Азаматтық құқық жалпы сипаттамасы Жоспар



бет10/20
Дата30.03.2022
өлшемі60.51 Kb.
#456525
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Азаматтық құқық

Патенттік құқық. Өнертабыс, пайдалы кескіндерді, өнеркәсіп үлгілерін тағы басқа да зияткерлік меншіктің түрлеріне құқықтың пайда болу, бекіту және қарау тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын патенттік құқық дейміз. Кез келген адам өзінің ойлап тапқан өнертабысын, пайдалы модельдерін, өнеркәсіп үлгілерін, ашқан жаңалықтарын іске асырып оны қорын, өзінің керегінше пайдаланып, табыс, пайда табуы үшін оны арнайы мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізіп, заңды, қорғау құжаттарын алады. Қорғау құжаттары деп заңнамаларға сәйкес берілген алдын ала патенттер мен өнертабыс пен өнеркәсіп үлгілеріне, пайдалы модельдерге берілген патенттерді айтамыз. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге құқық алдын ала берілетін патентпен және патентпен, ал пайдалы модельге патентпен куәландырылады. Өнертабыс және өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент, пайдалы модельге патент өтінімге үстірт сараптама өткізілгеннен кейін беріледі. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге мәні бойынша сараптама өткізілгеннен кейін беріледі. Алдын ала патент және патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады. Өнертабысқа алдын ала патент өтінім келіп түскен күннен бастап бес жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушісінің өтініші бойынша оның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол үш жылдан аспауы керек. Өнертабысқа патент өтінім берілген күннен бастап жиырма жыл бойы күшін сақтайды. Пайдалы модельге патент өтінім берілген күннен бастап бес жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушінің өтініші бойын­ша оның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол үш жылдан аспауы керек.
Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент өтінім берілген күннен бастап бес жыл бойы күшін сақтайды. Өнеркәсіптік үлгіге патент өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы күшін сақтайды, па­тент иеленушінің өтініші бойынша оның қолданылу мерзімі ұзар­тылуы мүмкін, бірақ ол бес жылдан аспауы керек. Патент иеленушінің қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады. Патент иеленуші қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңінде жүзеге асырады. Қор­ғалатын өнеркәсіптік меншік объектісі бар өнімді дайындау, қолдану, жеткізу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгізу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдісін қолдану өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану болып танылады.
Егер өнімде оны пайдалану күніне техниканың осы саласындағы белгілі формуланың тәуелсіз тармағында келтірілген өнертабыстар, пайдалы модельдердің әрбір белгісі немесе соларға тендес белгілер пайдалану әдісі болса, өнім қоргалатын өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал қорғалатын әдіс қолданылған деп табылады. Тікелей осындай әдіспен дайындалған өнімді азаматтық айналымға енгізу не осы мақсатпен сақтау өнім алудың қорғалатын әдісін пайдалану деп танылады.
Егер өнімде бұйымның ұсынылған кескіндеріңде (макетінде) көрсетілген және негізгі белгілерінің тізбесінде келтірілген барлық негізгі белгілері болса, қорғалатын өнеркәсіптік үлгісі бар болып танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет