Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі маңҒыстау аудандық білім бөлімі



бет3/11
Дата30.10.2022
өлшемі4.65 Mb.
#463620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
минерология және кристаллография

Кристаллография (гр. krіstallos – мұз, гр. grafo– жазу) – кристалдар мен кристалл заттар туралы ғылым. Ол кристалл заттардың құрамы мен құрылысын, пішінін, қасиеттерін, олардың өзара және сыртқы ортамен байланысын және кристалдық күйін зерттейді. Геометриялық Кристаллография кристалл заттардың симметриясын, пішінін, кеңістік құрылысының геометриялық заңдылықтарын зерттейді. Физикалық Кристаллография кристалдардың қасиеттерін зерттейді. Химиялық кристаллография кристалл заттарды құрамымен байланысты қарастырады. Қазіргі кезде химия және физика ғылымдары аралығындағы кристаллографияның салалары жеке ілім – кристаллохимия, кристаллофизика ретінде қарқынды дамуда.
Кристаллография тәсілдерін белоктар мен нуклеин қышқылдарын зерттеуде қолдану молекулалық биологияның дамуына күшті әсер етті. Кристалдардың пайда болуы және олардың өсу ерекшеліктерін зерттеу Кристаллографияның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мұнда кристалдардың өзін қоршаған ортамен өзара әсерін, атом-молекулалық құрылымы мен қасиеттерінің анизотроптығын ескере отырып, беттік құбылыстардың, фазалық өзгерулердің заңдылықтарын және термодинамикалық жалпы принциптері пайдаланылады.
ХVІІІ ғасырдан бастап кристалл деп табиғи көп қырлы пішінді барлық денелерді атай бастады. Қазіргі кезде кристалл деп табиғи немесе зертханалық жағдайларда тегіс қырлы және түзу сызыќты қабырғалары бар дөңес көп жақтар түрінде өсірілетін қатты денелерді айтады.
Табиғи кристалдардың симметриясы және сыртқы пішінінің дұрыс болуы кристалдардың ерекшелігі болып саналады, бірақ міндетті емес. Зертханалық жасанды өсірілетін кристалдарда сыртқы көп қырлы бір қалыпты пішін болмауы да мүмкін, бірақ, бұл кезде бәрібір кристалл зат қасиеттері мен құрылым симметриясы сақталады.
Тастар, металдар, тау жыныстарының талшықтары, сияқты күрделі объектілердің заңды ішкі құрылымы болады.
Табиғи кристалдар өлшемдері әр алуан болады: олар микроскоптықтан (массасы (каратпен) өлшенеді) басталып, алып (бірнеше тонна) - гипс, мұз, слюда, кальцид кристалдары және т.б. болуы мүмкін. Мұндай монокристалдар сирек кездеседі, бірақ кристалдық түзушілер айналада өте көп, оған металдар мен қорытпалар, көптеген тау жыныстары мен минералдар, шөгінді жыныстар (құм, балшық және т.б.) құрылыс материалдары және т.б. жатады.
Кристалдар дегеніміз – құрамындағы атомдары мен молекулалары белгілі бір геометриялық пішінде орналасатын минералдар. Әдетте минерал кристалдары көпжақты пішіндер түзеді. Геометриялық пішініне қарай: куб ( текше ) тектес, тетрагональ, гексагональ, ромб, моноклинді кристалдар. Бұл пішіндердің біршама тегіс жазықтықтары "Кристалл жақтары" деп аталса, сол жақтардың бір - бірімен шендесу сызықгары "Кристалл қырлары" деген атауға ие. Кристалл ерітінділер мен балқымалар есебінен немесе заттардың газсығымдалу және қатты күйінде қайтадан кристалдану процестері нәтижесінде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет