Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығЫ


«Арай» шұжық цех басшыларымен кездесу. Диплом алды кәсіби тәжірбиеге қорытынды жасау



бет10/11
Дата25.04.2022
өлшемі4.74 Mb.
#456761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
КІРІСПЕ

3.1. «Арай» шұжық цех басшыларымен кездесу. Диплом алды кәсіби тәжірбиеге қорытынды жасау.
Кәсіби тәжірбие аяқталуына орай «Арай» шұжық цехының негізін қалаған және сол жерде осы уақытқа дейін басқарып келе жатқан басшылармен кездесу жасадық. Кесдесуде жалпы өндіріс орынынң жұмыс істеу қарқындылығы өндіріс орнын алудағы қиындықтарымен қатар өндірісті жүргізу шарттарымен таныстырып шықты. Цех басшысы С.Құлмаметовтың айтқан бір сөзінде: «Кез-келген іс сияқты алғашқы қадамдар оңай болған жоқ. Ол кезде цехта бар болғаны төрт-бес адам жұмыс істеген. Шынымды айтсам адам бірінші жылы цех зиянға жұмыс істеді, басқаша айтқанда, кейде тіпті шеберхананы ұстауға және жұмысшыларға жалақы төлеуге де пайда жетпеді. Барлық шығындарды өтеу үшін қарызға түсуге тура келді. Тек соңғы екі-үш айда бір пайда көре бастадық»-деді. Осы сөздерден кейін цехтың қаншалықты қиындықтардан өтіп, осылайша пайдаға шыққанын, жеке кәсіпкерліктің өзіндік машақатын және тек шыдамды, тәуекелшіл адамның ғана істей алатын жұмысы деген ой түйдік. С.Құламетовтың айтуынша қазіргі уақытта Қызылорда дүкендерінің сөрелерінде жатқан шұжық өнімдерінің жартысына жуығы «Арай» цехының өнімдері, себебі сапасымен және баға мен өнім сенімділігі ең басты назарда. Әрине бірден жоғары сапаға жетіу мүмкін емес, міне осы кезде дұрыс рецептура, сапалы шикізат және де тәжірбиесі мол технолог қажет. Міне осы себептіде цех жыл сайын Туркия елінен технолог мамандарын алдыртып олармен тікелей бір ай көлемінде жұмыс жасап отырған. Себебі, мыңдаған рецептура ішінен ең сәтті және көп шығынсыз шұжықты сонымен қатар әрбір процесттердің барлық құпиясы мен негізгі талаптарымен маңызды заңдылықтарын тек тәжірбиелі технолог біледі. Шұжық өте сезімтал өнім, егер белгілі бір процесі бұзылса шұжықтың барлық құрлымы түгелдей өзгеріске ұшырайды сондықтан бұл салада үлкен жауапкершілік қажет. Сапалы өнім сапалы шикізат екенін білеміз, ал цех басшылары ең басты шикізат көзін тек «Ақ барыс» мал бордақылау орнынан алады. Ал дәмдеуіштерді және шұжық қабын барлық ұсақ шикізаттарды Тараз, Түркістан, Шымкент қалаларынан алдыртады.

Қорытынды
Азық-түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр. Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл-күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет