Тік ара ұяларында ұялардың кеңеюі тігінен жоғарыға қарай, қосымша корпустар немесе жартылай тіректер орнатылу арқылы жүргізіледі. Оларға бір және екі қондырғысы (магазин) бар он екі рамалы ара ұясы, екі корпусты және көп корпусты ара ұялары жатады.
Он екі рамалы ара ұясы бір (қосымша, сурет 9) немесе әрқайсысы 10-11 жартылай рамаға арналған екі қондырғыдан (магазин) (қосымша, сурет 10), 12 стандартты рамаға арналған бір қабырғалы ұя корпусынан, түбі және шатырынан тұрады.
Мұндай ара ұяларының бірқатар маңызды кемшіліктері бар — көлемі кішкентай, рамасы екі типті. Дегенмен, бір өлшемді ұя рамаларындағы ара ұяларымен салыстырғанда, қондырғы кеңейтімдері (магазинные надставки) бар ұялардың артықшылығы бар, қондырғы кәрездері (магазинные соты) ұялардағы кәрездерге қарағанда ұзақ уақыт бойы пайдаланылуға жарамды. Бұл омартада қондырғы кәрездерінің үлкен қорын құруды жеңілдетеді, нәтижесінде балды негізгі бал жинау аяқталғаннан кейін сорып алуға болады, бұл өнімді өндірудің өнеркәсіптік технологиясында маңызды.
Екі корпусты ара ұясы (қосымша, сурет 11) – әрқайсысы, өлшемі 435х230 мм болатын 10 рамалар, түбі мен төбесі бар екі бірдей корпустан тұрады. Корпустардың ішіндегі өлшемдер 450х450х310 мм.
Корпустың қабырғаларының қалыңдығы 40 мм, түбі 30 мм. Төбесінің қалыңдығы 15 мм, тақталардан жасалған, жұқа қаңылтыр немесе шатыр қағазымен қапталған. Төбесінің артқы және алдыңғы қабырғаларында металл тормен бекітілген желдеткіш саңылаулар бар. Алдыңғы қабырға ұясының төменгі бөлігінде 10х250 мм өлшемді итерме бар, олардың саңылауын қысқартуға немесе түбіне бекітілген қапсырмаларға салынған қақпа клапанымен толығымен жабуға болады. Жоғарғы бөлігінде диаметрі 25 мм дөңгелек итерме болады.
Бұл ұя құрылымының кемшілігі - ондағы араларды ұстау үлкен еңбек шығындарымен байланысты, әсіресе ауыр екінші корпустарды алып тастау және қою кезінде мұндай жұмысты бір омарташы жалғыз атқара алмайды. Бал ағыны мол аймақтарда бір корпусты ұямен салыстырғанда екі корпусты ұя ең көп пайдаланыла бастады. Екі корпусты ара ұясы бір корпустымен салыстырғанда мол бал жинайтын аудандарда біршама көп қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |