Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет11/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

Зәр шығару мүшесі. Аралардың зәр шығару мүшесі мальпигий түтігі, ол өз қызметтері бойынша омыртқалы жануарлардың бүйректеріне сәйкес келеді. Құрылысы жағынан жіңішке жұқа түтік тәріздес, осы түтүіктер өзара бір – бірімен тығыз байланысып, құрсақ қуысының ішкі мүшелерін қорғап тұрады. Түтікше қабырғалары гемолимфамен шайылып, ол ағзадан зәр қышқылы мен олардың тұзын және басқа метоболизм өнімдерін шығарады.
Бұл заттар түтікшелерден бөлініп, ішектің артқы бөлігі арқылы ағзадан шығарылады.
Ара ағзасында қоректік заттардың жиналуына маңызды роль атқаратын майлы дене, сонымен қатар ол экскреторлық қызмет атқарады.
Мальпигий түтігінен айырмашылығы майлы дене экскреттерді жасуша ішінде кристалл түрінде жинайды. Бұл экскреттер майлы денеде өмір бойы сақталады немесе шамадан тыс жинақталған кезде, олар мальпигий түтігі арқылы сыртқы ортаға шығады.
Бал араларында перикард жасушалары да жинақталған экскрецияның маңызды мүшесі болып табылады. Олар негізі аортаны қоршап, жүрек тамырларына жақын орналасқандықтан перекардиялық синуста жасушалық жиынтық құрайды. Жасуша плазмаға бай, 2-3 орташа мөлшердегі ядродан және пигменттерден тұрады.
Перикард жасушалары дене қуысына енген бөгде коллоидтық заттарды ұстап, жинақтай алады. Бұл жасушалар гемолимфадағы бөгде заттарды алып тастап, өз плазмасында жинақтап, өнімдермен шамадан тыс толтырылған кезде жойылып, гемоциттер арқылы фагоцитозға ұшырайды.
Эноциттер – диаметрі 100-150 мкм жететін үлкен жасушалар. Кейбір ғалымдардың тұжырымы бойынша олар қоректік заттарды жинақтап сақтайды. Сонымен қатар эноциттерде әр түрлі бояу мен несеп қышқылының кристалдары кездеседі.



    1. Тыныс алу

Тыныс алу жүйесі трахея және ауа қапшығынан тұрады. Трахея сыртқа стигма көмегімен ашылып, ауаның трахеяға келуін, пайдаланылған ауаның шығуын және ара ағзасынан су буының шығуын реттеп отырады.


Бал араларында үлкен трахеялар кеңейген ауа қапшығын түзеді.
Ара кеудесінде үш жұп, құрсағында жеті жұп тыныстықтар бар. Жұмысшы аралар мен аналық аралардың жетінші жұп тыныстық (дыхальце) бізгек аппаратының, құрсақ бөліміне тартылған тыныс алу пластинкасында орналасады. Бұл тыныстықтар дененің сыртқа бөлігінде көрінбейді. Әр тыныстық ішкі жабық аппараттан, біреуі жабылатын, екіншісі ашылатын және ауаны тазартатын, сүзгі қызметін атқаратын шашыраңқы қылшықтардан тұрады.
Араларда тыныс алудың екі типі бар – сыртқы ауаны механикалық вентиляциялау жолымен жүретін және ішкі (диффуздық). Ара тыныс алуды ырғақты жиырылу және құрсақтың кеңеюімен жүзеге асырады. Бұл қимыл трахея жүйесінің механикалық желдетілуі қамтамасыз етеді. Ауаның жіңішке трахея мен трахеола арқылы қозғалысы газдың диффузиясымен жүзеге асады.
Тыныш күйде ара минутына 40, ұшудан оралған кезде 150 тыныс алу қозғалысын жасайды.
Ара отбасының оттегіні тұтынуы олардың белсенділігіне байланысты күрт өзгереді. Тыныштық күйдегі аралармен салыстырғанда, ұшып жүрген аралардың оттегіні сіңіруі 500 есе артып отырады.
Ара отбасының оттегіге қажеттілігі ара мен олардың ұрпақтарының қажеттілігінен тұрады. Ара отбасының белсенділігіне байланысты жаз айларында 1 кг араға 1 сағатта 20 литр ауа керек болса, ал қыс уақытында 4 литр ауа қажет.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет