Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Жүйке жүйесі және сезім мүшелері



бет13/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері

Аралардың жүйке жүйесі құрылысы жағынан күрделі, орталық перефериялық және сематикалық (вегетативті) бөліктерге бөлінген.


Аралардың орталық жүйке жүйесі бас миы, жұтқыншақ асты және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.
Сегменттегі әр жұп түйін өзара жүйке ұлпасынан тұратын комиссурамен байланысқан. Түйіндер әр жағынан байланыстырып тұратын көлденең түйіндер – коннектива деп аталады.
Жұтқыншақ үсті түйіні баста жұтқаншақ үстінде орналасқан. Өзінің физиологиялық атқаратын қызметіне сәйкес жоғары сатылы жануарлардың миына ұқсас және аралардың мінез - құлқын анықтайды. Жұтқыншақ асты түйіні жұтқыншақ үсті түйінге қарағанда кішкентай, жұтқыншақ астында орналасады. Одан екі кеуде және бес құрсақ түйіннен тұратын құрсақ жүйке тізбегі шығады.
Перефериялық жүйке жүйесіне барлық мүшелермен ұлпаларда шашыраңқы күйде таралған орталық және вегетативті жүйке жүйесінен шыққан сезім нейрондары жатады. Перефериялық жүйке жүйесі сезу, көру, есту және дәм сезу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сонымен қатар араларға уақыт, қысым мен ауа температурасын сезу тән.
Симпатикалық жүйке жүйесі асқорыту, тыныс алу, қан айналу, көбею және ішкі мүшелер жиынтығының қызметін реттейді.
Аралардың мінез – құлқы туа біткен, ұрпақтан ұрпаққа берілетін және жүре пайда болған рефлекстермен анықталады. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер нәтижесінде пайда болады. Шартты рефлекстер тез пайда болып, сонымен қатар тез сарқылады. Олар ара өмірінде маңызды орын алады.


3. Ұялар, құрал-жабдықтар және омарта құрылыстары
3.1 Ара ұяларының жіктелуі және құрылысы

Ара ұялары, омарта жабдықтары және омарта құрылыстары омарта өндірісінің негізгі құралдарын құрайды. Олардың мақсаты - ара балұяларының өнімділігін дамыту және өсіру, омарташылардың еңбегінің өнімділігін жеңілдету және жақсарту үшін оңтайлы жағдайлар жасау.


Ара ұяларында аралардың өмірі өтеді, олардың жас ұрпағы өсіріледі, бал мен балтозаңның қоры жиналады. Ара ұясы – адамдар арқылы жасалған араларға арналған мекен. Сондықтан барлық құрылымдардың ұяларына келесі негізгі талаптар қойылады:

  • олар аралар ұясын температураның күрт өзгеруінен және жауын шашыннан қорғау керек;

  • ара ұясы, оның жүйесіне қарамастан, аралар отбасының биологиялық талаптарына сәйкес болуы және құрамдас бөліктерге – корпусқа, шатырға, рамаларға еркін бөлшектелуі керек;

  • бір ұяның бөліктері мен бөлшектері бірдей жүйенің барлық басқа ұяларына еркін сәйкес келуі керек. Ұяда аралар отбасының биологиялық талаптарынан туындайтын мөлшерлер де сақталуы керек;

  • ұядағы раманың ені – 25 мм;

  • ұяның қабырғалары мен бүйірлік рамалар арасындағы қашықтық - 7,7-8 мм;

  • рамаүсті кеңістік – 8 мм;

  • іргелес рамалардың кәрез балы аралықтары арасындағы қашықтық -37 мм;

  • көрші кәрездер арасындағы қашықтық (ұялардың ені) - 12 мм.

Қазіргі заманғы рамалы ара ұялары тік – тік қойылатындар (стояки), және көлденең — жатақтар (лежаки), сондай-ақ арнайы мақсаттағы ұяларға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет