рұқсат ету құқығы лицензиармен келісілген немесе шартта белгіленген жағдайларда көзделуі мүмкін. Негізгі шарт бойынша сыйақы, кешенді кәсіпкерлік қосалкы лицензияға қатысты барлық талаптар атап айтканда, қосалқы лицензия негізінде өндірілетін өнімнің сапасы оны сатып алу және т.б. реттелуге тиіс. Лицензиат үшін қосалқы лицензияның кімге берілетіндігі манызды болады.Кейбір жағдайларда кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының өзінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдалану аумағы көрсетіліп немесе көрсетілмей, лицензиаттың белгілі бір мөлшерде қосалқы лицензия беру міндеті қамтылуы мүмкін. Мұндай міндетті белгілеу лицензиардың мүддесімен байланысты болуы мүмкін. Өйткені ол оны шартта белгілей отырып, сыйақы бағасында оған қосалқы лицензияны сатудан түсетін сома лицензиатпен ескерілетін болғандықтан, лицензияны сатудан мүмкіндігінше көп пайда табу мақсатын көздейді.Қосалқы лицензиялық франчиздік келісімнің көмекшілік сипаты АК бірқатар нормаларынан көрініс табады. Атап айтқанда кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты лицензиармен лицензиаттың негізгі шартынан неғұрлым мерзімге бекітуге болмайды. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тоқтатылуы осыған сәйкес жасалған барлық кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартын токтатады. Егер заң актілерінде көзделген негіздер бойынша негізгі шарт жарамсыз деп танылса, осыған сәйкес жасалған кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарттары да жарамсыз деп танылады.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты құқықтардың нақты анықталған көлемімен сипатталады. Бұл оны бөтеннің мүлкін пайдалану көзделетін, мысалы мүлікті жалға алу шартынан басқа да шарттардан ерекшелендіреді. Онда мүлікті пайдалану кезінен тек жалпы категориялармен, мерзіммен, мүлікті мақсатына сай пайдалану талабымен және өте сирек жағдайда пайдалану көлемінен ғана анықталады. Сол себептен жалға алу шартының негізінде көмекші шартты бекіту осындай шартты франчайзинг шартының негізінде бекітуден елеулі түрде ерекшеленеді. Бірінші жағдайда қосалқы жалға алушының құқықтары белгілі бір өзіндік мазмұнға ие болады. Екінші жағдайда олар іс жүзінде арифметикалық түрде бірінші лицензиат құқықтарынан алынады. Осыған орай АК 904-бабының нормасы да көзделген. Оның әрекеті қосалқы лицензиат өзіне берілген құқықтарды жүзеге асырмаған жағдайларға арналған. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында өзгеше көзделмесе, ол мерзімінен бұрын токтатылған кезде, кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты бойынша лицензиаттың құқықтары мен міндеттері осы жағдайда негізгі шарт бойынша лицензиат ретінде шығатын лицензиарға ауысады.Шарт тоқта тылғаннан кейін лицензиат, егер оларды өзінде қалдыру көзделмеген болса, лицензиарга тиісті құжаттаманы қайтарута тиіс. Шартпен егер ол болса, лицензиатпен өндірілген артық өнімнің тағдыры туралы мәселе шешілуі мүмкін. Кешенді лицензиат кешенді лицензиармен негізгі франчайзинг шартынан басқа өзге де шарттар бекітуге құқылы. Заңнамамен немесе шартпен кешенді лицензиаттың өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өзінің әрекет етуін, лицензиат өзіне берілген құқықтарды жүзеге асыратын бүкіл кезеңге сақтап қалады. Сол бір немесе өзге себептер бойынша (мысалы қайта құрылу) лицензиар өзінің фирмалық атауын өзгерткен жағдайда да шарт өз күшінде сақталады. Бұл орайда лицензиялық кешеннің құрамында берілген ескі фирмалық атауды жаңа фирмалық атауға ауыстыру жүзеге асады. Лицензиаттың еркі бойынша ол шартты бұзуды талап ете алады. Шарт күші сақталған жағдайда лицензиат лицензиарға тиесілі сыйақының тиісінше азайтылуы талап етуге құқылы.Осыған ұқсас норма лицензиялық кешен құрамындағы бір немесе бірнеше құқықтарды өзгерту жағдайлары үшін көзделген. Бұл мысалға патенттің әрекет ету мерзімінің өтіп кетуі салдарынан өнертапқыштыққа деген құқықтың заң бойынша қорғалуы тоқтатылған жағдайларда орын алуы мүмкін. Лицензиар бұл уақытта ескі өнертапқыштықтың орнын толтыра алатын жаңа өнертапқыштықты пайдалану құқығына ие болуы мүмкін және т.б. заңнама мәнісінен туындайтындай, ең бастысы лицензиялық кешен элементтерінің (құқықтарының) негізгі бөлігі өзгермесе болды. Сондай-ақ ауыстыру нәтижесінде үлкен пайда әкелетін интеллектуалдық меншік объектісіне деген құқыққа ие болған лицензиат бұл үшін сыйақыны үлкен мөлшерде төлеуге міндетті емес. Керісінше, егер интеллектуалдық меншіктің жаңа объектілерін пайдалану тиімділігі төмен болса лицензия кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өз күшінде сақталған кезде, лицензиарға тиесілі сыйақы мөлшерін сәйкесінше азайтуды талап етуге құқылы. Лицензиялық кешен құрамында бір немесе бірнеше құқықтар өзгертілген кезде шарт күшін сақтап қалуға мүдделі емес лицензиат оны бұзуға құқылы.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының қолданылу мерзімінде шарт бойынша пайдалануға берілген кешенге кіретін қандай да бір айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өтіп кеткенде не мұндай құқық өзге де негіз бойынша тоқтатылғанда шарт сақталады. Ал егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиарға тиісті сыйақыны мөлшеріне қарай азайтуды талап етуге құқылы.Франчайзинг шарты бойынша жауапкершілік жағдайларына оның кәсіпкерлік сипаты әсер ететіні сөзсіз. Талаптардың әрқайсысы шартты орын дамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен егер олардың өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы бой алдырмайтын күш жағдайларының әрекет ету салдарынан орын алуын дәлелдесе босатылуға тиіс.Лицензиар тарапынан құқық бұзушылықтар одан талап өтілетін құжаттаманы ақпаратты бермеген көрініс табуы мүмкін. Бұған қоса лицензиар егер лицензиат үшін негізсіз шектеулер белгілесе оны фирмалық атаудың беделділігі, интеллектуалдык меншіктің сол бір немесе өзге объектілерінің кұндылығы туралы жаңылыстырылса және осымен оған зиян келтірсе, жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Егер лицензиат шартты лицензиардың фирмалық атауын өзгерту немесе лицензиялық кешеннің құрамына кіретін бір немесе бірнеше құқықтарды өзгерту салдарынан бұзса, онда лицензиар лицензиатқа келтірілген залалдарды өтеуте міндетті (ҚР АК 905, 906-баптар). Лицензиардың лицензиат алдындағы жауапкершілігінің басқа да жағдайлары жоққа шығарылмайды.Франчайзинг шарты бойынша лицензиат алдында лицензиар жауапкершілігінің туындауы ықтималдырақ болып табылады. Лицензиат лицензиардың барлық негізделген нұсқауларын ұстануға тиіс. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия талаптарынан ауытқуларға жол берілсе, лицензиялардың құқықтары мен мүддесі бұзылса, зиян келтірілсе, онда лицензиат толық көлемде соның ішінде лицензиардың барлық залалдары үшін жауапты болады. Бұған коса сапасыз өнімді шығаруға және оны сатып алушыларға сатуға берген лицензиат лицензиардың іскерлік беделін түсіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Жауапкершілік мәселесіндегі тағы бір аспект шарт бойынша көзделетін жауапкершіліктің өзіне емес ал лицензиялық кешенге кіретін құқықтарды пайдалану салдарынан зиян келтірілгендегі үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікке қатысты. Заңнама құқықтардың лицензиарға тиесілі екендігін, лицензиатты таңдағаны және оған көрсетілген сенім үшін оның жанама жауапкершілігін ескереді. Осы айтылғанаға орай АК 901-бабына сәйкес лицензиар кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша сатылатын (орындалатын, көрсетілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасының сәйкессіздігіне байланысты лицензиатқа қойылған талаптар бойынша субсидиарлы жауапты болады.Осыған ұқсас жағдай қосалқы лицензиатпен жасалған әрекеттер үшін жауапкершілік туралы мәселе туындаған кезде қалыптасатын болады. Заңнама мәнісі бойынша оның іс-әрекеті үшін субсидиарлы жауапкершілікке негізгі лицензиар да, лицензиар-лицензиатта тартылуға тиіс.Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттарымен өзгеше көзделмесе қосалкы лицензиаттардың іс-әрекеттерімен лицензиарға келтірілген зиян үшін лицензиат субсидиарлық жауапты болады. Субсидиарлық жауапкершілікке тартылған лицензиар не лицензиат, сәйкесінше лицензиат немесе қосалқы лицензиат үшін оларға регрестік талап ету құқықтарына ие болады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты заңнамада көзделген жалпы негіздер бойынша тоқтатыла алады. Мерзімі көрсетіліп жасалған шарт оның әрекет ету мерзімі өткеннен кейін тоқтатылатын болады. Мерзімі көрсетілмей жасалған шарт лицензиат берілген құқықтардың барлық көлемін жүзеге асырғанда тоқтатылуы мүмкін. Егер құқықтардың көлемі бойынша шектеулер көзделмеген болса, онда шарт тараптар өзара келісім бойынша оның әрекетін тоқтатпағанша, әрекет ететін болады. Мерзімсіз кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында шарттан оның кез келген тарабы бас тарта алады. Бірақ екінші тарап бұл туралы айы бұрын хабардар етілуге тиіс. Бұл тарап императивтік болып табылады және хабардар ету мерзімі тараптармен азайтыла алмайды. Шарттағы осы жайлы талап егер шарт бұзылатын тарап өз құқықтарын қорғағысы келсе, жарамсыз болады. Шартпен мерзімі көрсетілмей жасалған кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын бір жақты түрде бұзу туралы хабардар ету үшін негұрлым ұзақ мерзім көзделуі мүмкін.Лицензиаттың пайдалануына берілген құқықтар кешенінің құрамына кіретін айрықша құқықтардың бірі тоқтатылған кезде, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты әрекеті тоқтатылған құқықтарды пайдалануға қатысты өз ережелерінің бөлігіне тоқтатылған құқықты пайдалануға қатысты өз ережелерінің бөлігіне тоқтатылған деп есептеледі. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты белгілі бір шамада мирасқорлыққа жол береді.Егер лицензиар - жеке тұлға болса және ол қайтыс болса онда кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша оның құқықтары мен міндеттері мұрагерге, егер ол кәсіпкер ретінде тіркелген болса немесе мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде (мұраны қабылдау мерзімінің ішінде) тіркелетін болса, ауысады. Өзге жағдайда шарт тоқтатылады.Заңнама мәнісі бойынша лицензиаттың (жеке немесе заңды тұлға) құқық субъектілігін тоқтату кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын тоқтатуға алып келеді.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Франчайзинг шартының түсінігі
-
Франчайзинг шартының мазмұны
-
Франчайзинг шартының ерекшелігі
Ұсынылатын әдебиет
1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.
2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.
3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.
4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.
5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.
6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 17. Конкурстық міндеттемелер
1. Басқаның мүддесінде тапсырыссыз іс әрекет жасау.
2. Конкурстық міндеттемелер.
1. Біржақты іс-әрекеттерге біржақты мәмілелер - құқықтық іс-әрекеттер жатады. Бұған қоса, құқықтық іс-әрекеттер аясында бірқатар іс жүзіндегі іс-әрекеттерде маңызды болуы мүмкін.Туындайтын міндеттеменің өзі шарттан тыс болып табылады. Ол тек іс-әрекет салдарының өзінен ғана емес, сондай-ақ заңнамада көзделген белгілі бір салдардың қатар туындауымен пайда болады. Яғни, міндеттеме өмір сүру үшін іс-әрекет жасау мен байланысты қандай да бір іс жүзіндегі өзгерістер ортада орындалу қажет.Әрекет етуші заңнамаға сәйкес бұл құқықтық қатынас, құқықтар мен мүдделердің бұзылуына жол бермеу үшінші немесе белгілі-бір тұлғаға әкелу мақсатында басқа тұлға іс жүзіндегі немесе заңдық іс-әрекеттер жасайтын жағдайларда туындайды. Бұл орайда, біреудің пайдасына іс-әрекет жасаған тұлға белгілі-бір шығынға ұшырауға тиіс, немесе оның өз құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілуі мүмкін.Соның салдарынан қосымша, заңмен анықталған талаптар болған кезде, пайдасына іс жүзіндегі немесе заңдық іс-әрекеттер жасалған тұлғаның міндеттемесі туындайды. Сонымен бірге, мұндай міндеттеменің туындау жағдайларынан алшақтайтын болсақ, онда оның мазмұны бір нәрседе тапсырма шартының мазмұнына жакын болатындығын атап өтуге болады, бірақ тапсырма шартынан елеулі ерекшелік болып бұл құқықтық қатынастарда олардың жеке сипаттылығынын болмауы табылады, өйткені пайдасына іс-әрекет жасалған тұлға тарапынан таңдау болмайды. Орын алған жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты, іс-әрекет жасаған тұлға мен міндеттеменің екінші субъектісі оған дейін жеке сенімі ерлік қатынастарда болуы мүмкін, және соған орай соңғысының пайдасына белгілі бір іс-әрекеітерді жасау мүмкін болуы мүмкін. Бірақ жеке сенімгерлік қатынастарда болуы міндетті емес. Сонымен қатар басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекетті кез келген тұлға тіпті кездейсоқ субъект жасай алады.Міндеттеменің осы түрі тындау үшін пайдасына іс-әрекет жасалаған мүдделі тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берілген келісімінсіз іс-әрекет жасау міндетті болып табылады (ҚР АК 855-бап 1-т.). Жалпылама түрде сол бір немесе өзге іс-әрекеттерді жасау туралы келісімнің болмауы туралы айтуға болады. Аталған норма, борышқор өзіне қандай да міндеттемелерді алдын ала алмаған және алуды да ойламаған жағдайда оның заңдық міндеттеу механизмінің әрекетін шартта енгізуді көздеген. Мысалы, мұндай формула орын алған іс-әрекет ақысыз тапсырма шарты емес, тапсырмасыз қызмет аясында болғанын анықтау міндетін қоюға тиіс. Ақысыз тапсырма шарты бойынша сенім білдірілген өкіл адал ниетсіз болуы да мүмкін. Бас кезінде ол тапсырманы (кәсіпкерлік қызмет аясында емес) ақысыз орындауға келісе отырып артынан негізсіз талаптар қоюы мүмкін. Тапсырма шарты бойынша өзінде сыйақы алуға деген құқықтың болмайтынын біле отырып ол талап арыз беріп өз талабын тапсырмасыз қызмет етуден-мыс туындайтын талап ретінде көрсетуі де мүмкін.Іс-әрекеттерден тұлғаның жеке басына немесе мүлкіне зиян келтірілуін болдырмау, оның міндеттемесін орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделері мақсаттарында жасалуға тиіс. Яғни жасалатын іс-әрекеттер іс жүзінде немесе болжамды түрде нәтижелі болып табылады. Оларды жасаудың айқын тиімділігі немесе пайдалылығы анық болуға тиіс. Бірақ алдында айтылған сөзімізге сүйенетін болсақ, осы іс-әрекеттерді тұлға жасай отырып, олардың шын нәтижелігі туралы қателесуі де мүмкін екенін атап өтуге болады.Жасалатын іс-әрекеттердің негізділігі мен құқықтық маңыздылығы тағы бір критерий болып мүдделі тұлғаның шынайы немесе болжамды ниеттері табылады. Егер баска тұлғалардың мүддесіне жасалатын осындай іс-әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бірі болып табылатын мемлекеттік органдармен жасалатын іс-әрекеттер туралы сөз болып отырса, онда тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттеме орын алмауға тиіс.Басқаның мүддесіне іс-әрекет жасайтын тұлға алғашқы мүмкіндік туған жағдайда мүдделі тұлғаға бұл туралы хабарлауға міндетті. Бұл талапты сақтамаған кезде, мүдделі тұлғаны хабардар ету мүмкіндігі пайда болғаннан кейін жасалған іс-әрекеттер бойынша гестор мүдделі тұлғадан тиісті өтемақы алу құқығынан айырылады.Жасалған іс-әрекеттер туралы хабардар еткеннен кейін гестор қисынды мерзім ішінде жасалған іс-әрекеттерді мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешімді күтуге міндетті. Алайда егер шешімді күту мүдделі тұлға үшін елеулі залал келтіруі мүмкін болса, гестор жауапты күтпестен мүдделі тұлғаның пайдасы үшін қосымша іс-әрекеттерді де жасай алады. Егер мүдделі тұлғамен берілген жауапта гестордің іс-әрекеті мақұлданбаса немесе жауап берілмесе және жағдайға қарай оны мақұлдау ретінде бағалауға болмайтын болса, онда гестор өзінің одан арғы іс-әрекеттерін тоқтатуға тиіс болады.Іс-әрекеттер жасаған тұлға оларды мүдделі тұлғаның мақұлдамағандығы белгілі болған соң жасаған бөтен мүдделердегі іс-әрекеттер осы іс-әрекеттер жасаған тұлғаға қатысты да үшінші бір тұлғаға қатысты да соңғысына міндеттер жүктемейді. Қатерге ұшыраған адамның өміріне төнген қауіпті жою мақсатындағы іс-қимылға осы адамның еркіне қарсы жол беріледі. Сондай-ақ тұлға біреуді асырау жөніндегі міндетті осындай міндеті бар тұлғаның тапсырмасынсыз және оның еркіне қарсы орындай алады. Яғни бұл жерде борышқор басқаның мүддесіне жасалатын іе-әрекеттен туындайтын міндеттеме бойынша заңға немесе шартқа сәйкес асырауға міндетті болған тұлғалар туралы сөз болып отыр. Мысалы, гестор өмірлік асыраудағы адамның ауыр жағдайын дұрыс тамақтанбауын суық күндері жылы киімінің жоқтығын көріп оған аяушылық білдіргендіктен тамағын, қажетті киімін беретін болса, артынан гестор өмірлік асырауда ұстауға міндетті болған тұлғаға тиісті талаптармен жүгіне алады.Жоғарыда сипатталған жағдайға қатысты әрине, басканың мүддесіндесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудан туындайтын әдеттегі міндеттемелер сияқты дәл сол категорияларды қолдану, борышқорды мүдделі тұлға деп атау қиын және т.с.с. Бірақ заң шығарушылар осындай жағдайларда басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудың да болатындығын ескере отырып, оларды жалпылама белгілеген. Бұған қоса, біздің ойымызша бұл жерде регресстік міндеттемелер механизмі де әрекет етеді (қолданылады).Егер бұл іс-әрекеттер онын қатысуымен жасалса, мүдделі тұлғаға оның мүддесіне жасалған іс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етілмейді. Мұндай іс-әрекеттердің жасалуын қаламайтын мүдделі тұлға оларды мақұлдамайтындығын өзі білдіруге тиіс. Басқаның мүддесіне мәмілелер де жасалуы мүмкін. Базардағы сатушы өзінің қасында тұрған басқа сатушы шыдаттырмайтын тіс ауруына байланысты өз тауарын уақытша қалдырып кеткенде оның тауарын ол үшін тиімді бағамен сатып жіберуі мүмкін. Кейбір жағдайларда басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаудан туындайтын міндеттеме басқаның мүддесіне мәмілені кәсіпкердің бизнес бойынша әріптесі жасайтын кезде де туындауы мүмкін. Бұл,егер екі кәсіпкер қызметтесу туралы локалды келісімдер мысалы, бір жөнелтушіден алынған әртүрлі тауарларды бірлесе тасымалдау туралы келісімдер бекіткен болса, орын алады. Солардың бірі екінші кәсіпкердің тауарына қатысты жасалған сату туралы офертаға сүйене отырып, оның тауарын жол бойында оның келісімінсіз бірақ, пайда болатындығын ескере отырып сатып жібере алады. Заңнама сонымен бірге басқаның мүддесіне мәміле жасаудың арнайы салдарын көздейді. Басқаның мүддесіне жасалған мәміле бойынша міндеттер ол осы мәмілені мақұлдаған жағдайда мүддесіне мәміле жасалған адамға ауысады оған міндеттердің ауысуына гестор мәміле жасасқан қарсы тарап өз келісімін беруге тиіс. Егер мәміле жасасу кезінде ол бұл мәміленің басқаның мүддесіне жаса-латындығын білген немесе білуге тиіс болған болса, оның келісімі талап етілмейді.Мәміле бойынша міндеттер мүддесіне осы мәміле жасалған адамға ауысқан кезде соңғысына осы мәміле бойынша құқықтар да берілуге тиіс. Егер мүддесіне іс-әрекет жасалған тұлға оларды мақұлдаса, онда оның гестормен ара қатынасында туындайтын қатынастарға алдағы уақытта тапсырма шарты немесе жасалған іс-әрекеттердің сипатына сай келетін өзге шарт туралы ережелер қолданылатын болады. Сонымен гестордың іс-әрекетін мақұлдаған кезде басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын шарттан тыс міндеттеме тиісті шартқа ауысатын болады. Бұл орайда шарттың заңнамамен талап етілетін нысанын сақтау міндетті емес, мүдделі тұлғаның ауызша мақұлдауы жеткілікті болады. Олар бір уақытта екі құқықтық қатынастарда болады.Басқаның мүддесіне іс-әрекеттер жасаған адам мүддесіне іс-әрекеттер жасалған адамға есеп беруге міндетті. Бұл міндет тапсырмасыз жасалған әрекеттерге де шарт аясында жасалған іс-әрекеттерге де таралады. Шарт бойынша жасалған іс-әрекеттер бойынша есеп егер, тиісті шарт туралы нормалармен осындай міндет көзделетін болса берілуге тиіс. Есептің мазмұнында түскен кірістер мен жасалған шығындар және өзге де залалдар көрсетілуге тиіс.Жоғарыда қарастырылған бірқатар талаптар болған кезде және гестор есеп беру жөніндегі міндетін орындаған кезде мүдделі тұлғаның өз міндеттерін орындау кезі туындайды. Оның көлемі заңнамамен анықталады. Міндеттеме тараптары өзара келісім бойынша оны орындаудың тәртібін мерзімдерін және басқа да талап етілетін қырларын нақтылай алады. Оның мазмұны басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлғаға залалдарды өтеуді қамтиды. Залалдар басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлға жасаған қажетті (артық емес) шығындарды қамтиды. Сондай-ақ залалдар құрамына басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлғаның өзге де нақты залалы (алынбаған пайда емес) енгізілуі мүмкін. Мұндай нақты залалға атап айтқанда, егер мүдделі тұлғаның мүлкін құтқару нәтижесінде гестордың денсаулығына зиян келтірілсе, гестордың емделуіне кеткен шығындар жатқызылатын болады. Мүдделі тұлға өзі мақұлдамаған гестордың өз іс-әрекеттерінен туындаған залалдарды өтеуге міндетті емес.Басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттер болжанған нәтижеге жеткізбеген жағдайда да қажетті шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеу құқығы сақталады. ҚР АК 859-бабының 1-тармағының 2-бөлігі гесторға төленетін сыйақының жоғарғы шегін шектеген. Гестордың қажетті шығындары мен өзге де нақты залалын мөлшеріне қарамастан мүдделі тұлғаның өтемі гестордың іс-әрекетімен құтқарылған сақтап қалынған мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төленуге міндетті. Шарттан тыс міндеттеме шарттық міндеттемеге ауысқаннан кейін тараптардың сыйақы төлеумен байланысты құқықтар мен міндеттері ауысады. Басқаның мүддесіне іс-әрекеттер жасаған тұлғаға мүдделі тұлғаның мақұлдауын алған соң жасаған іс-әрекеттерге байланысты келтірілген шығындар мен өзге де залалдар тиісті түрдегі шарт туралы ережелер бойынша өтеледі. Егер гестордың іс-әрекетінің салдарынан мүдделі тұлға пайда (кіріс) тапса, онда ол гестордың залалдарын өтеумен қатар оған сыйақы да төлеуге міндетті болады. Оның мөлшері мүдделі тұлғаның пайдасына сүйене отырып анықталатын болады.Егер мүдделі тұлғамен гестор арасында бұл туралы келісімге қол жеткізілсе, сыйақы төлеу мүдделі тұлғаның пайда көруіне қарамастан барлық жағдайларда мүмкін болады. Гестордың іс-әрекеттері оң нәтижеге алып келетін және іскерлік айналым дағдылары сыйақы төлеуді көздейтін жағдайларда да сыйақы төленуге тиіс. Осы айтылғандарды қорытындылай келсек, басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет ету салдарынан туындайтын міндеттеме деп - гестордын қалыптасқан жағдайларда орынды түрде жүзеге асуын ескерумен оларды болжамды пайдалылығы мен нәтижелігіне сүйене отырып жасалған біржақты іс-әрекеттерінен туындайтын міндеттемені түсінеміз. Ол мүдделі тұлғаның (пайдасына іс-әрекеттер жасалған адам) немесе заңнамада көрсетілген өзге де тұлғаның гесторға залалдарды өтеу ал заңнамамен тараптардың келісімімен немесе іскерлік айналым дағдыларымен көзделген жағдайларда оған сондай-ақ сыйақы төлеу міндетін қамтиды.Біреуге қатысты іс-әрекеттер жасау әрқашан да оңды нәтижеге жеткізбейді, іс-әрекет әрқашан да орын алған жағдай мен тұлғаның болжамды ниеттерімен жетеленбейді, ол әр уақытта оның пайдасы немесе мүддесі үшін жасалмайды. Бұған қоса, адам беру үшін іс-әрекет жасай отырып, оның құқықтары мен мүддесіне зиян келтіруі де мүмкін. Мысалы, адам өміріне оның қандай да бір ауруының асқынуына байланысты жол бойына қауіп төнген кезде оның қасындағы жол серігі оған көмектесіп, ауруын жеңілдету мақсатында оның тамыр ішіне дәрі енгізуі мүмкін. Дәрінің әсер ету эффектісін білмегендіктен ол ауру адамның жағдайын ұшықтырып жіберуі де мүмкін. Осындай мүмкіндікті ескере отырып, 863-бап басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттермен келгіріліен зиянды өтеу туралы норманы қамтыған.Басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттермен келтірілген зиян мүліктік зиянды және мүліктік емес залалды өтеудің жалпы ережелері бойынша өтеледі.Егер тұлға басқаның мүддесіне іс-әрекет жасай отырып, өз әрекеттерімен басқа тұлғаны негізсіз байытса, онда соңғысы негізсіз баю міндеттемесі бойынша бірінші тұлға (басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаған) алдында міндетті болады. Мұндай міндеттеменің негізі болып басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттемелер негіздерімен шектес жағдайлар табылады. Яғни, мұнда басқаның мүддесіне әрекет ету қажеттілігі іс жүзінде болмаған жағдайлар туралы сөз болып отыр. Бұл орайда сол бір немесе өзге себептерге байланысты (қасақана емес, өз әрекеттерінің қажет емес екенін білмей) субъект басқаның мүдде-сіне іс-әрекет жасап, шығынға ұшырауы мүмкін. Әрине, өзіне қатысты іс-әрекет жасалған тұлға іс-әрекеттердің пайдасыздығына сүйене отырып, басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаған тұлғаның залалдарын өтеуден бас тартуы мүмкін. Алайда, егер бірінші тұлға қандай да бір мүлікті соңғысының есебінен иеленсе немесе сақтап қалса, ол осы мүлікті қайтаруға міндетті болады. Іс жүзінде басқа тұлғаның мүддесіне әрекет ете отырып, оның өз мүдде үшін әрекет еттім деп болжамдауы да орын алған жағдайды өзгертпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |