Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі маңҒыстау аудандық білім бөлімі


ІІ.4. Кен құрамында кездесетін минералдардың кристалдық бейнесі Псиломелан



бет8/11
Дата30.10.2022
өлшемі4.65 Mb.
#463620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
минерология және кристаллография

ІІ.4. Кен құрамында кездесетін минералдардың кристалдық бейнесі Псиломелан Грекше псилос — қасқа , мелас — қара деген сөз («шыны қара бас» десе де болады).
Кристалдық бейнесі. Әдетте кристалы ерітіндіден жиналған іркінді формаларда қабат - қабат зоналы құрылыста немесе жұқа кристалдық агрегаттарда байқалады. Кристалл түрі тек шлифтерде микроскоппен анықталынады. Сонымен қатар оның кристалдары шар тәрізді домалақ түрде де таралған (оолиттер және конкрециялар). Дендрит түрінде құрылғандары да көп кездеседі.
Пиролюзит (грек. pyr — от, luo — жуамын), полианит — тотықтар класының минералы. Түсі қара, сұр, жартылай металдық жылтыры бар, морт, жартылай өткізгіш.
Кристалдық құрылысы рутилдің структурасына ұқсас. Кристалдары тек қуыстарда ғана сирек кездеседі. Олардың бейнесі инелі немесе таяқ тәрізді. Әдетте пиролюзит тұтас кристалдық немесе жасырынды кристалдық , көбінесе ұнтақ күйе тәрізді массалар түрінде болады. Кейде псиломеланның бүйрек тәрізді агрегаттарының формасында псевдоморфоздарда және конкреция (қабарма ) түрінде кездеседі. Тусі қара сұр, қара , сызық дағы қара, жылтырлығы шала металл тәріздес.
Дала шпаттары - К, N8, Са алюмосиликаттарының изоморфты қоспалары кальций мен натрийдің, калий мен натрийдің, калий мен барийдің қаңқалы алюмосиликаттары. Плагиоклаздар, сілтілі дала шпаттары және біршама сирек барий дала шпаттары болып сараланады. Кристалдар, түйірлі агрегаттар, сеппелер және тағы басқа түзеді. Жер қыртысы массасының шамамен 50%-ын құрайды. Дала шпаттарын құрайтын минералдар тобы үш ұдай жүйеге жіктеледі: катион ролін натрий атқаратын дала шпаттары альбит [N3(AlSi3O8)], калий атқаратын дала шпаттары — калийлі дала шпаттары (ортоклаз, микроклин, сандин) [К(AlSi3O8)], ал кальций атқаратын дала шпаттары анортит [Са(AlSi3O8)] деп аталады; альбит пен калийлі дала шпаттары аралығындағы минералдар сілтілі дала шпаттары деп аталса, альбит пен анорит аралығындағылары плагиоклаздар деген атауға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет