Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы


Бюджеттік кредит беру тәртібі



бет17/21
Дата30.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#168559
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

11. Бюджеттік кредит беру тәртібі


1-параграф. Бюджеттік кредит беру жөніндегі қаржылық

рәсімдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті

құжаттардың тізбесі
604. Осы параграфта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Мамандандырылған ұйымдар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер, ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын акцияларының бақылау пакеті мемлекетке не ұлттық холдингке не Ұлттық басқару компаниясына тиесілі ұйымдар.

Бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруының құрамдас бөлігі болып табылады және тиісті бюджеттерден қарыз алушыларға бюджеттік кредит беру жолымен, оның ішінде түпкі қарыз алушыларға кейіннен кредит беру үшін жүзеге асырылады.

605. Бюджеттік кредиттер:

ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген республикалық бюджетте;

жергілікті бюджеттер мәслихаттарының шешімдерімен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген жергілікті бюджеттерде тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі.

606. Кредиттік шарт заңнамада талап етілетін негізгі шарттарды қамтуы тиіс. Сондай-ақ кредиттік шарт бюджеттік кредитті беруге, оны пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және өтеуге байланысты өзге де ережелерді қамтуы мүмкін.

Бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеу кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

607. Кредиттік шартқа қол қойған күннен бастап 3 айдың ішінде қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін тиісті шартқа қол қоюы тиіс.

608. Кредиттік шарт ұлттық та, шетелдік валютада да жасалады. Бюджеттік кредиттер өзгермелі де, тіркелген де сыйақы ставкасымен берілуі мүмкін.

609. Бюджеттік кредит мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңі жеңілдік кезеңі болып табылады, бұл кезеңде қарыз алушы кредитті өтеуді жүзеге асырмайды. Жеңілдік кезеңінің ұзақтығы кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс.

Бір жылға дейінгі мерзіммен қаржылық агенттіктерді бюджеттік кредиттеу кезінде бюджет кредиті мерзімінің соңында бюджеттік кредитті өтеуге жол беріледі.

Бюджеттік кредиттің негізгі борышын өтеу бойынша жеңілдікті кезеңнің ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің тиісті есептеулерімен расталады.

Қаржы агенттіктері үшін бюджеттік кредиттің негізгі борышын өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұзақтығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталады.

610. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік кредиттері, бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, қаржы агенттіктері бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкалары айналыс мерзімі бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орта мөлшерлік ставкасымен төмен болмай белгіленеді.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орта мөлшерлік ставкасын анықтау тәртібі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

611. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы есептеу тиісті шартқа қол қойылған күннен бастап бюджеттік кредит қайта құрылымдалған кезде бюджеттік кредит қаражатын кредит берушінің шотынан қарыз алушының шотына аударған күннен бастап жүзеге асырылады. Бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлеуді жүзеге асыру бірінші күнтізбелік жылдан кешіктірмей басталады. Сыйақыны есептеу бюджеттік кредит бойынша негізгі борыштың қалдығына жүзеге асырылады. Бұл ретте негізгі борыш мерзімінен бұрын өтелген жағдайда сыйақыны қайта есептеу жүзеге асырылады.

Кредиттік шартқа сәйкес Қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша сыйақының сомасын тиісті бюджеттің кірісіне төлейді.     

612. Қарыз алушы банк белгілеген түпкі қарыз алушыға арналған сыйақы ставкасының мөлшері агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын қоспағанда, осы Ереженің 610-тармағына сәйкес белгіленген 2 еселенген сыйақы ставкасынан аспауы тиіс.     

613. Егер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргізілмеген жағдайда, сыйақы ставкасы өткен кезеңнің тиісті валютасындағы сыйақы ставкасына тең белгіленеді.

614. Жасалған кредит шарттары жасасқан күннен бастап 3 күннің ішінде:

республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның;

жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдардың тіркеуіне жатады.

615. Жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредит беру тиісті мәслихаттардың шешімі болған кезде ғана жүзеге асырылады. Кредиттік шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органның арасында жасалады.

616. Егер өзгеше тапсырыс беру шартымен қарастырылмаған жағдайда, сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді тиісті бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.

Егер тапсырыс шартымен өзгеше көзделмесе сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді тиісті бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.

Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеу тапсырыс беру шартымен белгіленеді.

617. Қарыз алушы қайтыс болған не оны қаза болған деп жариялаған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарды тоқтатуды нотариалды расталған қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесін ұсынған кезде сенім білдірілген өкіл (агент) жүзеге асырады.

618. Республикалық және жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен берілген бюджеттік кредит қарыз алушы негізгі борыш сомасын қайтарған және толық көлемде сыйақыны және басқа да бюджеттік кредитпен байланысты ілеспе төлемдерді төлеген кезде өтелген болып саналады.

Кредитті өтеу мерзімі басталған кезде кредит беруші қарыз алушыға кредитті өтеу мерзімі басталғаны туралы хат жібереді. Хат қарыз алушыға кредиттік шартта көрсетілген мерзімде, төлеу күніне дейін жіберіледі. Хатта төлеуге жататын сома, кредит берушінің банктік деректемелері, ББС түсімдер сыныптауышының коды көрсетіледі.

Қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалану мен өтеу шартын бұзған жағдайда, Кредит беруші кредиттік шартты мерзімінен бұрын бұзуды және бюджеттік кредиттің іс жүзінде ұсынылған сомасын, есептелген сыйақыны және өзге де тиесілі төлемдерді қайтаруды жүзеге асыра алады.     

619. Бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кредит беруші немесе сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз алушыдан кредиттік шартта белгіленген мөлшерде айыппұлды өндіре отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндіріп алады. Мақсатқа сай пайдаланылмаған кредит сомасына сол сияқты кредиттік шартта анықталған бюджеттік кредитті игеру кезеңінен кейін қарыз алушы пайдаланған сома жатады.

620. Кредиттік шартта анықталған бюджеттік кредитті игеру кезеңінде қарыз алушы пайдаланбаған кредит сомасы ББС-ның түсімдер ыныптамасының тиісті кодына игеру кезеңі аяқталған күннен бастап 3 күннің ішінде тиісті бюджетке қайтаруға жатады. Бұл ретте, Қарыз алушы кредит сомасын қайтаруды жоспарлап отырғаны туралы Кредит берушіні кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын хабардар етеді.     

621. Осы Ереженің 619 және 620-тармақтарында көзделген жағдайларда кредит сомасын қайтару, кредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады. Кредит берушімен немесе оның сенім білдірілген адамымен (агентімен) келісу бойынша Негізгі борышты өтеу кестесіне тиісті өзгерістерді енгізеді.     

622. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек қалыптасқан және кредиттік шарттың ережелерінде анықталған мерзім ішінде оны өтемеген кезде кредит беруші әрбір мерзімі өткен күн үшін қайтаруға жататын соманың оннан бір бүтін пайызы мөлшерінде өсімақы есептейді.

623. Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе әкімдіктер шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

624. Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына сәйкес құрылған Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік берілген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

625. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді жергілікті атқарушы органның жанындағы консультативтік-кеңес органының оң қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

626. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдаған кезде кредит берушінің, бағдарлама әкімшісінің және қарыз алушының арасында қайта құрылымдау туралы кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады.

627. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау:

1) негізгі борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерту;

2) бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту;

3) бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыруға қарыз алушының бюджеттік кредитті пайдалана алатын игеру кезеңін өзгерту;

4) бюджеттік кредиттің валютасын өзгерту;

5) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешекті капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшеріне әсер етпеуі тиіс.

628. Республикалық бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша Үкімет талаптарын және сыртқы қарыздар есебінен тартылған қаражатты есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Жергілікті бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша талаптарды есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік кредиттерді тіркеуді, есепке алуды және мониторингін жүзеге асырады, қарыз алушылар, сенім білдірілген өкілдер (агенттер), түпкі қарыз алушылар міндетті тәртіппен берген ақпараттың негізінде жобалардың іске асырылуын бақылайды. Ақпарат беру нысандары мен мерзімдерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

629. Бюджет кредитінің нысаналы пайдаланылуын бақылауды мемлекеттік қаржылық бақылау органы, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, кредит беруші және/немесе сенім білдірілген өкіл (агент) жүзеге асырады.

630. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы жеке тұлғаның мынадай құжаттарды беруі талап етіледі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

3) бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы құжат;

4) ұйғарылатын кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат.     

631. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы мамандандырылған ұйымдардың мынадай құжаттарды беруі талап етіледі:

1) таратып жазуды, оның ішінде дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазуды қоса бере отырып, алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша бухгалтерлік теңгерім;

2) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

3) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша табыстар мен шығындар туралы есеп;

4) тәуелсіз аудитордың алдыңғы қаржы жылындағы қорытындысы;

5) ұйғарылатын кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат;

6) тиісті мемлекеттік кіріс органының салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

7) түпкілікті қарыз алушыға бюджеттік кредит беру кезінде алынатын маржа туралы құжат;

8) құрылтай құжаттары;

9) кредит саясаты туралы құжат.



2-параграф. Қарыз алушының кредиттік қабілетінің өлшемдері
632. Қарыз алушы банктің кредиттік қабілетінің негізгі өлшемдері:

бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

салықтық берешектің болмауы;

конкурсты өткізу күнінің алдындағы соңғы 3 айдың ішінде банк заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтауы;

меншік капиталы бюджеттік кредит сомасынан кемінде 2 есе аспауы тиіс;

бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз етудің болуы; қажет болған кезде филиалдық желінің және/немесе корреспонденттік желінің болуы болып табылады.

633. Жергілікті атқарушы органдардың кредиттік қабілетінің негізгі өлшемі бұрын алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы болып табылады.

634. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит берген кезде кредиттік қабілетін сенім білдірілген өкіл (агент) анықтайды.

635. Бюджеттік кредитті алуға үміткер шетел мемлекетінің кредиттік қабілетін жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктер берген рейтингтерге сәйкес анықталады.

636. Сол сияқты кредит беруші қарыз алушының кредиттік қабілетін анықтау үшін қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.



3-параграф. Мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тәртібі
637. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттерді қабылдағаннан кейін бір айдан аспайтын мерзімде мамандандырылған ұйымдарды анықтауға үміткерлерге (бұдан әрі - үміткерлер) қойылатын талаптар анықталады.

638. Осы Ереженің 637-тармағын орындағаннан кейін бағдарламаның әкімшісі 3 жұмыс күні ішінде кредит берушімен келісуге конкурстық құжаттаманы жібереді.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келіседі және жазбаша түрде ол туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісін хабардар етеді.

639. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім беру мерзімін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде кредиттерді алуға конкурс жариялайды.

640. Үміткерлер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері анықтаған конкурс өткізу мерзімдерінде олардың конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын және бюджеттік кредиттерді алу шарттары бойынша ұсыныстарды және олардың нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде түпкі қарыз алушыларға кредит беруін жүзеге асыруды қамтитын құжаттарды қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдер береді.

641. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:

бюджеттік кредиттер алуға қойылатын негізгі талаптарды қоса бере отырып, үміткерлердің тиісті талаптарды сақтауы туралы ақпаратты алу мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға;

республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша үміткерлердің мерзімі өткен берешегінің бар-жоғы туралы ақпарат алу мақсатында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және/немесе жергілікті атқарушы органдарға сұрау салулар жібереді.

642. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган 5 күннің ішінде сұрау салуларға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне үміткерлердің конкурсқа қатысуына қойылатын талаптарды сақтауы туралы ақпаратты жібереді.

643. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және/немесе жергілікті атқарушы органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің сұрау салуларына сәйкес 5 күннің ішінде бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен алынған бюджеттік кредиттер бойынша үміткерлердің мерзімі өткен берешегінің бар-жоғы туралы ақпарат жібереді.

644. Конкурсқа қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және/немесе жергілікті атқарушы органдардың оң қорытындысын алған үміткерлер жіберіледі.

645. Құжаттарды қарау және конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің қатарынан қарыз алушыларды іріктеу үшін бағдарламалардың әкімшілері конкурстық комиссия құрады.

Конкурстық комиссия бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілдерінен тұруы тиіс.

Конкурстық комиссия бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін тиісінше кредит беру мақсатында үміткерлердің өтінімдерін қарауды жүргізеді және мыналарды:

түпкі қарыз алушыларға бюджеттік кредит берумен байланысты шығыстардың ең аз деңгейін;

қамтамасыз ету сапасын (көлемін, нысанын, өтімділігін);

несие қоржынының сапасын;

меншік капиталының көлемін;

кредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесін негізге ала отырып, оларды іріктеуді жүзеге асырады.

646. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер), бюджеттік кредит беру шартына сәйкес іріктеуде артықшылығы жүзеге асырылатын қаржы агенттігін қоспағанда, конкурстық негізде қарыз алушыны анықтайды.

647. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және конкурстық негізде анықталған мамандандырылған ұйыммен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың кредиттер беру туралы қабылданған шешімдерінің негізінде кредиттік шарт (келісім) жасасады.

648. Бюджеттік кредит беру кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер жасасқан кредиттік шарттар (келісімдер) талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.



4-параграф. Қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібі мен өлшемдері
649. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу үшін агенттік бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынадай құжаттарды жібереді:

1) тізбеге енгізуге арналған өтініш;

2) Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілік (бухгалтерлік теңгерім, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба);

4) тиісті мемлекеттік кіріс органының салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.

650. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 5 жұмыс күнінің ішінде осы Ереженің 649-тармағында көрсетілген құжаттарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

651. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар банктер мен ұйымдар үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері осы Ереженің 128-қосымшасына сәйкес, өзге қаржы агенттіктері үшін осы Ереженің 129-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

652. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен осы Ереженің 649-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Ереженің 128 және 129-қосымшаларына сәйкес қаржы агенттігін тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді.



5-параграф. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша кірістіліктіңорта мөлшерлі ставкасын анықтау тәртібі
653. Кірістіліктің орта мөлшерлі ставкасы бағалы қағаздардың қайталама нарығында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздармен жасалған тиісті тоқсандағы операциялардың нәтижелері бойынша анықталады.

654. Тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жасалатын операциялардың нәтижелері бойынша «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бес күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздармен бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы операциялардың нәтижесіндегі кірістіліктің қалыптасқан орта мөлшерлі ставкасының көлемі туралы ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.



6-параграф. Жергілікті атқарушы органнан бюджеттік кредит бойынша берешек сомасын және/немесе мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі рәсімдер
655. Жергілікті атқарушы органның мақсатқа сай пайдаланбаған бюджеттік кредит бойынша берешек сомасын және/немесе бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

656. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының соңына қарай тиісті жергілікті органның Әкіміне өтеу мерзімін көрсете отырып, мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу және/немесе бюджеттік кредит сомасын қайтару қажеттігі туралы ескерту жібереді.

657. Жергілікті атқарушы орган ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бюджеттік кредит бойынша берешек сомасын қайтармаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қазынашылықтың тиісті аумақтық бөлімшелеріне тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қаржылық бақылау актісіне қол қойғаннан кейін бір ай ішінде жоғары тұрған бюджеттен бөлінген мақсатсыз пайдаланған бюджеттік кредит сомасын қайтармаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қазынашылықтың тиісті аумақтық бөлімшелеріне тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұрылуы туралы жазбаша хабарлама жібереді

658. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органнан нұсқау алғаннан кейін келесі жұмыс күні аумақтық қазынашылық бөлімшесі мыналар:

1) тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметкерлеріне төленетін жалақы және басқа да ақшалай төлемдер;

2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

3) іссапар шығыстары;

4) міндетті зейнетақы жарналары;

5) ерікті зейнетақы жарналары;

6) әлеуметтік аударымдар;

7) банктің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі операцияларды қоспағанда, тиісті жергілікті атқарушы органның Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.

659. Егер тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен жергілікті бюджетке түзету жүргізбесе және аумақтық қазынашылық органдарына берешектің барлық сомасын өтеу бойынша төлеуге берілетін шоттарын ұсынбаса, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган, мыналарды:

1) тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметкерлеріне айлық жалақы және басқа да ақшалай төлемдер;

2) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары;

3) ерікті зейнетақы жарналары;

4) әлеуметтік аударымдар;

5) банктің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі операцияларды қоспағанда, тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша барлық операцияларды (азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізуді) тоқтата тұруды жүзеге асырады.

660. Тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды жаңарту берешектің барлық сомасын өтеу жөніндегі төлеуге шоттар ұсынылғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жазбаша өтінімі бойынша жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет