Ас қорыту жүйесі
Ішек - аралардың ас қорыту мүшесі болып табылады. Ол үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек. Алдыңғы және артқы ішек ішкі жағынан хитинду кутикуламен қапталған, ал ортаңғы ішек хитинді жабынмен қапталмайды. Артқы және алдыңғы ішек эктодермадан түзілсе, ортаңғы ішек – энтодермадан түзіледі. Ішектің әрқайсысы әртүрлі функцияларды орындайтын бөліктерге бөлінеді. Алдыңғы бөлік – ауыз аппараты, жұтқыншақ, өңеш, бал жемсауы мен аралық қақпақшадан тұрады. Жұтқаншақ – бұлшық ет қабырғаларынан қысқа түтік тәрізді ауыз саңылауынан басталып, бастың алдыңғы қабырғасы бойымен созылып, бүкіл кеуде арқылы өңешке апарады, ол кеңейіп, бал жемсауын түзеді (қосымша, сурет 7).
Өңештің қабырғалары дамыған бұлшықеттердің екі қабатымен көмкерілген, көптеген қатпарлары бар, соның арқасында азық өткен кезде өңеш көлемі артады. Бал жемсауы шірнені жинап, оны ұяға таситын мүшесі болып табылады. Бал жемсауының жұмысшы араларда 55-66 мм3, аналық және аталық араларда мөлшері әлдеқайда аз. Бал жемсауы ортаңғы ішектің аралық ішегімен байланысқан. Клапанның күрделі құрылысты болуына байланысты жемсауға түскен қорек сыртқа шығуы мүмкін немесе ортаңғы ішекке өтеді.
Ортаңғы ішек – қорек қорытылып сіңірілетін ішектің негізгі бөлігі болып саналады. Бұнда күрделі заттар ферменттердің әсерінен қарапайым заттарға ыдырап, эпителий жасушаларымен сіңіріледі. Бұл ішектің ең ұзын бөлігі. Жұмысшы араларда ортаңғы ішектің ұзындығы 10 мм, аналық араларда 13 мм, аталық араларда 19 мм.
Ортаңғы ішектің алдыңғы бөлігі перитрофиялық қабықша түзеді, ас қорыту ферменттерімен тез сіңіп, эпителий жасушаларын тозаң дәндерінің зақымдануынан қорғайды.
Ортаңғы ішек қабырғаларының жиырылуы нәтижесінде қоректің баяу қозғалуына көмектеседі. Ортаңғы ішектің соңында бұлшықет сақинасы (сфинктер) орналасқан, ол ішектің люменін жабады.
Артқы ішек ортаңғы ішектің соңғы бөлігіне жалғасып тұрады. Ортаңғы ішекпен артқы ішектің ортасында зәр шығару жүйесінде маңызды роль атқаратын мальпигии түтігі орналасақан.
Артқы ішек жұқа және қалың ішектен тұрады. Артқы ішек тар, ілмекті түтік, ішектің сырты дамыған бұлшық еттермен жабылған, ішкі бөлігінде артқа қарай бағытталған ұсақ тісшелері орналасқан. Бұлшық еттің жиырылуы мен тісшелердің көмегімен қортылмаған ас қалдықтары мен ыдырау өнімдері сыртқа ортаға шығуын тездетеді. Қалың ішек хитинді қабықшаға, сыртқы бөлігі дамыған бұлшық ет пен қапталған. Ол үлкен сыйымды, қыс мезгілінде ара салмағының жартысынан жуығы 35-40 мг –ға дейін нәжіс жиналады. Ең алғашқы көктемгі ұшу барысында аралар бірінші кезекте осы нәжістен босатылады.
Араның кеуде бөлігі өзара байланысқан төрт сақина сегменттерінен тұрады. Әр сақина төрт бөліктен: арқа (тергит), құрсақ (стернит), және екі бүйір (плейрит) дамыған. Бірінші сақина бастың кеудемен байланысуы үшін қызмет етсе, тергит кеудемен байланыссы, плейрит пен стернит баспен байланысқан. Соның арқасында бас кеуде бөлігімен сақина тәрізді мембрана арқылы байланысып, аралар ұяда және гүлбақтарында жұмыс жасау барысында бастарын еркін қозғай алады. Екінші кеуде сегментінің ұзын өсуінің арқасында, кеуденің барлық арқа бөлігін жауып тұрады. Бұл сегментің ұшуға қажетті жақсы дамыған бұлшық еттер үшін резервуар қызметін атқарады. Үшінші кеуде сегментінің құрылысы тар сақина түрінде болады. Кеуде қуысының төртінші сегменті шығу тегі бойынша құрсақ сегменттеріне жатады. Ол кеуде қуысының соңғы бөлігін толығымен жауып, кеудемен құрсақ бөлігін жалғап артикуляцияға арналған саңылауы бар, ол арқылы кеуде қуысы құрсақпен байланысады. Араның екінші және үшінші кеуде сегментіне (тергит пен плейрит) екі жұп жұқа қабыршақты қанаты бекітілген. Бірінші, екінші және үшінші кеуде сегменттерінен алдыңғы, ортаңғы және артқы жұп буынаяқтары орналасады.
Құрсақ. Жұмысшы ара мен аналық аралардда алты, аталық араларда 7 құрсақ сақиналарынан тұрады. Құрсақ сақиналары арқа және құрсақ жарты сақинадан тұрады. Олар өзара жұқа серпімді хитинді қабақпен байланысқан. Өз кезегінде әрбір құрсақ сақиналары жанындағы хитинді мембранамен байланысады. Осы байланыстың арқасында аралар 1/8 ұзындығын және енінің 1/20 бөлігіне құрсағының көлемін үлкейте алады. Қан айналым, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару, жыныс мүшелері, шаншу және жүйке түйіндері араның құрсақ бөлімінде орналасақан. Жұмысшы аралардың соңғы төрт стернитінде балауыз айналары орналасқан. Балауыз бөлетін бездердің ұсақ саңылаулар арқылы балауыз сыртқы шығып, содан соң балауыз айнасында мөлдір балауыз пластина түрінде қатып қалады. Осындай бір пластинаның салмағы 0,25 мг. Аналық және аталық араларды балауыз бездері болмайды, сондықтанда олардың стерниттерінде балауыз айналары болмайды.
Құрсақтың соңғы сегментінде қорғаныс қызметін атқаратын бізгегі болады.
Тоқ ішектің алдыңғы бөлігінде – ұзына бойы тік ішектің бездері болады. Олардың секрециясы тоқ ішектің ішкі қуысына түсіп, шіріткіш бактериялардың дамуына кедергі келтіріп, нәжістің ағза ішінде ыдырауынан сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |