Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Қан айналым және зәр шығару жүйесі



бет10/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

Қан айналым және зәр шығару жүйесі



Қан айналым жүйесі. Гемолимфа – құрсақтан бас бөлігіне қан тамырлары арқылы өтетін түссіз сұйықтық. Ол зат алмасу процессі мен ішкі мүшелерді толығымен өту арқылы дене қуысына еркін құйылады. Бұндай қан айналым жүйесі ашық деп аталады. Қан айналымы (гемолимфа қозғалысы) жүректің пульсациясы арқылы қамтамасыз етіліп, арқа және құрсақ диафрагма жұмысымен қамтамасыз етеледі.
Жүрек – құрсақтың арқа бөлігінен өтетін бұлшық ет қабырғаларынан тұратын ұзын түтік. Ол бес өзара байланысқан камерадан тұрады (артқы камера ашық) (қосымша, сурет 8). Жүректің әрбір камерасының алдыңғы жағына кіретін камерааралық клапан түзеді. Жүрек қабырғалары жиырылған кезде бұл талшықтар жүрек камерасын жауып, қанды алға қарай айдайды. Жүректің артқы бөлігі тұйық, алдыңғы бөлігі аортамен аяқталады.
Камера аралығында жұп саңылау тесіктері болады, камера бұлшық еті босаңсыған уақытта қан жүрекке өтеді.
Құрсақтан кеуде бөліміне өту барысында аорта спираль тәрізді ілмек жасап, баста аяқталады. Соның нәтижесінде қан аортадан бас бөлігіне, жүрек пен құрсақ бөліміне өтеді.
Гемолимфа құрамы 8 пайызға дейін ақуыз затынан, аминқышқыл, май, қант, тұз көмірқышқылдан тұрады. Ағзадан ыдырау өнімдері гемолимфаға өтіп, зәр шығару жүйесі арқылы сыртқы ортаға шығады. Ол плазманың сұйық бөлігі мен қабықшасы жоқ гемоциттерден тұрады. Ара гемолимфасы фибриногеннің болмауына байланысты ұйымайды, ауа қабатында тез қарайып кетеді. Жас араларда ол түссіз, жас ұлғайған сайын сарғайып, ара салмағының 10 пайызын құрайды.
Бал араларда көбеюдің екі түрі белгілі: жұмысшы, аталық және аналық аралардың көбеюі және партеногенез.
Бірінші көбею түрінде аналық аталық арамен өмірінің басында жұптасып, жұмыртқа жинағыш қапшықта сперматозоидттарды сақтап, ал ұрықтану жұмыртқаны ұяшықтарға салу барысында жүреді.
Партеногенез кезінде ұрықтанбаған жұмыртқалар дамуға қабілетті болып, олардың жұмысшы аралар дамыса, аналалықтар ұрықтанған жұмыртқадан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет