«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»



бет11/18
Дата17.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#141963
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

2. Жоғарыда бірнеше рет атап өтілгендей, комиссия шартының тараптары - комиссионер және комитент деп аталады. Мүддесіне комиссия шарты бекітілетін жеке немесе заңды тұлға комитент болып табылады. Көлік кұралдары мен комиссиялык сауда жасаудың ережелеріне сәйкес көлік құралдары, техника және олардың қосалқы бөлшектері комиссияға олар меншік құқығы негізінде тиесілі болған, азаматтардан қабылданады (тиісінше, олар өздерінің меншік иесі екенін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті), не комитенттер сенім білдірілген өкілі ретінде әрекет ететін болады және олар белгіленген тәртіпте рәсімделген сату құқығына сенім хатты ұсынып көрсетуге міндетті. Барлық жағдайларда комитенттер төлқұжатты немес оны алмастыратын құжатты ұсынады. Егер көлік құралы шетелден әкелінген болса, онда комиссияға қабылдау кезінде кедендік рәсімдеу құжаттарын көрсету талап етілетін болады. Аталған заттар, егер олар тәркіленген болса немесе иесіздендірілген болса, иесіз қалған мұраның құрамына кірген болса, комиссияға қаржы органдарынан да қабылдана алады. Бұл орайда мемлекеттің меншік құқығы белгіленген үкімдерді шешімдерді немесе соттардың өзге де актілерің көрсету талап етіледі.Комиссионер болып, әдетте, кәсіпкерлік қызмет субъектісі -жеке немесе заңды тұлға табылады. Кәсіпкер болып табылмайтын азаматтар бір жолғы негізде ғана комиссионерлер ретінде көріне алады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар, егер олар заңмен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтті жүзеге асырмаса, тәжірибе жүзінде комиссионерлер ретінде комиссия шарттарын бекітпейді. Заңнамада комиссонерлерге арнайы талаптар белгіленуі мүмкін.Комиссия шартының пәні болып азаматтык айналымның барлық аясындағы делдалдық қызметтер табылады. Заңнама логикасынан туындайтындай комиссия шарты субъектілердің жеке өзімен жасалуға тиіс мәмілелерді жасау жөнінде бектіле алмайды. Комиссия пәніне комиссионердің тек мәміленің өзін ғана емес, сондай-ақ оны жасауға қажетті іс-шараларды да жүзеге асыруды да жатқызуға болады. Сенім білдірілген өкілге қарағанда, комиссионер мәміле бойынша контрагентті еркін таңдау құқығына ие.

3. Комиссионер кәсіпкер бола отырып бірқатар жағдайларда өзімен комиссия шартын бекітуге жария оферта жасайды. Оның құқықтары мен міндеттері қосылу шартының шектерімен анықталады. Комиссионердің де комитенттің де құқыктары мен міндеттерін айқындауда заңнама АК) нормалары елеулі маңызға ие. Комиссионер бірінші кезекте, комиссия шарты арналып мәміллерді жасауға міндетті. Бұл - комиссионер үшінші тұлғамен бекіткен мәміледен туындайтын барлық міндеттерді орындауға және барлық құқықтарды жүзеге асыруға тиіс дегенді білдіреді. Ол үшінші тұлғамен бекіткен мәміле бойынша міндетке айналады және ол комитенттің мәміледе аталғанына немесе онын мәміле бойынша үшінші тұлғамен тікелей қатынастарға түскеніне қарамастан құқықтарға ие болады. Бірақ, егер комитент мұны талап етсе, комиссионер үшінші тұлғамен мәміле бойынша жасалған құқықтарды комитентке беруге міндетті, бұл орайда ол үшінші тұлғаны құқықтардың комитентке берілгендігі туралы хабардар етуге тиіс. Үшінші тұлға сонымен бірге комиссионерге осы мәміледен туындайтын өз талаптарының негізінде комитент талаптарына қарсылық білдіруге құқығы жоқ. Комиссионер мәмілелерді жасай отырып, комитенттің нұсқауларын басшылыққа алуға комитент үшін тиімді болатын сол бір немесе өзге жағдайларды ұстануға міндетті. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде, комитент іскерлік айналым дағдыларына немесе өзге де әдетте қойылатын талаптарға сәйкес әрекет етуге тиіс.ҚР АК 871-бап комиссионердің мәмілені комитент мүдделері үшін жасайтындығы айқын көрінетін норманы көздеген. Оның әрекеттесуі меншіктің өтуін, не мүлікке өзге де иелік етуді кейбір жағдайларда мүлікті басқарусыз онымен белгілі бір әрекеттер жасауды қамтамасыз ететін мәмілелерді жасасу жағдайларына таралатын болады. Комиссия шартының аясында кез келген негіз бойынша комитенттен комиссионерге келген мүлік шартпен меншік құқығының басқа субъектіге өтетіндігі сатылғанға дейін комитенттің меншігі болып қалады. Мүліктің комиссионерге келіп түскен сәтінен, не бастапқы меншік иесінен меншік құқығының өтуін өзі арқылы қамтамасыз ететін өзге сәттен бастап мүлік комиссионердің меншігі деп танылады. Осыған орай комиссия шартын үшінші тұлғалармен орнатылатын құқықтық қатынастар мен міндеттемелік құқықтық қатынастар белгіленетін шарт болып табылады деп атап өтуге болады. Заттық - құқықтық қатынастардың қатысушысы болып комитент табылады, сонымен біріе ол комитентпен тікелей міндеттемелік қатынастарда болады. Үшінші тұлғамен міндеттемелік қатынастарға қатысушы болып комитент табылады.Комитенттің заттарын сату көзделген жағдайларда комиссионер комитенттің қатысуымен комиссияға қабылданатын заттардың жай-күйін тексеруді жүргізеді. Сатылатын заттардың (көлік құралдарының, техниканың, қосалқы бөлшектердің) бағасын комитент белгілейді. Комиссионер талап етілген жағдайда заттарды сараптамалық бағалаудан өткізеді. Егер олар сатылмаса өткізілген заттар арзандатылуы мүмкін. Мұндай ережелер көлік құралдары мен комиссиялық сауда жасаған кезде де қолданылады. Егер көлік құралдары, техника және нөмірлік агрегаттар он бес жұмыс күнінің ішінде сатылмаса, дүкен оларды комитенттен шақырылған (сенім білдірілген) тұлғамен бірге қайта бағалайды. Егер тауарлар бірінші рет арзандатылғаннан кейін тағы да он бес жұмыс күннің ішінде сатылмаса, комиссионер мөлшері комитентпен келісілетін екінші рет қайта бағалауды (арзандатуды) жүзеге асырады. Содан кейін он бес жұмыс күні ішінде тауарлар сатылмаса дүкен үшінші рет қайта бағалауды жүргізеді.Егер үшінші рет арзандатқаннан кейінгі он бес жұмыс күні ішінде де заттар (көлік құралдары, техника, қосалқы бөлшектер) сатылмаса, комиссионер оларды сатуға мүмкін болатын бағаға дейін қайта бағалайды. Егер комитент мұнымен келіспесе, зат сақтау орнынан алынып, өзіне кайтарылады. Қазіргі таңда комиссияға өткізілетін заттарды қайта бағалау жағдайлары және осымен байланысты комиссионердің құқықтары мен міндеттері негізінен комиссия шартының тараптары арасындағы келісімдер мен анықталатын болады (басқа комиссия шарттарымен деген ой) заттарды қайта бағалаудың ұзақ немесе қысқа мерзімдері белгі-ленуі қайта бағалаудың саны қысқартылуы немесе көбейтілуі, қайта бағалаудың белгілі бір адымы белгіленуі мүмкін және т.б.Тапсырма шартындағы сенім білдірілген өкілге қарағанда комиссионер комитент үшін мәмілелерді және өзі жасаудың орнына оны үшінші тұлғаның орындалуымен алмастыра алады. Міндеттерді үшінші тұлғаға жүктеу қосалқы комиссия деп аталады. Қосалкы комиссия шартын бекіткен комиссионер қосалқы комиссионердің іс-әрекеті үшін комитент алдында жауапты болып қалады. Комиссионердің қосалқы комиссия шартын бекіту құқығы бұл туралы шартта тікелей көрсету арқылы алынып тасталуы мүмкін.Қосалқы комиссия шарты бойынша комиссионер қосалқы комиссионермен жасалған мәміле бойынша құқықтарды өзіне беруді талап ету құқығынан басқа қосалқы комиссионерге қатысты комитенттің құқықтарымен міндеттерін иеленеді. Заң актілерінде комиссионер қосалқы комиссия шартын тек арнайы уәкілдік берілген тұлғамен бекіте алады деп белгіленуі мүмкін, мысалы сатылуы арнайы рұқсатты талап ететін затты қосалқы комиссияға қабылдау туралы сөз болса.Комиссионер орын алған жағдайлар бойынша бұл комитент мүдделері үшін кажет болғанда және осы орайда ол сенім білдірушіден алдын ала сұрай алғанда не өз сұрауына уақытында жауап ала алмаған жағдайларда комитенттің нұсқауларынан ауытқуға құқылы. Комиссионер тапсырма шартындағы сенім білдірілген өкіл сияқты, мүмкіндік туған кезде жол берілген ауытқулар туралы комитентті хабардар етуге міндетті.Комиссионер әдетте, комитент есебінен жасаған мәмілені үшінші тұлғаның орындамағаны үшін комитент алдында жауап бермейді. Егер мәмілені үшінші тұлғамен орындамау аталған тұлғаны таңдаудағы комиссионердің тиісті сақтық көрсетілуімен байланысты болса, онда ол үшінші тұлғаның әрекеті үшін жауапты болады. Егер комиссионер мәміленің үшінші тұлғамен орындалатынына кепілдік берсе, онда оның орындалмағаны үшін жауапкершілікті комиссионер өз мойнына алады. Комиссионер мәмілені өзіне жасауға құқылы. Бұл құқық егер комитент шарт жасаса отырып басқаша талап қоймаса комиссионердің иелігінде болады. Мәмілені өзіне жасау дегеніміз - комиссионер комитенттің мүдделері үшін сатып алушы бола отырып сатушы ретінде тауарларды жеткізеді. Ол комитент үшін сатушы ретінде әрекет ететін жағдайларда ол сатып алушы ретінде жеке өзі тауарды иемдене алады. Мәміле жасау сатып алу-сату бойынша мәмілелер бекіту туралы сөз болғанда ғана емес, сондай-ақ комитент мүддесі үшін өзге де мәмілелерді бекіту кезінде де мүмкін болады. Өзіне мәміле жасау механизмі заңнама заңдык аспектіде де комитетті комиссионермен уәкілдік етуді біржақты түрде жоққа шығармайды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Өзіне мәміле жасау кезінде комиссионердің, бір жағынан, комитенттің өкілі болып табылатындығын, екінші жағынан, өз бетінше әрекет ететіндігі туралы фикцияға жол берген жөн. Шартты бір тұлғамен ғана осындай фикцияға жол берусіз бекіту мүмкіндігі күмәнді болар еді.Сатушы ретінде өз бетінше тауар ұсынған немесе оны сатып алушы ретінде қабылданған комиссионердің жай комиссиялық ақы алуға құқығы бар. Сонымен қатар ол комиссиялық мәмілелерден туындайтын шығындардың орнын толтыру жөнінде шот ұсына алады. Сенім білдірілген өкілге қарағанда комиссионер, егер тапсырмадан бас тарту құқығы оған шартпен берілмеген болса, қабылданған тапсырманы орындаудан бас тартуға құқылы емес. Комитенттің шартты бұзатын және соның салдарынан комиссионер комитенттің нұсқауларына сәйкес тапсырманы орындау мүмкіндігінен айырылатын барлық басқа жағдайларда комиссионер тапсырманы орындаудан бас тарта алады. Тапсырманы орындаудан бас тарту құқығы комиссионерге ол жауап бермейтін өзге де жағдайлардың салдарынан орындау мүмкін болмайтын жағдайларда да беріледі. Бас тартудың барлық жағдайларында комиссионер өзінің бас тартуы туралы комитентке жазбаша хабарлауга және өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитет комиссия шартын бекіту кезінде комиссионерге қажетті нұсқаулар беруге, егер өзіне тиесілі затты сату туралы сөз болса, сату бағасын келісіп алуға тиіс. Басқа жағдайларда да комитент өз мүддесі үшін бекітілетін мәміле бойынша талап етілетін бағаны нұсқайтын болады.Комиссия шарты туралы нормаларда, тапсырма шарты туралы нормалардағыдай, комиссионерге тапсырманы орындау үшін барлық қажеттіні беру туралы талаптар қамтылмаған. Комиссионер профессионал ретінде көбінесе комитент үшін мәміле жасау үшін талап етілетіннің барлығын өзі иеленуге тиіс. Бірақ мәміленің комитент есебінен жасалағындығын естен шығармаған жөн, Сондықтан мәмілені жасау үшін алдын-ала төлем талап етілгенде немесе мәмілені тиімді түрде жасау үшін (мысалы кәсіптенген бағалаушы) қажет болатын қосымша қызметтерге ақы төлеу талап етілсе, онда комитент осындай талап етілетін шығындарды алдын ала төлеп қоюға міндетті болады.Комяссиялық сату пәні болып тасымалдануы оның бүліну мүмкіндігіне байланысты тиімсіз және қауіпті болатын үлкен (қолайсыз) зат табылуы мүмкін. Бұл жағдайда комиссиялық дүкенде заттың барлык шамасы және т.б көруге болатын фотосуреті, бейнетаспасы қойыла алады. Сонымен бірге комиссионердің комитентпен белгілі бір күндері (сағатта) комитенттің зат сатып алу туралы шартты бекіткен тұлғаларға заттың өзін көрсетуді қамтамасыз ету туралы келісімі бекітілуі мумкін.Егер комиссионер мүлікті комитентпен келісілгеннен жоғары бағамен сатып алса, мұндай затты кабылдағысы келмейтін комитент үшінші тұлғамен мәміле жасалғандығы туралы хабар алған бойда бұл жөнінде комиссионерге кешіктірмей мәлімдеуге міндетті. Олай болмаған жағдайда комитент сатып алынған затты қабылдады деп танылады. Комитент шарт бойынша комиссионер орындағанның барлығын қабылдауға міндетті. Мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер кіммен яғни, комиссионермен немесе комитенттің талабы бойынша алынғанына қарамастан аталған құқықтармен міндеттер комиссиялық тапсырма орындалысымен комитентке қайтарылады. Мәміле бойынша қалған құқықтар соның ішінде комиссионерге сатылған тауарлардың атқарылған мердігерлік жұмыстардың сапасына қатысты талап ету құқықтары тікелей комитентке өтетін болады.Сатып алынған заттың кемшіліктері туралы комиссионермен оны сатушыдан қабылдап алу кезінде не комитентпен оны комиссионерден қабылдап алу кезінде де дереу хабардар еткенде орын алған жағдай екі түрлі бағытта өрби алады. Жалпы ереже бойынша комиссионер тиісті түрде орындалған тапсырма бойынша алынғанды беруге міндетті болғандыктан, комитент затты комиссионер заңнамамен немесе шартпен көзделген тәсілдермен сатушыдан кемшіліктерді жоюға қол жеткізбейінше қабылдамауға құқылы. Екінші жолы,- комитент пен комиссионер арасындағы келісім бойынша комитент сатушыға қоятын талапты өзі жүзеге асыруымен байланысты.Комиссионер мәміле бойынша алынғанды комитентке беруге міндетті. Бұл комиссия шарты туралы нормалармен тікелей көзделмесе де, комитенттің талабы бойынша ол тапсырманың орындалуы туралы есеп беруге міндетті. Мүлікті комитентпен келіскен бағадан төмен сатқан комиссионер комитентке айырманы өтеуге міндетті. Егер ол мүлікті келісілген бағамен сатуға мүмкіндік болмағанын және неғұрлым төмен бағамен сату бұдан да көп залалдан сақтағанын, сондай-ақ оның нұсқауларынан ауытқуға комитенттің алдын ала келісімін алуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдеген жағдайда, комиссионер аталған міндеттен босатыла алады.Ол тиесілі сыйақыны, сондай-ақ шарт бойынша тиесілі өзге де соманы төлеуді талап етуге құқылы. Комиссионердің аталған құқығы оған ұстап қалу кұқығын берумен байланысты. Ұстап қалу құқығының мазмұны тар мағынада талқыланады, оған комитенттің мүлкін тікелей өндіріп алу құқығы берілмейді. Комиссионер жасасқан мәміле бойынша комитентке не үшінші тұлғаға берілуге тиіс мүлікті комиссионер комиссия шарты бойынша өзіне тиесілі сома төленгенге дейін ұстап қалуға құқылы.Комитентпен түскен ақша сомасын ұстап қалу құқығының мазмұны біршама басқаша анықталады (ҚР АК 872-бап). Бұл жағдайда ұстап қалу құқығы комитент мүлкін ақша түрінде өз бетінше өндіріп алу құқығы ретінде талқылануға тиіс.

4. Негізінен аталған шарттарды орындамағаны үшін жауапкершілік міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін белгіленген азаматтық құқықтың жалпы нормаларына сәйкес туындайды. ҚР АК 873-бабында комиссионердің жауапкершілігі мстмапапмат ит мтуралы арнайы нормалар көзделген.Комиссионер өзіндегі комитент мүлкінің жоғалуына, кем шығуына немесе бүлінуіне ұшыратқан әрбір қателігі үшін комитент алдында жауап береді. Ол жалпы ереже бойынша комитенттің мүліктік құқықтарының бұзылуына алып келетін үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін жауап бермейді.



Комиссия шартын орындауға байланысты комиссионерге берілген комитенттің мүлкін сақтандырмаған комиссионер бұл үшін, егер комитент оған мүлікті сақтандыруды тапсырған (комитент есебінен) немесе сақтандыру бойынша міндет (комиссионер есебінен) оған тараптардың келісімі бойынша жүктелген, не егер бұл мүлікті сақтандыру заң бойынша міндетті болған жағдайларда ғана жауапты болады. Комиссия шартын тоқтату үшін де міндеттемелер мен шарттарды тоқтатуға қатысты азаматтық құқықтағы жалпы ережелер колданылады. Оларды тоқтатуға байланысты комиссия қатынастарының өзіне тән ерекшеліктері де бар. Мәселен, комиссия шартын біржақты түрде тоқтату мүмкіндігі туралы айтуға болады. Ол комитенттің тілегі бойынша тоқтатыла алады. Комитент комиссионерге берілген тапсырманың кез келген уақытта күшін жоюға құқылы. Бұл орайда комиссионердің тапсырманың күшін жоюдан шеккен залалдары жалпы негіздерде өтеледі.Тапсырманың күшін жоя отырып клиент тапсырманың күші жойылған кезден бастап бір айдың ішінде, егер шартта өзге мерзім белгіленбесе, комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті. Егер комитент бұл міндетті орындамаса, комиссионер не мүлікті сақтау үшін өткізуге, не оны комитент үшін неғұрлым тиімді бағамен сатуға құықлы. Комитенттің мерзімі көрсетілмей жасалған комиссия шартынан, егер шартта хабарлаудың бұдан да ұзақ мерзімі көзделмесе, бас тарту туралы комиссионерге бір айдан кешіктірмей хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқығы бар (ҚР АК 880-6. 1-т). Комиссионер өзінің бас тартуы туралы комитентке жазбаша хабарлауға және өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитентке осындай тоқтатуға орай өз құқықтарын қамтамасыз ету бойынша белгілі бір мүмкіндіктер беріледі. Комиссионердің тапсырманы орындаудан бас тартқандығы туралы хабардар етілген комитент, егер шартта өзге мерзім белгіленбесе, бас тартуды алған күннен бастап бір айдың ішінде комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті. Комитенттің өзі шарттан бас тартқан жағдайдағыдай, егер ол бұл міндетті орындамаса, комиссионер мүлікті сақтауға өткізуге не комитент үшін мүмкіндігінше тиімді бағамен сатуға құқылы.Комиссионер комитенттің өз міндеттерін бұзуы салдарынан тапсырманы орындаудан бас тартқан жағдайда, ол комиссиялық сыйақыға, сондай-ақ шыққан шығындардың орнын толтыруға деген құқықты сақтап қалады. Комиссионер, комитент сияқты, мерзімі көрсетілмей жасалған комиссия шартынан, егер шартта хабарлаудың бұдан да ұзақ мерзімі көзделмесе, бас тарту туралы комитенке бір айдан кешіктірмей хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқылы.Бұл жағдайда комиссионер өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитент шарт тоқтатылған кезге дейін комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті. Егер ол бұл міндетті орындамаса, комиссионердің не мүлікті сақтауға өткізуге, не комитент үшін неғұрлым тиімді бағамен сатуға құқығы бар. Мерзімі көрсетілмей жасалған шарттан бас тартқан комиссионердің комиссиялық сыйақы алуға және шарт тоқтатылған кезде өзіне тиесілі шығындардың өтемін алуға құқығы бар. Комиссия шартын тоқтатудың негіздерін талдаған кезде комиссионер міндеттемелерінің жеке сипаты байқалады. Комиссия міндеттемесі комиссионердің қайтыс болуы, оны әрекетке қабілетсіз хабар-ошарсыз кеткен немесе төлеуге шамасы жоқ банкрот деп тану салдарынан тоқтатылады. Комиссия шартын тоқтатуға, әрине, заңды тұлғаның таратылуы да алып келеді. Алайда, егер заңды тұлғаны қайта құру жолымен тарату туралы сөз болса, онда сірә, құқық мирасқорлығы орын алады. Бұл орайда заңды тұлға - комиссионер қайта ұйымдастырылған жағдайда, егер қайта ұйымдастырудың болғаны туралы хабарламаса, оның кұқықтары мен міндеттері құқық мирасқорларына ауысады.Комитент (жеке тұлға) қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жағдайда, сондай-ақ заңды тұлға - комитент таратылған жағдайда комиссионер комитентің мұрагерлерінен немесе өкілдерінен тиісті нұсқаулар келіп түскенше өзіне берілген тапсырманы орындауды жалғастыруға міндетті.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Комиссия шартының түсінігі

  2. Комиссия шартының мазмұны

  3. Комиссия шартының түсінігін саралау

Ұсынылатын әдебиет

1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006

2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006

3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004

4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004

5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001


Тақырып 15 . Мүлікті сенімгерлікпен басқару

1. Мүлікті сенімгерлікпен баскару туралы жалпы ережелер

2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері, объектілері.

3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты



4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

1. Сенімгерлікпен басқарудың қазіргі қатынастарына ұқсас қатынастардың тарихи тамыры ұзаққа кетеді. Олар біздің заманымызға дейін пайда болды. Мысалы көне Египетте мұралық мүлікке иелік ету, жасы кіші ханзадалар мен ханшайымдардың меншігіне қамқоршы болу сенімхат бойынша үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіру бойынша қатынастар кеңінен таралған. Мүлікті оның меншік иесімен басқа тұлғаның беруді қамтамасыз ете алатын қатынастарды тиімді түрде реттеуді табу қажетгілігі жеке меншіктің, сондай-ақ меншіктің мақсаты бойынша мемлекеттікке қарама-қайшы жеке нысанының қалыптасуымен пайда болды.Жеке меншіктің қалыптасуы бөтеннің мүлкіне тұрақты негізде иелік етудің, комиссия, тапсырма, сақтау және басқа да шарттардың дәстүрлі механизмдеріне қарағанда анағұрлым жетілген құқықтық нысандарын жасап шығаруға деген потенциалды қажеттілікті анықтады.Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына тән ерекшелік - оның таза күйінде заттық категорияға да, міндеттемелік құқықтық қатынастар категориясына да жатқызылмайтындығында. Бұған қоса, сенімгерлікпен басқарудың құрылымы оның құрамында шартқа негізделген сенімгерлікпен басқару және шарттан тыс пайда болатын сенімгерлікпен баскару әлементтерінің болуымен күрделенген. "Мүлікті сенімгерлікпен басқару" және "мүлікті сенімгерліклен басқару шарты" деген түсініктер бар. Біріншісі екіншісіне карағанда кең ауқымды, өйткені ол сенімгерлікпен басқарудың шарттан басқа өзге де негіздер бойынша пайда болатын жағдайларын да қамтиды. Алайда мұндай бөлініс шартты сипатқа ие. Бұл тағы да біздің ойымызша, барлық авторлар дерлік атап өткендей сенімгерлікпен басқаруды жаңаша реттеумен байланысты шарттың қай кезде қажет болатыны және қай кезде қажет болмайтындығы нақты анықталмаған.Сенімгерлікпен басқару қатынастары "заң нұсқауына орай", яғни сот шешімі немесе әкімшілік актісі бойынша пайда болатын тәжірибе онша тиімді емес көрінеді. Бұл "субъективизацияның"' есебінен құқықтық қатынастардың қатысушыларына, сол бір немесе өзге құқықтық қатынастарға түсе отырып өздерінің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге барынша мүмкіндік беретін жеке құқықтык реттеудің мүмкіндіктерін елеулі түрде төмендетеді.Сенімгерлікпен басқару қатынастарының пайда болуының құқықтық негізінің (сот шешімінің, әкімшілік актінің) болуына қарамастан мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары субъектілерінің міндеттемелерінің мазмұнын нақтылау қажет. Мүлікті басқару бойынша ауыртпалықты көтеретін субъект өзі тап болған құықтық жағадайда бірдей қалыптаса алағындығы тұрғысынан қарағанда заңға сүйену (жалпы категорияларға) онша сенімді емес. Кейбір заңды актілерде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға қатысты жекелеген нормалар бар. Заңнамалык анықтама сенімгерлікпен басқарудың мазмұны толығымен қамтымаған. Сенімгер баскарушының өкілеттігі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі құқықтарды жүзеге асыруға алып келмейді. Басқаша айтсақ, сенімгер басқарушы сенімгерлікпен басқаруға орай бұл өкілеттіктерді жүзеге асыра алмайды. Сенімгерлікпен басқару осы құқықтарды оның иесі үшін жүзеге асыруды білдіреді. Сенімгерлікпен басқару меншік иесі үшін оның құқықтарын, сондай-ақ мүліктің осы түрімен тығыз байланысты құқықтарды жүзеге асыруды білдіретін жағдайлар орын алуы мүмкін (бұл мысалға, бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару кезінде орын алатын болады). Сенімгерлікпен басқарудың тағы бір ерекшелігі болып мүлікті қолайлы түрде басқаруды жүзеге асыру үшін сенімгер басқарушының бар күш-жігерін салуы табылады. Бұл, сенімгерлікпен басқару негізінен құқық иеленушісінде мүлікті тиімді түрде пайдалану үшін қажетті дағдылар мен білімдердің жетіспеушілігі немесе болмауының орнын толтыру мақсатында құрылатындығымен түсіндіріледі. Сенімгерлікпен басқару кезінде жалпы алғанда қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға нақты тапсырма болмайды. Меншік иесі немесе өзгенің құқығын иеленуші сенімгерлікпен басқаруды құрудың жалпы мақсаттарын ғана белгілей алады. Дәл солар сенімгер басқарушы үшін белгілі бір сомада басшылыққа алатын нұсқау болады.Жалпы, сенімгерлікпен басқаруды шарттан немесе заңнамамен көзделген өзге де негізден туындайтын құқықтық қатынастардың кешені (заттық, міндеттемелік, авторлық, абсолюттік және қатыстық) ретінде анықтауға болады. Аталған құқықтық қатынастар бір субъектінің құқықтарын басқа субъектімен өз атынан, бірақ біріншісінің мүдделері үшін жүзеге асыруға бағытталған. Әрекет етуші заңнамаға сәйкес сенімгерлікпен басқару мыналардың негізінде пайда болады (құрылады):

1) мәміле, сенімгерлікпен басқару, бұл туралы екі және одан да көп тұлғалардың келісімі болатын, шарт бойынша және біржақты мәміле мәселен, өсиетті орындаушы (сенімгер басқарушы тағайындайдыған өсиет бойынша пайда болады;

2) сот шешімдері (банкроттық, әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкіне белгілеген кезде және заң актілерінде көзделген басқа да

жағдайларда);



3) әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкіне қорғаншылық белгілеген, кәсіпкер мемлекеттік қызметке кіргенде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет