Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет3/53
Дата09.11.2023
өлшемі6.32 Mb.
#482753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Учебное пособие Ара шаруашылығы

Ара отбасының күші деп – тіршілік ететін жұмысшы аралардың салмағы отбасының биологиялық және шаруашылық жағдайының негізгі көрсеткіші, ол кг өлшенеді. Алдымен ара ұясының мөлшері анықталып, содан кейін салмаққа қайта есептелінеді (1 ұя 250 грамм араға сәйкес келеді).
Ара отбасының күші жыл бойы өзгеріп отырады, бал жинау науқаны кезінде, яғни шілде айында саны артады. Ол шірне жинау уақытымен тығыз байланысты болып келеді. Шірне жинау уақытының соңында аралар саны азаяды, қыс кезінде омарташы ара санын көбейтіп, олардың өсуін қамтамасыз ету керек.
Ара отбасында көктемде кемінде 1,5 кг (6 ұя) ара, шілдеге қарай (негізгі шірне жинау уақытында) – кемінде 3 кг (12 ұя), қыркүйекте (қыстау алдында) – кемінде 2 кг (8 ұя) болуы керек. Әлсіз отбасылар экономикалық
тұрғыдан тиімді емес, өйткені олардың өнімділігі төмен және олар қарқынды күтімді қажет етеді.
Күшті отбасында көктемде 2,5 - 3 кг ара, негізгі бал жинау алдында 6 - 7 кг (және одан да көп) және қыстауға ұя жинамас бұрын – кемінде 2,5 кг ара болуы тиіс. Тек күшті дені сау ара отбасы тауарлық өнім (бал, балауыз және т.б.) бере алады. Сондықтан омарташы негізгі бал жинау уақытына дейін барлық күш - жігерін ең күшті ара отбасын өсіруге бағыттау керек және ол аналық аралардың жұмыртқалағыштығына тікелей байланысты.
Алдағы бал жинау науқанына дайындық ағымдағы жылдың жаз айларынан басталады. Егерде ара отбасындағы аналық ара ауру, жұмыртқалағышты төмен болса, өнімділігі жоғары аналық ара осы ұяға отырғызылып, қыстау уақытында жас аралардың саның көбейтіп өсіреді. Олар көктем уақытында қарқынды жұмыс жасап, қысқа төзімді, алынған ұрпақтар санын қоректендіру арқылы көбейте алады.
Көктемгі ұшудан кейін ұядан кәріздерді және төменгі корпустар алынып, аралар жоқ ұялар оқшауланып, сол ұялар қорекпен (бір ұя 1-1,5 кг бал және 100-200 г пергамен) толтырылады. Жас аралардың шығуы және ара отбасының көбеюіне байланысты ұялар уақытылы кәріздермен толықтырылып, шірне жинап бастағанда балауыз жапырағын беріп, содан кейін ұяларға екінші үшінші корпустарды қойып, негізгі бал жинау науқанына дейін күшті ара отбасыларының дамуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет