«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»



жүктеу 3.38 Mb.
бет10/18
Дата17.06.2016
өлшемі3.38 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Тауар қоймасында сақтау. ҚР АК -де қоймада сақтау шартының жеке анықтамасы берілмеген (ҚР АК 769 баптық 1 -т есептемегенде). Осы шарт бойынша да сақтаушы мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және оны жүк берушіге шарт талаптарына сәйкес беруге міндеттенеді. Қоймада сақтау шартының негізгі ерекшеліктерінің бірі - сақтаушы болып әрқашан тауар қоймасы табылады. Тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтауға байланысты қызметтер көрсететін коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп табылады. Тауар қоймасында сақтау шарты жеке анықталған заттарды иесіздендіріп сақтауды да реттеуге бағытталуы мүмкін. Тауар қоймасында сақтаудың тағы бір ерекшелігі болып орындалуы ерекше құжаттарды қойма куәліктерін беру жолымен жүргізілетін шарттың ерекше жазбаша нысаны болып табылады. Аталған қойма кұжаттары жай куәліктеріне және қос қойма куәліктеріне бөлінеді. Қос қойма куәлігі, сондай-ақ оның әрбір бөлігі және жай қойма куәлігі бағалы қағаздар болып табылады. Заңның тікелей нұсқауына (ҚР АК-ң 798 бабы) орай жай қойма куәлігі ұсынып көрсетушіге бағалы кағаз болып табылады, ал қос койма куәлігі, ҚР АК 799-бабының мәнісі бойынша, атаулы бағалы кағаз болып табылады. Қос койма куәлігі қойма куәлігінен және кепілдік куәліктен тұрады. Аталған екі құжат та мазмұны бойынша бірде қажет болған жағдайда біреуін басқасынан айыруға болады. Қойма куәлігі және кепілдік куәлік беру жазбасы (индоссаменттер) бойынша бірге немесе бөлек беріле алады. Қос қойма куәлігінің әр бөлігінде:

а) қос қойма куәлігінің тиісті бөлігінің атауы, яғни бұл куәлік қойма немесе кепілдік куәлік екені;

б)тауарды сақтауға қабылдаған қойманың атауы мен мекен-жайы;

в) қойма тізімі бойынша қойма куәлігінің ағымдағы нөмірі;

г) сақтауға тауар қабылданған ұйымның атауы немесе азаматтың
аты жөні сондай-ақ, тауар иесінің орналасқан жері (тұрғылықты жері);

д) тауардың атауы мен мөлшері, тауарларға арналған орындардың саны;

е) қабылданған тауардың сомасы;

ж) сақтауға алынаған тауардың, егер ол белгіленген болса сақталу


мерзімі;

з) сақтауға ақы төлеудің тарифтері мен тәртібі;


и) қойма куәлігінің берілген күні;

к) уәкілетті адамның (қойма менгерушісінің қабылдаушының) қолы және тауар қоймасының мөрі көрсетілуге тиіс.



ҚР АК 801 - бабында қойма куәлігімен кепіл куәлігін беру жазбасы (индоссаменттер) бойынша бірге немесе бөлек беру мүмкіндігінің көрсетілуі іс мәнісіне білдірілген біздің көзқарасымызда да өзгертілмейді. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі кепіл құрылымының барлық ерекшеліктерін де ескеру қажет. Кейбір жағдайларда кепіл куәліктерінің атаулы да және ордерлік бағалы қағаздарда болу мүмкіндігімен байланысты варицацияны да жоққа шығармаймыз.Жай койма куәлігінде сондай реквизиттер көзделеді. Ол куәлік бөліктеріне қатысты нұсқауды қамтымайды. Жай қойма куәлігі ұсынып көрсетушіге арналған бағалы қағаз болғандықтан онда тауар иесінің (жүк берушінің) атауы (аты) көрсетілмейді. Жай қойма куәлігінде оның ұсынып көрсетушіге берілгендігі жазылуға тиіс.Қос койма куәлігі бойынша сақтау шартында оның кәсіпкерлік сипаты айқын көрсетілген. Кәсіпкерлік айналымының ерекшелігі - меншік иесінің. өзгенің мүліктік құқығын иеленуші тауар тағдырын әртүрлі тәсілдермен анықтай алатындығында. Бұл қарастырылып отырған қос қойма куәлігі бойынша сақтау шартында да айқын көрінеді. Жалпы пайдаланыстағы тауар қоймалары мен ведомстволық (корпоративтік) қоймаларда сақтауды ажыратады. Егер заң актілеріне сәйкес ол шектелген тұлғалар аясынан тауарларды сақтауға қабылдай алатын қоймаларға жатқызылмаған болса, тауар қоймасы жалпы пайдаланыстағы қойма деп танылады.Жалпы пайдаланыстағы тауар қоймасымен бекітілетін қоймада сақтау шарты жария шарт ретінде танылады. Мысалы, базарлар (рыноктар) кез келген саудагер мен немесе сақтау қызмет көрсетуді өтініп жүгінген кез келген тұлғамен өз қоймасында сақтау шартын бекітуге міндетті.ҚР АК 793-бабының 1-тармағына сәйкес, тауар қоймасы стандарттарда, техникалық талаптарда технологиялық нұсқаулықтарда, сақтау жөніндегі нұсқаулықтарда, тауарлардың жекелеген түрлерін сактау ережелерінде, қойма үшін міндетгі өзге де арнаулы нормативтік құжаттарды белгіленген сақтау талаптарын (режимін) сақтауға міндетті.Тауар қоймасы, тауар иесіне тауарларды немесе олардың үлгілерін ескеру, егер сақтау иесіздендіре отырып жүзеге асырылатын болса, көру және тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуі үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беруге міндетті. Тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтау жағдайларын дереу өзгерту қажет болған жағдайда тауар қоймасы профессионал ретінде талап етілген шұғыл шараларды өз бетінше қабылдауға құқылы. Ол қабылданған шаралар туралы тауар иесіне хабарлауға міндетті.Тауардың бүлінуі байқалған жағдайда койма дереу акт жасауға және тауар иесін оның тауар қоймасына мәлімдеген мекен-жайы бойынша хабардар етуге міндетті, яғни тауар қоймасы, егер жүк беруші (тауар иесі) оларды өзгерткен болса, оның іс жүзіндегі орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін анықтау бойынша шаралар қолдануға міндетті емес.Тауар иесінің сақтау бойынша арыздануына қатысты тауар қоймасының міндеттері басқаша реттелген. Егер шартты өзгеше көзделмесе тауар иесі қоймадан тауар алу кезінде дұрыс сақталмаудың салдарынан тауардың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені туралы, ол көзге байқалмайтын бүлінулер туралы оларды табу үшін қажет әдеттегі мерзім ішінде тауар қоймасына мәлімдеуге міндетті. Яғни сақталып жатқан заттарды пайдалануға беру, оларды сату алдындағы дайындық және т.с.с. сәттен бастап есептелетін мерзімдер туралы сөз болып отыр. Егер тауардың бүлінгені және кем шыққаны туралы тиісті мерзімде мәлімденбеген болса, бұл залалдар оның қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан келтірілген жағдайларды қоспағанда тауар қоймасы залалдар үшін жауапты болмайды.Қос қойма куәлігін ұстаушының қоймада сақтаулы тауарға толық көлемде билік етуге құқығы бар. Кепіл куәлігінен бөліп алынған қойма куәлігін ұстаушы тауарға билік етуге құқылы, бірақ оны кепіл куәлігі бойынша берілген несиені өтегенге дейін қоймадан ала алмайды.Егер тауар қоймасы тауарды бере отырып кепіл ұстаушының тауарға деген құқықтарын қамтамасыз етпесе, онда тауар қоймасы кепіл ұстаушыға тиесілі барлық соманың төленуі үшін өзі жауапты болады. Қоймада сақтау шарты бойынша сақтау жөніндегі тауар қоймасының шығындарын өтеу кейбір ерекшеліктерге ие. Әдеттегі шығындардан басқа, қойманың жүк берушінің мүдделерінде жүзеге асырылған қосымша операциялар бойынша, шартта көзделген немесе заң актілерінде белгіленген шығындар ставкаларының орнын толтыруға құқығы бар. Олардың қатарына тауарларды сақтандыруға, тиеу түсіру жұмыстарына кеден баждарын төлеуге және т.б. төленген сомалар кіруі мүмкін. Бұл құқық сақталатын тауарды қойманың ұстап қалу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. (ҚР АК 795-бап).

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Сақтау шартының түсінігі

  2. Сақтау шартының мазмұны

  3. Сақтау шартының түрлері

Ұсынылатын әдебиет

1.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003.

2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003

3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006

4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006

5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 200


Тақырып 12 . Сақтандыру

1.Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны.

2.Сақтандырудың түрлері

1. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және жағдайларда өзге де төлемдерді жүзеге асыру жағдайлары көзделуі мүмкін. Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары азаматтық кодекспен реттеледi. Сақтандыру нысандары:

1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;

2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;

3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады. Сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актiлерiнде өзгеше жiктеу көзделуi мүмкiн.

2. Міндетті сақтандыру - егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

3. Өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн азаматқа заң актiлерiмен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.

4. Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы, егер сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, тараптардың келісімімен айқындалған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға мiндеттi.

5. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актілерде тәртібі мен талаптары белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу, егер осы заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.

6. Ерiктi сақтандыру - тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.

Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде:

1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына;

2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;

3) мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне;

4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.

Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру объектiсi заң актiлерiмен айқындалады. Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн. Мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi сақтандыруға мүддесi болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз болады. Сақтанушы:

1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.

2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.

3. Сақтанушы сақтандырудың ерiктi де, мiндеттi де нысандары бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерiктi.

Сақтандырушы :

Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемін жүргізуге мiндеттi тұлға. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Сақтандыру сыйақылары

  2. Сақтандыру нысаны

Ұсынылатын әдебиет

1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006

2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006

3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004

4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004

5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001


Тақырып 13 Тапсырма. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау

1.Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері.

2. Тапсырма шартының мазмұны.

1. Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді.Тапсырма шарты сенім білдірілген өкіл жасауға тиіс іс-әрекеттерді анықтау үшін арналады. Тапсырма шарты жазбаша ны-санда жасалуға тиіс.Тұрмыстық (кәсіпкерлік емес) тапсырма шарты жалпы ереже бойынша ақысыз болып табылады. Тапсырма шарты шарттың бір немесе екі тарабымен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болған жағдайларда, ол жалпы ереже бойынша ақылы болып табылады. Тапсырма шарты консенсуалды шарт. Ол оның мәнді жағдайы бойынша келісімге келген сәттен бастап бекітілуі деп есептеледі. Оның мәнді жағдайы болып шарт пәні туралы жағдай табылады.Тапсырма шартының тараптары болып сенім білдіруші және сенім білдірілген өкіл табылады. Тапсырма оған азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің кеңінен қатысу мүмкіндігімен сипатталады. Тапсырма қатынастарына қатысудың критерийі болып әрекет қабілеттілік табылады. Тапсырма шартына 14 жастан 18 жасқа ішінара әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың қатысуы жоққа шығарылмайды. Заңды тұлғалар тапсырманы бере де алады, орындай да алады. Жалпы ереже бойынша коммерциялық емес заңды түлғалардың сенім білдірушілері үшін коммерциялық өкілдікті жүзеге асыратын сенім білдірілген өкілдер ретінде шығуға жол берілмейді. Олар өздеріне рұқсат етілген коммерциялық қызмет кезінде коммерциялық өкілдер бола алады.



2.Сенім білдіруші сенім білдірілген өкілдерге аталған талаптарға сәйкес қажетті нұсқаулар беруге міндетті. Мұндай нұсқаулардың нысаны жазбаша да ауызша да бола алады. Тәжірибеде жазбаша тапсырма шартын бекіту тек сенімхат беруімен жиі алмастырылады. Сенімхат та белгілі бір шамада сенім білдіруші нұсқауларының мазмұнын түсінуге көмектесе алады.Сенім білдірілген өкіл өзіне берілген тапсырманы сенім білдірушінің нұсқауларына сәйкес орындауға тиіс. Тапсырманың орындалуының нұсқауларға сәйкестігін немесе сәйкес еместігін түсіну, көбіне сенім білдірілген өкілдің жеке басына байланысты болады, яғни ол кәсіптенген бе әлде тұрмыстық тапсырманы орындаушы ма. Бірінші жағдайда жоғарыда атап өткеніміздей, нұсқауларға сәйкес келу тиісті нұсқауларға қайшы келмеушілік ретінде қабылдануы мүмкін. Тұрмыстық тапсырма кезінде сенім білдірілген өкілмен жасалатын іс-әрекеттердің сенім білдірушінің нұсқауларына дәлме-дәл сәйкес келуі туралы айтқан орынды болар. Екі жағдайда да сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші қайсысына қол жеткізуге тілек білдірсе, сол құқықтық нәтижеге қол жеткізуге тиіс.Сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің нұсқауларынан тек ерекше жағдайларда ғана шалыс кетуге құқылы. Оларға тапсырманы бастапқы түрінде орындауды мүмкін емес болатын кезек күттірмейтін жағдайлардың туындауы жатқызылатын болады. Мысалы, сатып алу туралы тапсырма берілген ауыл шаруашылық машиналарының белгілі бір модификациясы сатылып кеткен болса, бірақ егер сенім білдірілген өкіл өз жауабын бермесе, сатылып кеткен деп тұрған басқа модификациясы қалған болса. Бұл туралы сенім білдірушіден шұғыл түрде рұқсат сұрауға онда мүмкіндік жок, бірақ ауыл шаруашылық машиналар мерзімді жұмыстарды атқару үшін аса қажет. Осы жағдайда сенім білдірілген өкіл сатып алу туралы шешім қабылдауға құқылы және ол дұрыс заңды қадам жасады деп есептеледі.Егер істің мән-жайы бойынша ол сенім білдірушінің мүдделері үшін қажет болса және сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден алдын ала сұрай алмаса не өзінің сауалына дер кезінде жауап алмаса сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенім білдірілген өкіл, хабарлау мүмкін болысымен жол берілген ауытқулар туралы сенім білдірушіні хабардар етуге міндетті. Осындай талаптың болуы сенім білдірушіге өзі үшін қалыптасқан қолайсыз жағдайды түзеу бойынша шұғыл шараларды қолдану мүмкіндігін беру логикасымен түсіндіріледі.Сенім білдірілген өкіл өзіне берілген тапсырманы өзі орындауға міндетті. Тапсырманы өзі орындау міндеттілігі тапсырма шартын өтелмелі қызмет көрсету шарттарынан ерекшелендіреді. Заңда көзделген жағдайларда сенімді басқа тұлғаға қайта беру мүмкін болады. Бұл орайда сәйкес келетін сәттер болғанмен де сенімді басқа тұлғаға қайта беру басқа міндеттемелердегі үшінші тұлғаға орындауды тапсырудан біршама ерекшеленеді.Егер сенім білдірілген өкілдің орынбасары шартта атап айтылған болса, сенім білдірілген өкіл шарттан шығып қалады және ол орынбасардың іс-әрекеттері үшін жауап бермейді.Сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіге оның талап етуі бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді хаба-рауға (есеп беруге) міндетті. Тапсырманың орындалу барысын бақылау мүмкіндігіне мүдделі сенім білдіруші сенім білдірілген өкіл тарапынан хабардар етудің кезеңділігін тікелей шартта не тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді беру туралы сенім білдірілген өкілге нұсқаулар беру қажеттілігі бойынша ескертуге тиіс. Есеп беру міндеті, осылайша, шарттың орындалуы барысында өзгертілуі мүмкін. Сенім білдіруші өзін қызықтыратын мәліметті ғана таңдап сұратып ала алады.Сенім білдіруші шартқа сәйкес сенім білдірілген өкіл орындағанның барлығын кешіктірмей қабылдауға міндетті. Сенім білдіруші тапсырманың орындалуы бойынша сенім білдірілген өкілге, егер бұл заң актілерімен немесе шартпен көзделген болса, сыйақы төлеуге міндетті. Яғни, егер тұрмыстық тапсырма шартында немесе коммерциялық емес, ұйымдар арасындағы тапсырма шартында сыйақы төлеу туралы арнайы ескертілмесе, сенім білдіруші оны төлемеуге де құқылы.Егер тапсырма шарты тараптардың екеуінің немесе олардың бірінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенім білдіруші сенім білдірілген өкілге сыйақы төлеуге міндетті. Сыйақы төлеу үшін оның нақты мөлшері шарттың өзінде тікелей көрсетілуі немесе көрсетілмеуі әсер етпейді. Егер шартта немесе заң актілерінде шартты орындаудың өтелуі көрсетілсе, бірақ сыйақының мөлшері көрсетілмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.Сенім білдірілген өкіл тапсырмадан бас тартқан жағдайда оған сенім білдірушіге шартты тоқтату мен келтірілген залалдарды өтеу бойынша міндет жүктеле алмайды. Бірақ, егер сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші өз мүдделерін өзгеше қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылған кезде бас тартса, оған шартты тоқтату мен келтірілген залалдарды өтеу міндеті жүктелетін болады. Егер тапсырманы орындаудан кәсіпкер сенім білдірілген өкіл бас тартса да, сондай салдар туындайды. Бұл оның тапсырмадан бас тартуға құкығы жоқ дегенді білдіреді. Сонымен қатар, ол өз міндеттемесін іс жүзінде орындауға мәжбүрленбейді. Тапсырма шартының жеке сипатын тағы да ескере отырып, заңнама ол бойынша құқық мирасқорлығының ерекше ережелерін белгілейді. Біз тараптардың бірінің қайтыс болуына байланысты шартты тоқтату туралы айтқан болатынбыз. Сенім білдірілген өкіл қайтыс болған кезде ол тапсырманы орындау тәртібінде алған, сенім білдірушіге тиесілі заттар оның құжаттары мұрагерлердің немесе мұралық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті өзге тұлғалардың қолында қалып қоятын жағдай орын алуы мүмкін.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Тапсырма шартының түсінігі

  2. Тапсырма шартының мазмұны

  3. Тапсырма шартының түрлері

Ұсынылатын әдебиет

1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.

2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.

3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.

4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.

5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.



6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 14 . Комиссия шарты

  1. Комиссия шартының түсінігі мен элементтері

  2. Комиссия шартының элементтері.

  3. Комиссия шартының мазмұны

  4. Комиссия шарты бойынша жауапкершілік

1.Комиссия шарты бойынша бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитент) тапсыру бойынша сыйақы үшін комитет есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді (ҚР АК 865-бап, 1-т).Комиссия шарты да материалдық емес қызмет көрсетулерді туындататын шарттарға жатады, осыдан оның тапсырма шарттарымен ұқсастығы байқалады. Сонымен бірге комиссия шарты тар аяда әрекет етеді, ол комиссионермен комитенттің арнайы барлық заңи маңызы бар іс-әрекеттерді емес, ал тек мәмілелерді ғана жасауды реттеуге арналған.Кеңестік азаматтық құқықтың әрекет ету кезеңінде нарықтық қатынастардың тапшылығы кезінде комиссия шарты азаматтардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген құқық қабілеттілігінің жоқ болған элементтерінің орнын толтыратын. Олар өз тауарларын (өз өнімдерін) базарларда, ал қалған тауарларды мемлекетпен құрылған комиссиялық сауда дүкендері арқылы сатуға тиіс болды. Осы сауда кәіпорындарының қызмет ету мүмкіндігі бірқатар тауарлардың, соның ішінде киім-кешектің жетіспеушілігі немесе жеткіліксіз ассортиментімен себептелетін қазір, кәсіпкерлік қызмет субъектілері әртүрлі тауарларға деген сұранысты толығымен қанағаттандыратын кезде комиссиялық сауда дүкендерінің қызмет ету негіздері бұрынғы күйіндегідей өмір сүрмейді.Осы айтылған сөз комиссиялық сауда немесе өзге де комиссиялық қатынастар қазіргі жағдайларда өз маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Комиссиялық қатынастар енді жаңа шектерде анықталды. Мысалы, еркін қоғамға өтуімізге орай шығармашылық кәсіп (суретшілер, халықтық кәсіп мамандары, мүсіншілер және т.б.) адамдары белсенділік таныта түсті. Жеке сурет салондары, өнер салондары, халықтық кәсіп заттарын сататын дүкендер пайда болды. Мұнда комиссия қатынастары толық қанды қолданылуға ие болады. Бұл сирек кездесетін заттарды, кітаптарды ювелирлік бұйымдарды сатумен айналысатын дүкендерге де қатысты. Кейбір жағдайларда, олар аталған заттарды сатып алып, содан кейін оларды қайта сатады, ал кейбір олар меншік иелері мен комиссия шартын бекітеді. Бұл орайда меншік (өнер туындысының) иесі сатылатын заттың мамынымен бағаланатындығына сенімді болады. Әрине, меншік иесі затты бағалауға ғана жүгініп, оны өз бетінше сату туралы шешім қабылдауы мүмкін, бірақ бұл ол үшін жоғары қауіпті тәуекел мен байланысты болуы мүмкін. Комиссия шарты комиссионер шартты орындауға байланысты комитентке затты сақтау бойынша қызмет көрсетуге тиіс болатын қатынастарды бекітуге мүмкіндік береді. Кәсіпкер коммиссионер комиссияға тапсырылған мүлікті сақтандыруға міндеттенуі мүмкін. Комиссия шарттары бағалы қағаздардың табиғи ресурстардың -мұнай, газ, көмір және т.б. айналымы кезінде қолданыла алады. Олар біздің кәсіпкер азаматтар сатып алушылардың "тапсырысы бойынша" автокөлік сатып алу үшін шетелге жүретін кезде де осы шартты жасаса алады. Осы жағдайларда азаматтардың, кәсіпкерлердің қызмет көрсетуіне жүгінулерінің себебі болып шетелдік мемлекеттің нарықтық конъюктурасын білмеу, автокөлікті талдап алу үшін қажетті арнайы білімдерді білмеу, уақыт жетіспеушілігі және т.б. факторлар табылады. Комиссия қатынастары аралас шарттар аясында да орын алуы мүмкін. Мәселен, тапсырыс беруші өзінің кәсіптенген маман екеніне сүйене отырып онымен оның өз атынан бірақ тапсырыс берушінің есебінен құрылыс материалдарын сатып алатындығы туралы келісе алады.Комиссиялық келісімдерді бекітудің осыған ұқсас жағдайлары мүмкін болады. Комиссияның заңдык құрылымы тапсырмамен өтелмелі қызмет көрсету сияқты аралас азаматтық құкықтық институттар мен ортақ белгілерге ие. Оның өтелмелі қызмет көрсетуді туындататындығынан басқа, оны тапсырмамен жақындастыратындығы комиссия кезінде комиссионер де комитент мүддесі үшін әрекет ететіндігінде. Бұл өз кезегінде оны өтелмелі кызмет көрсету шартынан ерекшелендіреді. Өтелмелі қызмет көрсету кезінде атқарушы өз бетінше әрекет етеді, оның көрсететін қызметі сырттай орын алады, ал комиссия қызметі "комитент еркінің жалғасы" сияқты болып табылады. Комиссияның өтелмелі қызмет көрсетуге ұқсастығы мынада: екі жағдайда да тиісті субъектілердің, яғни комиссионермен аткарушының қызметтері (қызмет көрсетулері) мүліктік құндылықпен жүзеге асырылатын болып табылады.Комитенттің мүддесі үшін әрекет ету екі жағдайда да тапсырма мен комиссия шарттарының мазмұнына әсер етеді, оларда бір-біріне сәйкес келетін тараптардың құқықтары мен міндеттері бар. Комиссия шартын тапсырма шартынан ерекшелендіретіні - комиссионердің заңдық аспектіде комитенттің өкілі болып табылмайтындығы.




Комиссия қатынастары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 43-тарауының 865-882-баптарымен реттеледі. Соңғы жылдары комиссиялық саудаға қатысты нормативтік актілер онша көп қабылданған жоқ. Бірақ биржалық сауданың ұйымдастыруға қатысты заңнаманың бірқатар актілерінің нормалары комиссиялық шарттарға да қатысы бар екенін ескерген жөн. Комиссия қатынастарын реттейтін арнайы актілердің біріне 2 қазан 1995 жылы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің № 195 бұйрығымен бекітілген. Көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникасымен және олардың қосалкы бөлшектерімен комиссиялық сауда жасау ережелерін жатқызған жөн.Комиссиялык сауда кезінде жекелеген тауарлардың, соның ішінде азаматтық қаруды көркемдік және тарихи құндылығы бар бұйымдарды және т.б. сату тәртібін реттейтін заңнама нормаларын сақтау талап етіледі.Комиссия шарты консенсуалды ақылы және екі жақты шарт. Тапсырма шартына қарағанда ол жеке сенім білдірушілік сипатқа ие емес. ҚР АК 865-бабының 2-тармағына сәйкес ол жазбаша нысанында жасалуға тиіс. Заңнамамен көзделген сол бір немесе өзге жағдайларда комиссия шартының бекітілген нысандары қолданылуы мүмкін. Осындай нысандардың (комиссиялық келісімнің) бірі Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрлігінің жоғарыда аталған бұйрығына тіркелген 2 қосымшада келтіріледі.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет