Авторлық құқық объектілері мыналар болып табылады:
1) әдеби туындылар (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық және т.б.);
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлік туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтінді және мәтінсіз музыкалық туындылар;
6) аудио-бейне туындылар, (кино, теле және бейне фильмдер, диафильмдер және басқа кино, теле туындылар), радио туындылар;
7) кескіңдеме, мүсін, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерінің туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары;
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен алынған туындылар;
11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендірмелер мен үш өлшемді туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) туынды шығармалар (аудармалар, өндеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өнделімдері);
14) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.
Авторлық құқықты иеліктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды. Егер нәтиже екі немесе одан да көп адамның бірлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады.
Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактісіне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе қаңдай да болсын шарттылықты сақтау талап етілмейді. Өздерінің айрықша мүліктік құқықтары туралы хабарлау үшін автор және (немесе) құқық иеленуші авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануға құқылы, ол белгі туындының әр данасына қойылады және міндетті түрде мынадай үш элементтен тұрады:
1) қоршауға алынған латынша «С» әрпі;
2) айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі (атауы);
3) туындының алғаш жарияланған жылы.
Жарияланбаған туыңдыға жеке мүліктік емес құқықтарын куәландыру үшін автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетінін растау үшін авторлық құқықтың қорғалатын не тиісті шарттардың қолданылатын мерзімі ішінде кез келген уақытта оларды ресми тізілімдерде тіркеуге құқылы.
Тең авторлар. Екі немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бірлескен шығармашылык еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесілі болады. Егер туындының бір бөлігін осы туындының басқа бөліктеріне қарамастан пайдалану мүмкін болса, бұл бөлігі дербес мәні бар туынды деп танылады.
Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі. Авторлық құқық, негізінде, автордың бүкіл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Өсиетті орындаушы тағайындайтын тәртіп бойынша автор өзі қайтыс болғаннан кейін өзінің авторлық құқығын, есімінін құқығын және өзінің беделін сақтау құқығын қорғауды жүктейтін адамды көрсетуге құқылы. Ол адам өз өкілеттігін өмір бойы атқарады. Мұндай нұсқаулар болмаған жағдайда автор қайтыс болғаннан кейін оның авторлық құқығын, есімнің құқығын және беделін қорғау құқығын қорғауды оның мұрагерлері, егер мұрагерлері жоқ болса немесе олардың авторлық құқығы тоқтатылса, Қазақстан Республикасының мұндай қорғауды жүзеге асыратын уәкілдік берілген ортаны жүзеге асырады. Жасырын немесе бүркеншік атпен жарияланған туындыға авторлық құқы ол туынды заңды түрде жарияланған күннен кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Егер аталған мерзім ішінде жасырын немесе бүркеншік атпен шығарылған туындының авторы өзінің шын есімін немесе оның кім екені ендігі жерде күмән тұғызбаса, оның авторлық құқығы елу жыл бойына сақталады. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмір бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмір сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды.
Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жыл ішінде бірінші рет жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзімінің бітуі олардың қоғамдық игілікке айналғандығын білдіреді. Қоғамды игілікке айналған туындыларды кез келғен адам авторлық сыйақы төлемей еркін пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есімінің құқығы мен оның беделін қорғау құқығы сақталуға тиіс. Қоғамдық игілікке айналған туындыларды пайдаланушылар авторлардың шығармашылық қызметіне ықпал ету, олардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында авторлардың кәсіби қорына немесе авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға қаржы аударуға ерікті. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткізілу әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектілері болып табылады.
Сабақтас құқықтардық пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етілмейді. Фонограмма жасаушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшін фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбір қорабында көрсетілетін және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы, олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әрпі: Р;
2) айрықша сабақтас кұқықтар иесінің есімі (атауы);
3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |