«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары



бет16/18
Дата17.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#141963
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.

2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары

3. Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік.



Ұсынылатын әдебиет

1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006

2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006

3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004

4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004

5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001


Тақырып 19. Интеллектуалдық меншік құқығы.

1. Интеллектуалдық меншік құқығының ұғымы.

2. Интеллектуалдық меншік объектілерінің  құқықтық режимі мен түрлері.

1.Интеллектуалдық меншік обьекетілеріне құқық оларды құру фактісінің күшімен не Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде немесе өзге де Заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды беруі нәтижесінде туындайды. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтырға ие болады. Жеке мүліктік емес құқықтар, оның мүліктік құқығына қарамастан, авторға тиесілі болады және оның мүліктік құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне ауысқан жағдайда өзінде сақталып қалады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына арналған құқық іргелері осы құралдарға қатысты мүліктік құқықтарға ие болады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесінің авторы болып танылу құқығы жеке мүліктік емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегімен интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесін жасаған адам ғана ие бола алады. Авторлық құқықты иеліктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды. Егер нәтиже екі немесе одан да көп адамның бірлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншіктің жекелеген обьктілеріне қатысты заң актілерімен шектелуі мүмкін.

Интеллектуалдық меншік обьектілеріне:



  1. интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері;

  2. азаматтық айналымға қатысушылардың қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды, немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:

  1. ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

  2. эфирлік және кабілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;

  3. өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;

  4. селекциялық жетістіктер;

  5. интегралдық микросызба топологиялары;

  6. ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу - хау);

  7. Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады.

Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құрадарына:

  1. фирмалық атаулар;

  2. тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері);

  3. тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);

  4. Азаматтық Кодексте және өзге де заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауалар мен қызмет көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық шығармашылық меншік обьектісін оның иесінің өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Айрықша құқық обьектісін басқа тұлғалардың пайдалануына тек құқық иесінің келісімімен ғана жол беріледі. Интеллектуалдық меншік обьектісіне айрықша құқықты иеленуші, егер ол Азаматтық Кодекстің және өзге заң актілерінің ережелеріне қайшы келмес, осы құқықты басқа адамға толық немесе ішінара беруге, интеллектуалдық меншік обьектісін пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы. Айрықша құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды жарасыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) Азаматтық заңнамада және өзге де заң актілерінде белгіленген жағдайларда, шектер мен тәртіп бойынша жол беріледі.

Интеллектуалдық меншік обьектісіне айрықша құқық Азаматтық заңнамада немесе өзге де заң актілерінде көзделген мерзім ішінде қолданылады. Заң актілерінде мұндай мерзімді ұзартудың мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне жеке мүліктік емес құқық мерзімсіз қолданылады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгілі бір уақыт ішінде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкін.

Айрықша құқықтырды қорғау Азаматтық Кодекстің 9 – бабында көзделген әдістермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау:


  1. пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық обьектілерді және осындай бұзушылық нәтижесінде жасалған материалдық обьектілерді алып қою;

  2. жіберілген кемшіліктер туралы, оған бұзылған құқықтың кімге қатысты екендігі туралы мәліметтердіқоса отырып, міндетті жариялау жолымен;

  3. заң актілерінде көзделген өзге әдістермен де жүзеге асырылуы мүмкін.

Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы жалпы ережелер қолданылады. Бұл ретте Азаматтық Кодекстің 20 – тараудың ережелері қолданылады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетілген материалдық обьектіге меншік құқықғына қарамастан, айрықша құқық қолданылады.

2. Интеллектуалдық меншік обьектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелері шарт бойынша толық немесе ішінара басқа адамға беруі мүмкін, сондай ақ мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен және заңды тұлғаның – құқық иесінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде ауысады. Айрықша құқықтардың берілуі авторлық құқық пен өзге мүліктік емес құқықтардың жүйеге ауысуын шектемеуге тиіс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңінде шектеулі уақытқа айрықша құқық беруді көздейтін шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады. Бұл туралы Азаматтық Кодекстің 966 – бабында сараланған.

Автор шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтің өзге де нәтижесін жасау және өзінің жұмыс берушісі болып табылмайтынтапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзіне міндеттеме алуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 967 – бабының 1 – тармағында көзделген шарт интеллектуалдық шығармашылық қызметтің жасалуға тиісті нәтижесінің сипатын, сондай – ақ оның пайдаланудың мақсаттарын не әдістерін белгілеуге тиіс. Шарттың белгілі бір түрдегі не белгілі бір саладағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелерін жасауға автордың құқығын шектейтін талаптары жарамсыз болады.

Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарап (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиятқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті обьектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.

Лицензиялық шартта лицензиятқа:


  1. интеллектуалдық меншік обьектісін лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігі мен лицензияны басқа адамға беру құқығын сақтай отырып пайдалану құқығын (жай, ерекше емес лицензия);

  2. интеллектуалдық меншік обьектісін лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ лицензияны басқа адамдарға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (айрықша лицензия);

  3. интеллектуалдық меншік обьектісін лицензиардың пайдаланудың заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да жағдайларын беру көзделуі мүмкін. Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады.

Лицензияттың интеллектуалдық меншік обьектісін пайдалану құқығын басқа адамға беруі туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы. Лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың іс - әрекеті үшін, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат жауапты болады.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Интеллектуалдық меншік құқығының ұғымы.

2. Интеллектуалдық меншік объектілерінің  құқықтық режимі мен түрлері.

Ұсынылатын әдебиет

1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006

2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006

3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004

4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004

5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001


Тақырып 20. Мұрагерлік құқық.

1.Мұрагерлік құқық ұғымы.

2.Мұрагерліктің түрлері мен олардың құқықтық реттелуі.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1038 – бабына сәйкес мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұраны басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер мұрагерлік құқық бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір – ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік азаматтық кодекспен, ал тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.

Мұрагерлік құқығы жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Мұрагерлік құқықтың экономикалық, саяси және өзге де қоғам өмірінің басқа да жағдайларынан тәуелділігін анық көру үшін, оның қалыптасуы мен өзгерістерін тарихи аспектіде қарастыру керек.

Ең алғашқы рулық қауымдастықтың экономикалық негізін бекіту мақсатында, әдет – ғұрып бойынша өлген адамның мүлкін рудан тысқары шығармады. Өлген адамға тиісті болған жақын тұқымдастарының арасында бөлінді. Көбінесе мұра шешесі жағындағы жақын қандық туыстарына берілді. Өндірістік қатынастар өзгерген соң мұра қалдыру тәртібі де өзгерді. Ортақ шаруашылық жүргізетін тұлғалар шеңбері тарылуы, мұрагерлердің шеңберінің тарылуына алып келді. Жеке меншік пайда болған соң (Рулық қауымдастықтың соңғы этапында) өсиет бойынша мұра қалдыру институты пайда болды.

Көне Египеттік құқықтың сақталған мұраларынан құлдық мемлекетте заң мен өсиет бойынша мұра қалдыру мәлім болғанын көруге болады. Мұра қалдырудың жариялық нысаны рұқсат етілген. Мұра қалдырушы жеткілікті негіздер болған жағдайда, заңды мұрагерлерді мұрадағы үлестерінен айыруға мүмкіндік берді. Өсиет болмаған жағдайда, мұрагер ретінде өлген адамның мүлкі заңды мұрагерлеріне беріледі. Мұрагерлік мүлік балаларының арасында тең үлесте бөлінді.

Біздің елімізде мұрагерлік құқық және оның түрлерінің құқықтық негізі 1999 жылғы 1 шілдедегі №409 – І (Ерекше бөлім) Қазақстан Республикасының Азаматтық заңымен қаланды. Заңның 1039 бабына сәйкес мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай – ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай – ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай – ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

2. Заң бойынша мұрагерлер Азаматтық кодекстің 1061 – 1064 баптарында көзделген кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады. Заң бойынша мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестіріледі. Заң бойынша мұрагерліктің әрбір келесі кезегі алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, Азаматтық кодекстің 1074 – бабының 5 – тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлік құқығын алады. Азаматтық кодекстің заң бойынша мұрагерлерді мұрагерлікке шақырудың кезектілігі туралы және олардың мұрадағы үлестерінің мөлшері туралы ережелері мүдделі мұрагерлердің мұра ашылғаннан кейін жасалып, нотариат куәландырған келісімімен өзгертілуі мүмкін. Мұндай келісім оған қатыспайтын мұрагерлердің, сондай – ақ міндетті үлеске құқығы бар мұрагерлердің құқықтарын қозғамауы тиіс.

Енді заң бойынша мұрагерліктің кезектерін атап өтейік:



  1. кезек. Мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай – ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата – анасы тең үлеспен алады.

  2. кезек. Мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға – інілері мен апа – қарындастары (сіңілілері), сондай – ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі – тең үлеспен алады.

  3. кезек. Мұра қалдырушының әкесімен бірге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.

Заңда сонымен қатар «кейінгі кезектегі мұрагерлер» - деп аталатын бөлім бар. Оған сәйкес егер бірінші, екінші және үшінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлік құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегі мұрагерлеріне жатпайтын, үшінші, төртінші және бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстары алады. Туыстық дәрежесі туыстарды бір – бірінен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады.

Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай – ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата – анасы, өсиеттің мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлік кезінде олардың әрқайсысына тиесілі болатын үлестің (міндетті үлес) кемінде жартысын мұраға алады. Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның ішінде әдеттегі үй жабдықтары мен үй – іші тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүліктің құны және мұндай мұрагердің пайдасына белгіленген өсиеттік бас тартудың құны, міндеттің үлеске есептеледі.

3. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады.Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай – ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді. Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра қалдырушы өзінің кез келген мүлкі, оның ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да өкім бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердің мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әртүрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.

Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Мыналар:



  1. нотариатта куәландырылған өсиеттер;

  2. нотариатта куәландырылғанға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген болып танылады.

Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет.

Нотариустың, өсиетті куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай – ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күші жойылуына немесе өзгертілуіне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ. Тиісті нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттің жарамсыздығы Азаматтық кодекстің 4 – тарауында мәмілелердің жарамсыздығы туралы ережелеріне негізделеді.

Өсиет қалдырушы өсиетті орындауды мұрагер болып табылмайтын, өсиетте өзі көрсеткен адамға (өсиет орындаушыға), өсиет жүктелген өкілге тапсыра алады. Бұл адамның өсиетті орындаушы болуға келісімі оның не өсиеттің өзіне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берілген өтініште көрсетілуге тиіс.

4. Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс. Иесіз қалған мүлікті алу үшін мұраны қабылдау талап етілмейді. Мұрагер мұраның бір бөлігін қабылдағаны өзіне тиесілі барлық мұраны қабылдағанын білдіреді. Мұрагерді бір мезгілде бірнеше негіздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер огсы негіздердің бірі бойынша, оның бңрнешеуі бойынша немесе барлық негіздер бойынша өзіне тиесілі мұраны қабылдай алады. Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берілмейді.

Мұраны бір немесе бірнеше мұрагердің қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердің қабылдағанын білдірмейді. Қабылданған мұра, оны іс жүзінде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай – ақ мұрагердің мұраға қалдырған мүлікке құқығы мемлекеттік тіркелуге тиісті болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттік тіркелген кезіне қарамастан, мұраның ашылған күнінен бастап мұрагерге тиесілі деп танылады.

Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегі нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге уәкілетті лауазымды адамға мұрагердің мұраны қабылдау туралы өтінішін не мұрагердің мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтінішін беру арқылы жүзеге асырылады.

Мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін.

Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагер өтінішімен оған мұрагерлікке құқық туралы куәлік беруге міндетті. Мұрагерлікке құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі. Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлік кезінде, егер нотариуста куәлік берілуін сұраған адамдардан басқа тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлік аталған мерзім өткенге дейін де берілуі мүмкін.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен маңызы.

  2. Заң бойынша мұрагерлік

  3. Өсиет бойынша мұрагерлік

  4. Мұрагерлікті қабылдау

Ұсынылатын әдебиет

1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006

2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006

3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004

4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004

5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001


Тақырып 21. Халықаралық жеке құқық

1. Халықаралық жеке құқық түсінігі және атауы

2. Халықаралық жеке құқықтың мазмұны мен мәні

3. Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретіндегі мәні

4. Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесінде алатын орны

1. Біріншіден, бұл шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың объективті процесі осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейін талап етуде. Бұл тұстағы айқын мысал ретінде еуропалық континенттік дамуды атауға болады. Шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың ең жарқын көрінісі ретінде жан-жақты экономикалық және экономикалық-техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. Егер де XIX-XX ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі ХХ-ХХІ ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, өндірістік кауымдастық, оның қүрамына бірлескен кәспорындар мен өндірістер, бірлескен зерггеулер мен ізденістерді жүргізулер кіреді.

Екіншіден, бұл жағдай - соғыстар мен түрлі сипаттағы қактығыстарға байланысты, саяси және ұлттық себептерге қатысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп-қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды.

Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан, коммуникациядағы, көлік жетістіктері аркасында көптеген елдер өзара жақындасты, осының аркасында, жалпы, адамзаттық қарым-қатынас дамыды, теле-радио кұралдары, бейнетехника мен спутниктік құрылғыларды қолдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетістіктер дүние жүзінде әр түрлі хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкіндік берді; космосты игерудегі жетістіктер тағы бар, ал екінші жағынан ғылыми-техникалық прогресстін кертартпа тұстары, атап айтқанда, Чернобыль мен Ирактағы трагедиялар, коршаған ортаның ластануы мен улануы бір ғана мемлекеттің шекарасымен шектеліп кана коймайды.

Халықаралық дербес құқық, үшін басты маңызды болып табылатын нәрсе - халықаралық қатынастар гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердің - халықаралық қатынас реттеуіне қатысушыларының назарында адам, оның жай-күйі, құқықтары мен бостандықтары болуы тиіс.

Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әр түрлі салалардағы өзара ықпалдастық тұтастарынан да көрінеді.

Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешу кезінде құқықтық және оның әдістері мен құрылымдарының орны ерекше болып келеді.

Халықаралық дербес құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған.

Халықаралық дербес құқықтың мақсаты әр түрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.

Қатынастардың екінші бір тобы - шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуымен болады. Халықаралық құқықтағы сияқты халықаралық дербес кұқыққа да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады.

Халықаралық дербес құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған құқықтарға кепіл болу халықаралық дербес құқықта басты орынға қойылады, әсіресе, бұл аралас (шетелдің қатысуымен) некелерге, отбасылардың түрлі мемлекет азаматтарынан құрылуына байланысты болып табылады. Халықаралық дербес құқық нормалары Қазақстаңдағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлекетіндегі жағдайын анықтайды.

Халықаралық дербес құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады.

Халықаралық дербес құқық халықаралық жария құқықпен (не жалпы халықаралық кұқықпен) тығыз байланысты. Халықаралық дербес құқық өз бетіндік, тәуелсіз құқық жүйесі болып табылады. Үстемдік етіп тұрған концепцияға (тұжырымдамаға) сүйенсек халықаралық дербес құқық болып табылады.

Халықаралық жария құқық пен халықаралық дербес құқықтың нормалары бір ғана мақсат үшін - әр түрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқықтық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда. Бұл екеуінің арасындағы ортақ мүдде - осы жердегі халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет аумағынан тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралық дербес құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп тұрады.

Халықаралық дербес құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы - олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әр түрлігінде. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастар, бейбітшілік пен халықаралық кауіпсіздік, мемлекеттің егемендігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, экономикалық әрекеттесу сияқты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық құқықтың туындауына әкеліп соқтырады. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық-құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал халықаралық дербес құқыққа келер болсақ, оның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында көрініс табады. Бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық дербес құқықтың реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады.

Халықаралық жария құқықтан халықаралық дербес құқық тек өзінің реттеу пәнімен ғана емес, сол қатынастардың субъектілерінен де ерекшеленеді. Мемлекеттер халықаралық жария құқықтың негізгі субъектілері болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші ұлттарды да осы топқа жатқызады. Ал халықаралық дербес құқықта қатысушылар мемлекет қана емес (бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды), ең басты қатысушылар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар бұл азаматтар, ал заңды тұлғалар - бұл мемлекеттік ұйымдар, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар.

Ендігі жерде халықаралық дербес кұқықты халықаралық жария құқықтан ерекшелейтін үшінші белгісін атап өтуге болады. Халықаралық шарт халықаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Халықаралық дербес кұқыкта да халықаралық шарттардың алатын орны ерекше, бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттердің заңнамаларына сіңірілсе де, сіңірілмесе де қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданысқа ұшырайды.

Халықаралық дербес құқықта маңызды орынды (бұл халықаралық жария құқыққа барынша тән қасиет) таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады.

Енді, халықаралық дербес құқықтың мәнін анықтағаннан кейін, оны құқықтық тұрғыдан алғандағы түсінігіне байланысты пікірлерді карастырған жөн.

Кеңестік дәуірде осы ғылымның дамуының алдында тұрған сұрақтардың бірі халықаралық дербес құқық деген түсінікке байланысты болып табылған. Жалпы жағдайларда, лениңдік түсінік - біз ешқандай жекөлікті танымаймыз, бізде бәрі ортақ, сондықтан да, жария құқықтық деген түсінік қолданылуы керек деген де болды. Дегенмен де осы дербес кұқық деген сөздің өзі тұтастай алғанда осы ғылымның ішкі мәнін және оның мазмұнын айқындап тұр, өйткені бұл сонау ерте римдік дәуірдегі құқықтарды дербес және жария деп бөлуді ары қарай дамытып отыр. Бұны Ульпиниан қалыптастырған болатын, оның айтуынша жария құқық мемлекеттің жағдайына байланысты, ал дербес құқық жеке тұлғалардың құқықтарына байланысты болып табылады. Халықаралық дербес құқықтағы халықаралық деген түсінік қазіргі кездің өзіне дейін даусыз болып келеді. Бірақ көптеген авторлардың пікірі бойынша халықаралық дербес құқық барынша ішкі құқықпен тығыз байланыста бола отырып, құқық саласы ретінде танылады және ұлттық құқық жүйесінің бөлігі болып табылады. Ал енді ең соңғы авторлардың қатары құқық деген сөзге өздерінің қарсылығын білдірді, себебі олардың пікірі бойынша халықаралық дербес құқық ол реттеуші функцияны емес, тек қана сілтемелік функцияны атқарушы болып табылады және мұндағы басты орынға коллизиялық ережелер ие деп тұжырымдады.

Сонымен қатар, осы халықаралық дербес кұқық деген түсінікке өзгертулер енгізуге байланысты жұмыстар одан әрі жалғасты. В.М. Корецкий өзінің «Очерки международного частного права» деген кітабында осы пәнді қамтиды деген 50-ден астам пәннің атауын ұсынады. Олардың қатарына келесі пәндерді жатқызуға болады: 1) халықаралық азаматтық құқық; 2) халықаралық шаруашылық құқық; 3) жеке құқықтық қатынастардың халықаралық режимі; 4) халықаралық дербес құқық; 5) шетелдік құқықты қолдану; 6) халықаралық құқық кағидаларына сәйкес түрлі мемлекеттердің заңдарын қолдану; 7) мемлекеттердің аумағынан тыс жерлерде құқықты тану; 8) құқықты тану; 9) шетелдіктердің жалпы жеке құқықтары; 10) бөлектейтін құқық; 11) жеке құқық саласындағы құқық конфликтілерінің теориясы; 12) кұқық конфликтісі т.б.

Халықаралық дербес кұқықтың мазмұнына аталған атаулардың қайсысы көбірек келетіндігін біз төменде көрсетілген бөлімдерден білетін боламыз, ал қазір біз халықаралық дербес құқық деген сөзді қолданған барынша дұрыс екендігін айта аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет