Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Аралар денесінің құрылысы



бет8/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

Аралар денесінің құрылысы

Барлық ара отбасының денесі хитинді қабықпен қапталған.


Араның денесі үш бөліктен тұрады – бас, кеуде және құрсақ (қосымша, сурет 4).
Аналық және аталық аралардың басының формасы дөңгеленген, ал жұмысшы араларда үшбұрышты. Жәндіктердің басында екі мұртшасы, 5 көзі – екі күрделі фасеттік, үш қарапайым және ауыз қосымшалары (придатки) бар.
Қарапайым көздері бастың екі бүйірінде, ал күрделі фасеттік көздері бастың төбесінде (темени) орналасқан (қосымша, сурет 5). Күрделі фасеттік көздері бөлек кішкентай көзше бес омматидиялардан құралған (қосымша, сурет 6). Жұмысшы аралардың күрделі фасеттік көздері 5 мың омматидиялардан, аналық араларда – 3 – 4 мың, аталық араларда 7-8 мың омматидиядан тұрады. Аралардың бас бөлігі тенториум деп аталатын ішкі қаңқадан, ол мұртша, жақ және басты бұруға қызмет ететін бұлшық еттермен байланысып тұрады. Әр мұртша буыннан және 12 ұсақ талшықтан тұратын бір талшықтан құралған. Аналық аралардың құрсақ бөлімі 6 сегментке, аталық араларда ол 7 сегментке бөлінген.
Көру мүшесі екі күрделі және үш қарапайым көздерден тұрады. Күрделі фасеттік көздері омматидия санының көп болуына байланысты аталық аралардың көзі шығыңқы дөңес болып келеді. Күрделі көздерінің көмегімен ара ұшып жүрген уақытта қозғалып тұрған заттармен, олардың пішінін айқын ажырата алады.
Қарапайым көздер – оцеллилар, жұмысшы ара мен аналық араларды шүйде бөлімінің алдыңғы бөлігінде үшбұрышты, ал аталық араларда маңдайында орналасқан. Қарапайым көздердің визуалды қабылдауы әлсіз, ол арқылы 1-2 см қашықтықта орналасқан заттарды, жарық көзінің өзгеру қарқындылығын ажыратып отырады.
Антенналары – бастың маңдай бөлігінде күрделі көздердің ортасында орналасып, иіс және сипап сезу қызметтерін атқарады. Антеннаның соңғы сегіз буынында 14-15 мың жүйке түйіндері (сенсилл) болады.
Ауыз аппараттары. Жұмысшы аралардың ауыз аппараты – қоректік заттардың және қоректену типіне байланысты кеміргіш- жалағыш-сорғыш түріне жатады. Кеміргіш қоректену типіне жұп үстіңгі жақпен үстінгі ерін, сорғыш - астыңғы жақпен төменгі ерін жатады. Астыңғы жақ пен ерін бірігіп қорегін соратын ет тұмсығын (хоботок) түзеді.
Кеуде. Араларда кеуде бөлімі өзара байланысқан төрт сақина сегменттерінен тұрады. Әр сақина төрт бөліктен құралып: арқа (тергит), құрсақ (стернит), және екі бүйірлі (плейрит) біріктірілген.
Бірінші сақина бастың кеудеге жылжымалы артикуляциясы үшін қызмет етсе. Тергит – бұл сақина кеудемен, плейрит және стернит баспен тығыз байланысқан. Осының арқасыда бас кеудемен сақина тәрізді мембранамен байланысып, ұя мен бау бақшаларда басын еркін жан – жақты қозғауға мүмкіндік береді.
Екінші кеуде сегменті қатты өскен және кеуде қуысының арқа бөлігін толығымен жауып жатыр. Бұл сегмент ұшуға қажетті, жақсы дамыған бұлшықеттер үшін резервуар қызметін атқарады. Үшінші кеуде сегменті тар сақина түрінде болады. Төртінші сегмент шығу тегі бойынша құрсақ сегментіне жатады. Ол кеуде қуысын толық жауып, артқы бөлігінде құрсақ пен кеуденің байланыстырып тұратын саңылау бар.
Кеуде де орналасқан төрт тергиттің жақсы дамығаны екінші сақина, екінші және үшінші тергит аралығында қанаттары бекітіліп тұрады. Бірінші, екінші және үшінші кеуде сегменттерінен алдыңғы, ортаңғы және артқы жұп буынаяқтары жалғасып кетеді.
Құрсақ. Жұмысшы аралардың құсағы 6, ал аталық араларда айқын көрінетін 7 сақинадан тұрады. Морфологиялық құрылысы жағынан бірінші құрсақ сақинасы екінші болып табылады. Әр құрсақ сақинасы жарты сақинадан тұрадыда, артқы жарты сақина тергит, құрсақ жарты сақина стернит деп аталады.
Араларда кеуденің төменгі жағында орналсақан 3 жұп аяқтары болады. Ара аяқтары гүл тозаңын, балауызды жинау және тасымалдау, сонымен қатар мұртшаларын тазалау қызметін атқарады. Жәндіктердің аяқтары 5 бөліктен тұрады: жамбасша, ұршықбас, сан, сирақ және табан. Бунақталған табан екі табан екі тырнақпен және олардың арасындағы жастықшамен аяқталады.
Үш жұп аяқтарының құрылысы бірдей болғанымен олардың атқаратын қызметтері әртүрлі.
Алдыңғы аяқтарында мұрташаларды тазартатын құрылғы, ал ортаңғы аяқта орналасқан тақасы арқылы тозаңдарды ұяшықтарға текшелеу жұмыстарын атқарады.
Жұмысшы аралардың артқы аяқтарында гүл тозаңын жинауға арналған себеттер болса, аталық және аналық араларда бұндай себеттер болмайды. Ортаңғы аяқтың сан бөлігінде хитинді тікенді өскіншелер бар, сол арқылы жиналған шаң тозаңдарын себеттен ұяшықтарға итеріп салады.
Жұмысшы аралардың аяқтары гүл тозаңдарын жинау мен тасымалдауға бейімделген. Артқы аяқтағы санның сыртқы бөлігінде түктері болмайды, олардың хитин қабаты жылтыр және тегіс. Аралар себетке үлкен кесек пішінді гүл тозаңын жинайды.
Табандағы орналасқан бірінші буын түрі өзгерген төртбұрышты пластинкаға айналған. Аралардың алдыңғы аяқтары қысқалау, бiрақ қалған аяқтарына қарағанда жылжымалы келедi. Сирақтарында күрделi көздердi тазарту үшiн шағын щеткалары болады. Осындай шағын щеткалар табанның алғашқы буындарында да бар, олар дененiң алдыңғы бөлiгiнен тозаңды жинауға және ауыз қосалқыларын тазартуға арналған. Сол табанның iшкi жағында түктерi бар ойық байқалады. Ойықтың қарсысында сирақтың жылжымалы өсiгi бар. Мұртын ойыққа салып және оны өсiкпен паналай отырып, ара мұртын керi және алға қарай созады, сөйтiп оған жабысқан әртүрлi лас заттар шаңнан тазартылады. Мұрттарын жиi тазартудың маңызы зор, өйткенi оларда көптеген сезiм мүшелерi болады.
Ортаңғы аяқтары басқа аяқтарға қарағанда жылжығыштығы нашар. Бұл аяқтар сирақтарының жалпы iшкi бетiн түктер жапқан. Ара бұлармен денесiнен тозаңды сыпырып тастайды. Сирақтың төменгi бөлiгiнде кiшiгiрiм өсiк–тепкi орналасқан, соның көмегiмен аралар ұяларға алып келген балақ тозаңын қуысқа лақтырады.
Ортаңғы аяқтарына қарағанда, артқы аяқтары қозғалмалы келедi. Артқы аяқтар гүл тозаңдарын жинауға және оларды ұяларға жеткiзуге арналған бiрқатар икемшiктер болады. Бұлар сирақтың сыртқы жағындағы шағын кәрзеңкелер олардың көмегiмен ара тозаңды ұяларға апару үшiн балақ тозаңын құрастырады ара денесiнен тозаң түйiрлерiн сыпырып тастау үшiн алғашқы жалпақ буынның iшкi жағындағы щетка және ақырында, сирақ пен табанның алғашқы буыны арасындағы тозаңды сыпырып тастау үшiн кiшкентай қысқыштар қолданылады. Олар балақ тозаңын құрастыруға арналған. Осы икемшiктердiң барлығы да жұмысшы араларда жақсы дамыған. Мұндай икемшiктер аналық және аталық араларда жоқ, өйткенi соңғылар тозаң жинамайды. Артқы аяқтағы себеттің сыртқы бөлігі тек тозаң жинау барысында түзіледі.
Араларды екі жұп қанаттары болады. Артқы жұп қанаттарында ілгекше, алдыңғы жағында ілмек орналасқан. Ұшу барысында алдыңғы және артқы қанаттары өзара байланысып, бірдей жазықтық құрап, қанаттары жақсы дамыған кеуде бұлшық еттері арқылы жүзеге асады. Ара секундына 400 рет қанатын қаға алады, ол бұлшық еттің жиырылу жиелігімен ерекшеленеді. Толық жүкпен аралар сағатына 20-30 км ұшса, жүксіз сағатына 60-70 км- ге ұша алады. 1 км қашықтықты жүру кезінде аралар 1 мг қорек жұмсай отырып, ашық аймақтарда омартадан 4-5 км қашықтыққа еркін ұша алса, сай – сала мен жақсы бағыт – бағдары айқын жерлерде ұшу қашықтығы 10-12 км жетеді.
Аралардың қанаттары дернәсіл сатысынан ересек күйге ауысу барысында түзіледі. Олар гемолимфаға толып тұрған қапшыққа ұқсас ортаңғы және артқы кеуде гиподремасының өскіндер түрінде қаланады.
Қабырға арасынан трахея мен жүйке жүйесі өтетін тұста, түтікшемен қанат тамырлары түзіледі. Трахея мен қанаттың жүйке тамырларын гемолимфамен шайып, бұл мүшенің тіршілік процессін қамтамасыз етеді.
Тамыр (жилки) - ұшу кезінде ауаның кедергісін жеңуге көмектесетін қанаттың механикалық тірегі болып табылады. Бойлық (продольные) және көлденең тамырлар жұқа мөлдір мембраналармен байланысқан. Бұндай қанаттың құрылысы ара қанатына төзімділік пен жеңілдік береді. Тамырлардың арнайы тәртіппен орналасуы әр жәндікке арнайы ерекше сурет береді. Араның ең үлкен қанатының түбінен төрт үлкен бойлық тамырлар шығып, олар бір – бірімен қысқа тамырлармен байланысып, нәтижесінде қанат жасушалары пайда болады. Әр түрлі популяцияға жататын араларда тамырлардың орналасуы бір типті, суреттері бірдей, бірақ арнайы тамырлардың жеке учаскілерінің мөлшерінің арақатынасы әр популяция үшін әр түрлі және тұрақты.
Тыныштық күйде аралардың қанаттары дененің бойында жатып, алдыңғы қанаты артқы қанатын жауып тұрады. Ұшу барысында алдыңғы қанаттары артқы қанаттарымен жанасып бір тұтас қалақ (лопасть) түзеді.
Қанаттарды бір – бірімен байланыстырушы аппараты алдыңғы қанаттың артқы шекарасы бойымен өтетін ойықтан және артқы қанаттың алдыңғы жиегіндегі 17-25 ілмектерден тұрады.
Қанаттардың қозғалуы кеуде бұлшық еттерінің көмегі арқылы жүзеге асады. Ара секундына 440 рет қанатын қаға алады. Сонымен қатар ұшу жылдамдығы сағатына 25 км. Ара жүксіз 65 км-ге жуық, ал жүкпен сағатына 15-30 км жер ұша алады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет