Некені тоқтату. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды.
Некені бұзу. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетті деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені, бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін:
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.
Некені сот тәртібімен бұзу:
1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;
2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.
Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мумкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылды. Екі жақтың өзара некені тоқтату туралы ерікті келісімі оған жағдайда некені бұзу сот шешімімен кемінде бір аи өткен соң жүргізіледі.
Некені сот тәртібімен бұзу кезіңде ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін туралы келісім ұсына алады.
Егер ерлі-зайыптылардың арасында осы баптың 1-тармағында аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот:
1) неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге;
3) ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге;
4) екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.
Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда — соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады. Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жердегі, сондай-ақ неке қию мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті. Ерлі-зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ.
Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Ерлі-зайыптылардьщ мүліктік емес жеке құқыктары. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардын біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, теқтерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы. Сонымен, ерлі-заыптылардың мүліктік емес қатынастарына: айналысатын ісін, кәсібін, мамандығын, тұратын жерін, аты-жөнін, тегін тандау еркі жатады. Аналық, әкелік, баланы тәрбиелеу, білім беру, отбасының тағы басқа мәселелерін ерлі-зайыптылар өзара ақылдасып, бірігіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өздерінің қатынастарында бір-бірін сыйлауға, өзара көмек көрсетуге, отбасының беріқтігін нығайтуға, отбасы мүшелерінің, балалардың денсаулығын сақтауға, олардың өсуіне дұрыс жағдайлар туғызуға міндетті.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезенде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мілік болып табылады Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:
1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;
2) ерлі-зайыптылардың некеде түрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;
3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде түрған кезенде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). Некенің іс жүзіңде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін. Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с.с.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады.
Нарықтық экономиканың отбасылық құқықтық қатынастарға енгізген жаңалықтарының бірі некелесушілер, отбасын құрушы ерлі-зайыптылар некеге отырумен қатар өзара неке шартын жасасуға құқықтары бар. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік қүқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады.
Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұр мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарт жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.
Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерл зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен үлестік немесе бөлектелен меншік режимін белгілеуге құқылы. Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.
Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніңдегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілегін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.
Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектеп алмайды; ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың олаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайда көздей алмайды; ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Неке шартын орындаудаң біржақты тартуға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |