Ара отбасының биологиясы
Ара отбасының құрамы
Бал аралары, басқа жәндіктермен салыстырғанда біртұтас өмір сүретін, жеке дара өмір сүре алмайтын жануарлар тобына жатады. Толық жетілген ара отбасы құрамы аналық, аталық, сонымен қатар оңдаған мың жұмысшы аралардан тұрады.
Аналық ара – ұя ішіндегі басқа араларға қарағанда оңай ажыратуға болады. Оның дене мөлшері құрсағындағы жыныс бездерінің болуына байланысты, жұмысшы аралармен салыстырғанда ірі болып келеді (қосымша, сурет 1).
Дене мөлшері 20-25 мм, салмағы 150-300 мг аралығында ауытқып отырады. Аналық араларда ұя ішіндегі жұмысты атқаратын және шірне жинайтын мүшелері болмайды. Ара отбасындағы оның негізгі қызметі – жұмыртқа салу. Тәулігіне жас аралар 1500-2000 дана жұмыртқа салады. Аналық аралардың өмір сүру ұзақтығы бес жыл, соның алғашқы 2 – 3 жылында ұрықтанған жұмыртқаларды көп салады.
Егер ұядағы аналық аралар өлсе немесе жоғалып кетсе, жұмысшы аралар жаңадан басқа аналық ұя құрады.
Аналық ара кәрезі – бұл мөлшері жағынан өте үлкен емес, жаңа аналық ара өсіп шығатын ұяшық. Аналық ара кәрізіне салынған жұмыртқадан үшінші күні дернәсіл пайда болып, қарапайымы ара дернәсіліне қарағанда ұзақ және көп қоректендіреледі. Мұндай қоректендіру үлкен мөлшердегі және дамыған жыныс мүшелері бар жәндіктердің тез дамуына ықпал етеді.
Сегізінші күні аналық кәрізі толығымен дайын болады және аралар оған дернәсілді жабады.
Дернәсіл тоғыз күн аралығында толық пісіп жетілген аналық араға айналады. Кейбір уақыттарда аналық аралар жұмыртқа салуы нашарлағанда немесе әлсіз болған жағдайда, аралар жаңа аналық ара кәрізін дайындап бастайды. Бұл құбылыс аналық араларды ауыстыру деп аталады. Әдетте, бұл жағдайда аралар кәрісін ауыстыру үшін тек бір ғана аналық араларды өсіреді. Көбінесе ол ұрықтандырудан кейін жұмыртқадан шыққан жас аналық ара, кәрі аналық арамен қоса бір ұя ішінде жұмыртқа сала бастайды, тек ұяның екінші жағынан. Бірақ бұл құбылыс ара ұясының ішінде ұзақ уақытқа созылмайды.
Ұядағы жұмыстар үшін бал ара тобын шығаруды тек ұядағы жас ұрпақтың саны көбейген уақытта тоқтатады. Бұл жағдай мамыр айының аяғымен шілде айының бас жағында өтеді. Ара отбасы кәріз бен дернәсіл салуды аналық ара кәрізін салғанан соң тоқтатады. Бірінші ара үйірімінен жұмыртқалағыштығы төмен аналық ара ұшып шығады. Соның арқасында аналық без мөлшері кішірейіп, еркін ұша алады (жұмыртқа салу уақытында аналық ара ұша алмайды).
Аналық үйрілім ішінде болашақ аналық аралары бар ұяшықтар салынады және ол тек бір рет қана болмауы мүмкін. Келесі үйірілімнің ұшуы тек жас аналық ара кәрізі шыққан уақытта дайын болады. Олар ұяны жыныстық жағынан жетілмеген аналық арамен кетеді. Үйірілім құрып болғаннан кейін жұмысшы аралар аналық ара кәрізін жойып, әрі қарай өз тіршіліктерін жалғастырады. Аналық аралар ұядын тек қана шағылысу уақытында ғана шығып, қалған уақытта ұя ішінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |