Аталық аралар. Аталық аралар тек аналықты ұрықтандыруға арналған ара отбасының уақытша мүшесі. Олар көктем және жаз айларының басында пайда болады (қосымша, сурет 2).
Негізі аналық аралардың ұрықтануына тек он дана аталық аралар қатысқанымен, олар бірнеше мыңдаған аталығы бар жұмыртқа салады. Жаз айларында аналық аралардың жанында саны жағынан көп аталық аралар болса, соғұрлым аналық аралар соның ішінен күшті, дені сау аталықтарды таңдап алады.
Әдетте аталық аралар жұмысшы араларға қарағанда сыртқы келбеті жағынан едеуір айырмашылыққа ие. Олар жұмысшы арларға қарағанда екі есе үлкен, құрсақ бөлімі жыныс бездерімен толып, үлкен басы және шығыңқы көзімен ерекшеленеді. Орташа есеппен аталық аралар 250 мг салмақ тартады.
Жас ұрықтанбаған араларды аңдуына аталық аралардың көзінің жақсы көруі өз септігін тигізеді. Оларда өз еркімен қорегін табу, қорғану және жұмыс жасау үшін арнайы мүшелері болмауына байланысты, жұмысшы аралар дайындаған балмен қоректеніп тіршілік етеді.
Аталық аралар тек ұяда аналықтарды ұрықтандыру үшін керек отбасы мүшесі. Аталық аралар аналықтарды ұрықтандырғаннан кейін өледі. Аталық аралар ұяшықтардан шыққаннан кейін екі аптадан соң жыныстық жетіледі. Осы уақыт аралығыда аталық аралардың қанаттары қатайып, ұзақ уақыт еркін ұшуға төтеп бере алатындай күшті болады. Шағылысу маусымында аталық аралар күні бойы ұшып, тек ұяға қоректену үшін келеді.
Бал жинау науқаны аяқталғаннан кейін жұмысшы аралар аталық аралардың ұрығын жойып, аталық аралардың өзін ұядан қуады. Аталық аралар қыс мезгілінде аналығы жоқ немесе жұмыртқа сала алмайтын аналығы бар ұяларда қыстап шығады. Қыстап шыққан аталық аралар ұрықтануға қабілетті болады.
Жұмысшы аралар (қосымша, сурет 3). Ара отбасының негізгі бөлігін жұмысшы аралар құрайды. Көктем уақытында олардың саны 20 мың, ал жаз айларында 2-3 есе артып отырады. Егерде, ара ұясында 18-20 мың жұмысша ара болатын болса, ол ұя әлсіз деп есептелінеді. Жұмысшы аралар жыныстық жағынан толық пісіп жетілмеген аналық аралар. Өсімдіктерді тозаңдандырып, бал, балауыз жасайтын, ұядағы барлық жұмысты атқаратын осы жұмысшы аралар. Сонымен қатар көктем уақытында аналық аралардың көп жұмыртқа салуына жағдай жасап, көп жұмыртқа салуын қадағалап отырады. Жұмысшы аралардың тірілей салмағы 100 мг. Олардың тіршілік ету ұзықтығы, олардың атқаратын жұмыс қарқындылығы мен биологиялық жай – күйіне, бал ара ұяларына байланысты. Күзде пайда болған жұмысшы аралар қыстап 10 айға дейін, ал көктем жаз айларында пайда болғандар небәрі бір жарым ай өмір сүреді.
Үйірдегі барлық жұмысшы араларды екі топқа бөлуге болады: 20 күндік жас жұмысшы аралар, ұядағы барлық жұмысты атқаратын яғни бал жинауға ұшпайтын, тек ауа – райы қолайлы болған уақытта ішектерін босату үшін және ұялардың қайда тұрғанын білу үшін күндіз ұшып келетін аралар. Олар ұя ішін тазалау, желдету, ұя салу, қорғау, аналық аралармен шыққан ұрпақты қоректендіру, ұя ішіндегі ылғал мен температураны реттеп отырумен айналысады.
Жұмысшы аралар ұядан тек ұяның тесіктерін бітеу үшін, су мен балауыз алуға ұша алады. Тек жұмысшы араларда осы жұмысты атқаруға бейімделген арнайы мүшелері бар.
Қорек жинайтын аралар ұшқыш немесе өрістік деп аталады. Олар бал өсімдіктерін іздеп, шырынмен тозаң жинайды. Шырын көзін тапқан аралар ұяға қайтып келіп, арнайы дене қимылы арқылы ұшқыш араларға қайда және қай жерде өсімдіктердің орналасқаны жөнінде белгі береді. Ұя ішіндегі жұмысты орындау ара жасы мен ұя жағдайына қарай жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |