Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет12/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

Аралардың жыныс жүйесі



Аналық аралардың жыныс жүйесі. Аналықтың жыныс жүйесі жақсы жетілген жұп аналық без, ұрық жолы, ұрық қабылдағыш, қынап камерасынан тұрады. Аналық бездер алмұрт тәрізді құрсақтың жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Әр аналық без 250 жұмыртқа түтікшеден құралған, оларда жұмыртқа дамып пісіп жетіледі. Жұмыртқа түтігінің саны аналық араның құндылығы мен ара отбасы қабілеттілігін анықтайды. Аналық бездің жұмыртқа түтіктері жұптасқан жұмыртқа түтіктерінің біріне құятын 8 түтікке біріктірілген. Жұптасқан ұрық жолдары (оң және сол) қысқа жұпталмаған ұрық жолына қосылады.
Ұрық қабылдағыш жұпталмаған жұмыртқа түтігінің үстінде орналасқан. Оның пішіні шар тәрізді (диаметрі шамамен 1,5 мм), онда аталық пен аналық аралар будандасқан соң, сперматозоидтар жиналады (5-7). Ұрық қабылдағыштың үстінде сперматозоидтардың тіршілік әрекеті үшін секреция бөлетін без орналасқан.
Қынап сыртқы қабаты сақиналы бұлшықеттен тұратын қысқа жұпталмаған жұмыртқа түтігінің артында орналасқан түтік. Аналық аралар тәулігіне 1500-2000 жуық жұмыртқа сала алады.
Аналық аралар аналық ара кәрізінен шыққаннан кейін 7-10 күн ішінде жыныстық жетілген болып есептеледі. Ұрықсыз аналықтар аталық аралармен жұптасу үшін ұшу барысында жоғарғы жақ бездерінен эктогормон деп аталатын – транс – 9- оксо – 2 децен қышқылын бөледі.
Аналыққа қарағанда жұмысшы аралардың жыныс мүшесі дамымаған. Жұмыртқа түтікшелерінің саны 6-22. Олар эволюция барысында көбею қабілеттілігінен айырылғандықтан аталық аралармен жұптаса алмайды. Егерде ұзақ уақыт бойы аналық аралар болмаса, жұмысшы аралар ұрықтанбаған аз жұмыртқа салып, олардан кеміс кішкентай жұмысша аралар дамиды. Оларды трутовка деп атайды.
Аталық араның жыныс жүйесі құрсақ қуысының айтарлықтай бөлігін алып жатыр. Жыныс жүйесінде екі аталық без ерекшеленеді, олардан ұрық көпіршіктерімен, екі қосалқы бездермен және пиязшық пен мүйізшелер орналасқан эякуляциялық канал байланысқан.
Ен (аталық без) көптеген (200-ге дейін) аздап бұралған ұрық түтіктерінен тұрады, оларда сперматозоидтар дамиды, олар пісіп жетілгеннен кейін шәует өзектері арқылы ұрық түтіктеріне, ал олардан эякуляциялық каналға түседі. Қосымша бездер сперматозоидтардың тіршілік етуі үшін секрет бөледі. Бір аталық ара 10 млн дейін сперматозид бөледі.
Аталық аралар 12-14 күнде толық жынысқа жетіле бастайды. Аталық аралар аналықтармен шағылысудан соң өліп қалады, себебі шағылысу кезінде хитинді қабығы бұзылып, аталықтың жыныс мүшесі сперматозоидтар ағып кетпес үшін аналықтың жыныс мүшесінде қалады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет