Азаматтық құқық жалпы сипаттамасы
Жоспар
КІРІСПЕ
|
3
|
1. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама
|
4
|
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері
|
5
|
2. Мәмілелер: ұғымы түрлері, түрпішіндері
|
9
|
2.1. Міндеттеме: ұғымы, түрлері, орындалу тәсілдері
|
14
|
3. Меншік құқығы
|
18
|
3.1. Зияткерлік меншік құқығы
|
19
|
4. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі және мұрагерлік
|
26
|
4.1.Баланың құқықтары
|
34
|
4.2. Мұра және мұрагерлік
|
44
|
4.3. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.
|
48
|
5. Азаматтық құқықтық жауаптылық
|
54
|
Қорытынды
|
57
|
Пайдаланылған әдебиеттер
|
58
|
Кіріспе
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтану үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Азаматтық құқық — жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан республикасы құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардын негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардын ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен, т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқықтық қатынастар
Азаматттық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды:
1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және;
2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін. Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды. Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері: біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір-бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; екіншіден, азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады; үшіншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады; төртіншіден, азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелілігі.
Азаматтық құқықтық қатынастардын пайда болуының негіздеріне заңды фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:
1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда қөзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;
4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;
5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |